"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Қаратомар селосы көшелеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астраханка ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 16 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астраханка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 шілдеде № 4857 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14- бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астрахан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Қаратомар селосы көшелеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астраханка ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 16 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 12 қазандағы № 1900 тіркелген, 2012 жылғы 18 қазанда аудандық "Колос" және "Ақайың" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      қазақ тіліндегі тақырыбында, мәтінінде және шешімнің қосымшасында "селосы", "селолық", "селосының" сөздері "ауылы", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі тақырыбы, мәтәні және шешімнің қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкімінің м.а Т.Кокорская

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Солтүстік Қазақстан облысы

      Аққайың ауданы әкімдігінің

      мәдениет және тілдерді дамыту

      бөлімі" коммуналдық мемлекеттік

      мекемесініңбасшысы

      ___________________ О. Плищенко

      2018 жылғы "11" шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Солтүстік Қазақстан облысы

      Аққайың ауданы әкімдігінің сәулет,

      құрылыс, тұрғын үй-

      коммуналдықшаруашылығы,

      жолаушылар көлігі және

      автомобиль жолдары бөлімі"

      коммуналдықмемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      ______________________Б. Омаров

      2018 жылғы "11" шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады