"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Григорьевка селолық округі Григорьевка селосының көшелеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Григорьевка селолық округі әкімінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 20 тамыздағы № 26 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 тамызда № 4886 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Григорьевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Григорьевка селолық округі Григорьевка селосының көшелеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Григорьевка селолық округі әкімінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 9 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1925 тіркелген, 2012 жылғы 15 қарашасында аудандық "Колос" және "Аққайың" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің мемлекеттік тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селосы", "селолық", "селосының" сөздері тиісінше "ауылы", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің орыс тіліндегі деректемелері мен мәтіні, сонымен қатар қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Григорьевка ауылдық
округінің әкімі
Ә. Мәкенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Аққайың ауданы әкімдігінің

      мәдениет және тілдерді дамыту

      бөлім" коммуналдық мемлекеттік

      мекемесі басшысы

      ________________ О. Плищенко

      2018 жыл "20" тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Аққайың ауданы әкімдігінің

      сәулет, құрылыс, тұрғын

      үй-коммуналдық шаруашылығы,

      жолаушылар көлігі және

      автомобиль жолдары бөлімі"

      коммуналдық мемлекеттік

      мекемесі басшысының міндетін

      атқарушы

      _________________Б.Омаров

      2018 жыл "20" тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады