"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Южное селосы көшелеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі №18 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 10 шілдедегі № 9 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 шілдеде № 4860 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Южное селосы көшелеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 18 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 16 қазанда №1906 тіркелінді, 2012 жылғы 29 қазанда аудандық "Аққайың", "Колос" газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      қазақ тіліндегі тақырыбында, шешімнің мәтінінде, шешімнің қосымшасында "селосы", "селосының" сөздері "ауылы", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі шешімнің мәтінінде, шешімнің қосымшасында "аульного" сөзі "сельского" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Г. Добромирова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Солтүстік Қазақстан облысы

      Аққайың ауданы әкімдігінің

      мәдениет және тілдерді дамыту

      бөлімі" коммуналдық мемлекеттік

      мекемесініңбасшысы

      ___________________ О. Плищенко

      2018 жылғы "10" шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Солтүстік Қазақстан облысы

      Аққайың ауданы әкімдігінің сәулет,

      құрылыс, тұрғын үй-

      коммуналдықшаруашылығы,

      жолаушылар көлігі және

      автомобиль жолдары бөлімі"

      коммуналдықмемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      ______________________Б. Омаров

      2018 жылғы "10" шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады