"Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2018 жылғы 5 ақпандағы № 19-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2018 жылғы 16 мамырдағы № 24-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 маусымда № 4743 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2018 жылғы 5 ақпандағы № 19-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4575 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 2 наурызда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімінің 5 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

      "5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2019 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енетін 3-тармағын қоспағанда.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
XХІV сессиясының төрайымы
А. Нұрмағанбетова
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
хатшысы
Е. Әділбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады