Cолтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында ауылдық округтері және Булаев қаласы әкімдеріне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 95 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 сәуірде № 4685 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 09.07.2021 № 168 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағына, 28-бабы 4, 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 36-1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында ауылдық округтер және Булаев қаласы әкімдеріне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 1-қосымшаға сәйкес орын белгіленсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында ауылдық округтер және Булаев қаласы әкімдеріне кандидаттарға таңдаушылармен кездесулерін өткізу үшін шарттық негізде 2-қосымшаға сәйкес үй-жай ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының басшысы С.И. Мақұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мағжан Жұмабаев ауданы
      әкімінің міндет атқарушы Ж.Есдәулетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Мағжан Жұмабаев аудандық

      сайлау комиссиясының

      төрағасы В.А.Фиц ________

      2018 жылғы "23" сәуір

  Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
әкімдігінің 2018 жылғы "23"
сәуірдегі № 95 қаулысына
1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында ауылдық округтер және Булаев қаласы әкімдеріне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орын

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орын

1

Булаев қаласы

Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 45 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің "Халық өнерпаздарының шығармашылығы және бос уақыт қызметі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ғимаратына іргелес аумақтағы ақпараттық стенд

  Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
әкімдігінің 2018 жылғы "23"
сәуірдегі № 95 қаулысына
2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында ауылдық округтер және Булаев қаласының әкімдеріне кандидаттарға таңдаушылармен кездесулерін өткізу үшін ұсынылған үй-жай

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Кездесулер өткізу орны

1

Булаев қаласы

Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Буденный көшесі, 10 "№ 2 Булаев орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады