"Тайынша ауданы Летовочный селолық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Летовочный ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 5 тамыздағы №5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Летовочный ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 шілдеде № 4816 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Тайынша ауданы Летовочный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тайынша ауданы Летовочный селолық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Летовочный ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 5 тамыздағы № 5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №13-11-188 тіркелді, 2010 жылғы 27 тамызда "Тайынша Таңы" газетінде және 2010 жылғы 27 тамызда "Тайыншинские вести" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешiмнің қазақ тіліндегі тақырыбында және мәтіні бойынша, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің орыс тіліндегі тақырыбы және мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Молдиярова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады