"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында ауылдык округ әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орынды белгілеу және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 147 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 36 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 наурызда № 4595 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 77 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 12.04.2021 № 77 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында ауылдык округ әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орынды белгілеу және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 147 қаулысына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2017 жылғы 31 шілдеде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4271 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағына, 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:".

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Тимирязев ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тимирязев ауданы
      әкiмiнің міндетін атқарушы А. Ысқақов
      "КЕЛIСIЛДІ"
      Тимирязев аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы Ж. Мәкенова
      2018 жыл 01 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады