Байланыс формасы

2018 жылға пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 шілдедегі № 146 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 шілдеде № 4840 болып тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабы 7) тармақшасына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығымен бекітілген, Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының 6 тармағына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде әкімдіктің осы қаулысының көшірмесін қағаз және электронды түрінде қазақша және орысша тілінде Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан өңірлік құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауына және Қазақстан Республикасының Нормативті құқықтық актілер эталондық бақылау банкіне қосуға;

      3) Осы қаулыны ресми жариялауынан кейін "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет ресурсында орналастыру.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н.Есімов

      "КЕЛІСІЛДІ" :

      "ТНС-2020" жауапкершілігі

      шектеулі серіктестігі директоры

      __________________ Т.Аубакиров

      "10" __шілде___ 2018 ж.

  Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігі қаулысына қосымша 2018 жылғы "10" шілдедегі № 146

2018 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйым атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота пайызы

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

"ТНС-2020" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)

350

1%

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады