Атырау облысы Құрманғазы ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 40 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 197-VI бірлескен шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 сәуірде № 4087 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27, 37-баптарына, облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес, Атырау облысы Құрманғазы ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша, Ганюшкин және Киров ауылдық округтер, Ганюшкин және Дәшін ауылдары халқының пікірлерін ескере отырып, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХХІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау облысы Құрманғазы ауданының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктері:

      1) Ганюшкин ауылдық округінің Ганюшкин ауылы - Құрманғазы ауылына;

      2) Ганюшкин ауылдық округі - Құрманғазы ауылдық округіне;

      3) Киров ауылдық округінің Дәшін ауылы - Хиуаз ауылына;

      4) Киров ауылдық округі - Жаңаталап ауылдық округі болып қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Н. Сайлауоваға және Атырау облыстық мәслихаттың депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы А. Абдоловқа жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев
      Сессия төрағасы А. Талтенов
      Мәслихат хатшысы Ө. Зинуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады