Атырау қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 287 бірлескен қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 қарашадағы № 258-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 желтоқсанда № 4289 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 және 27-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 10 шілдедегі және 2018 жылғы 14 қыркүйектегі қорытындылары негізінде Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезектен тыс XXVІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Нұрсая шағын ауданындағы № 1 көшеге – Ақбаян атауы;

      2) Нұрсая шағын ауданындағы № 2 көшеге – Күншуақ атауы;

      3) Нұрсая шағын ауданындағы № 4 көшеге – Үшқоңыр атауы;

      4) Нұрсая шағын ауданындағы № 11 көшеге – Елорда даңғылы;

      5) Нұрсая шағын ауданындағы № 14 көшеге – Таумұш Жұмағалиев есімі;

      6) Атырау шағын ауданындағы № 1 көшеге – Латиф Хамиди есімі;

      7) Атырау шағын ауданындағы № 17 көшеге – Мұстафа Шоқай есімі;

      8) Атырау шағын ауданындағы № 18 көшеге – Алтынемел атауы;

      9) Атырау шағын ауданындағы № 34 көшеге – Байқоңыр атауы;

      10) Атырау шағын ауданындағы № 41 көшеге – Махмұд Қашқари есімі;

      11) Атырау шағын ауданындағы № 42 көшеге – Тарбағатай атауы;

      12) Атырау шағын ауданындағы № 62 көшеге – Ақжайлау атауы;

      13) Атырау шағын ауданындағы № 63 көшеге – Жолашар атауы;

      14) Атырау шағын ауданындағы № 64 көшеге – Қызғалдақ атауы;

      15) Лесхоз шағын ауданындағы № 1 көшеге – Шұрайлы атауы;

      16) Лесхоз шағын ауданындағы № 2 көшеге – Жас дәурен атауы;

      17) Лесхоз шағын ауданындағы № 3 көшеге – Бақдәулет атауы;

      18) Лесхоз шағын ауданындағы № 4 көшеге – Әбілхан Қастеев есімі;

      19) Лесхоз шағын ауданындағы № 5 көшеге– Ғабит Мүсірепов есімі;

      20) Лесхоз шағын ауданындағы № 6 көшеге – Роза Бағланова есімі;

      21) Лесхоз шағын ауданындағы № 7 көшеге – Ұлытау атауы;

      22) Самал шағын ауданындағы № 2 көшеге – Хақназар хан есімі;

      23) Самал шағын ауданындағы № 3 көшеге – Қожаберген жырау есімі;

      24) Самал шағын ауданындағы № 5 көшеге – Нұрлы жол атауы;

      25) Сарықамыс шағын ауданындағы № 1 көшеге – Лашын атауы;

      26) Сарықамыс шағын ауданындағы № 2 көшеге – Алтыбақан атауы;

      27) Сарықамыс шағын ауданындағы № 3 көшеге – Аққайың атауы.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Н. Сайлауоваға және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А. Абдоловқа жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев
      Сессия төрайымы Н. Әйтиева
      Мәслихат хатшысы Ө. Зинуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады