Шымкент қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 28/239-6с шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 15 маусымда № 4633 болып тiркелдi. Күші жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/629-6с шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 14.09.2020 № 69/629-6с шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509 бабының 5 тармағына, 704 бабының 3 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Шымкент қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін он есеге жоғарылатылсын.

      2. Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 3 мамырдағы № 2/21-6с "Шымкент қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3752 тіркелген, 2016 жылғы 08 маусымдағы "Шымкент келбеті" газетінде және 2016 жылғы 14 маусымдағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3 Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы Х.Ахматханов
      Қалалық мәслихат
      хатшысы Н.Бекназаров

О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения на территории города Шымкент

Решение Шымкентского городского маслихата Южно-Казахстанской области от 29 мая 2018 года № 28/239-6с. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 15 июня 2018 года № 4633. Утратило силу решением маслихата города Шымкент от 14 сентября 2020 года № 69/629-6с

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Шымкент от 14.09.2020 № 69/629-6с (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 509, пунктом 3 статьи 704 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Повысить базовые ставки земельного налога и ставки единого земельного налога в десять раз на не используемые земли сельскохозяйственного назначения на территории города Шымкент в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан.

      2. Признать утратившим силу решение Шымкентского городского маслихата от 03 мая 2016 года № 2/21-6с "О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли селькохозяйственного назначения на территории города Шымкент". (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3752, опубликовано 08 июня 2016 года в газете "Панорама Шымкент" и в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 14 июня 2016 года).

      3 Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дня после официального опубликования.

      Председатель сессии
      городского маслихата Х. Ахматханов
      Секретарь городского
      маслихата Н. Бекназаров