Арыс қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Арыс қаласы әкімінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 10 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қарашада № 4770 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкімінің 2021 жылғы 2 шілдедегі № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкімінің 02.07.2021 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 23 бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2-тармағына сәйкес Арыс қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арыс қаласы аумағында сайлауды ұйымдастыру және өткізу үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

      2. Арыс қаласы әкімінің 2016 жылғы 21қаңтардағы № 1 "Сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3553 тіркелген, 2016 жылғы 26 қаңтардағы "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Арыс қаласы "Әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiпте:

      1) осы шешiмнiң аумақтық әдiлет органында мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы әкiм шешiмi мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшiрмесiн қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тiлдерiнде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгiзу үшiн жолданылуын;

      3) осы шешiм мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшiрмесiн Арыс қаласының аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейiн осы шешiмдi Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсiн.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Т.Анашбековке жүктелсін.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы Е.Ақтаев

  Арыс қаласы әкімінің
"2" қараша 2018 жылғы
№ 10 шешіміне қосымша

Арыс қаласындағы сайлау учаскелері № 1 сайлау учаскесі

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С.Қожанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Әл-Фараби көшесі № 1.

      Шекарасы: А.Абдразақов көшесіндегі № 47, № 49 үйлер, И.Ақынбеков көшесіндегі № 84-142, 71-125 үйлер, Әл-Фараби көшесіндегі № 2, 4, 6 үйлер, МПС-тің № 1-10 үйлер, Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі № 35-85, 66-118 үйлер, Б.Елшінбеков көшесіндегі үйлер, А.Борықбаев көшесіндегі № 1-12 үйлер, О.Байдаулетов көшесіндегі Т.Бағов және Кенбаев көшелері аралығындағы үйлер, Жеңіс, М.Бастарбеков, М.Жүсіпқожа, С.Кенбаев, Е.Шерімов, Астана, Думан, Ә.Ержанов, Ақалтын, Т.Бағов, Арасан көшесіндегі үйлер.

      № 2 сайлау учаскесі

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, М.Әуезов көшесі № 25.

      Шекарасы: Т.Тәжібаев көшесіндегі № 68-94 үйлер, М.Жұмабаев көшесіндегі № 40-134, 37-99 үйлер, И.Ақынбеков көшесіндегі № 38-82, 25-69 үйлер, Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі № 18-64, 13-37 үйлер, Мұсабек батыр көшесіндегі № 15-29, 38-64 үйлер, М.Әуезов көшесіндегі № 14-16, 19-43 үйлер, Н.Мырзашев көшесіндегі № 37-59, № 60-82 үйлер, А.Борықбаев көшесіндегі № 12-32 үйлер, Қ.Жұмжаев көшесіндегі № 1-11 үйлер, К.Отаров көшесіндегі № 13, 15, 17 үйлер, МПС-тің № 10-27, 31, 39, 40, 41, 44, 63, 64, 65, 66, 67, 68 үйлер, Жастар үйі, Сапақ би көшесіндегі № 1-27 үйлер.

      № 3 сайлау учаскесі

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 376 бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, И.Ақынбеков көшесі № 39 үй.

      Шекарасы: М.Жұмабаев көшесіндегі № 1-14 үйлер, Амангелді көшесіндегі № 1-34 үйлер, А.Байтұрсынов көшесіндегі № 1-39 үйлер, Қ.Дулатбаев көшесіндегі 36-72 үйлер, ІІ-Арыстағы МПС-тің 12 үйі, З.Тойбекова көшесіндегі № 32-64 үйлер, Майлы қожа көшесіндегі № 100-112 үйлер, И.Ақынбеков көшесіндегі № 1-14 үйлер.

      № 4 сайлау учаскесі

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, А.Байтұрсынов көшесі № 141.

      Шекарасы: А.Абдразақов көшесіндегі № 1-37, 2-34 үйлер, 36, 44, 45, 46 көпқабатты үйлер, М.Жұмабаев көшесіндегі № 133-135, 136-160 үйлер, Амангелді көшесіндегі № 32-116, 41-133 үйлер, А.Байтұрсынов көшесіндегі Әл-Фараби және Қ.Дулатбаев көшелері аралығындағы үйлер, Т.Тәжібаев көшесіндегі № 8-31 үйлер, Н.Мырзашев көшесіндегі № 19-37, 42-56 үйлер, М.Әуезов көшесіндегі № 1-4 үйлер, Т.Рысқұлов көшесіндегі № 31-55 үйлер, К.Отаров көшесіндегі № 7-10 үйлер, Әл-Фараби көшесіндегі № 5-7 үйлер, О.Бекбауов, Абат, Парасат Ұ.Оразалиева, Егемендік көшесіндегі үйлер, Қ.Жансариев көшесіндегі № 1-15, 2-18 үйлер.

      № 5 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысы білім басқармасының "№ 17 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, Дулатов көшесі № 97.

      Шекарасы: Ергөбек, М.Дулатов көшесіндегі үйлер, Ж.Аймауытов көшесінің тақ жағындағы үйлер, З.Тойбеков көшесіндегі № 18-23 үйлер, Майлы қожа көшесіндегі № 34-52, 31-53 үйлер, Қ.Дулатбаев көшесіндегі № 26-40, 27-33 үйлер, Т.Тәжібаев көшесіндегі № 32-52, 35-57 үйлер, Т.Орынбаев көшесіндегі № 23 үй, Т.Рысқұлов көшесіндегі № 27-35 үйлер, К.Отаров көшесіндегі № 9-11 үйлер, Н.Мырзашев көшесіндегі № 21-23, 28-44 үйлер, Қ.Мүсірепов көшесіндегі № 8-22 үйлер.

      № 6 сайлау учаскесі

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 2 бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, О.Байдаулетов көшесі № 1.

      Шекарасы: Ш.Елетов, А.Оразбаева, С.Ерубаев, Аманжар, А.Тілеубердин, Жаманқара батыр, Ш.Кенжеханов, Саяжай, О.Байдаулетов, М.Назаров, Сапарбай болыс көшелеріндегі үйлер, Төле би көшесіндегі Д.Қонаев даңғылы және О.Байдаулетов көшесі аралығындағы үйлер, Алатау батыр мөлтек ауданындағы үйлер, Қ.Жансариев көшесіндегі № 17-33 үйлер.

      № 7 сайлау учаскесі

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ә.Жангелдин атындағы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ә.Салықбаев көшесі № 33.

      Шекарасы: Ж.Аймауытов көшесінің жұп жағындағы үйлер, Г.Ибрагимов, Ш.Қалдаяқов көшесіндегі үйлер, З.Тойбекова көшесіндегі №1-15 үйлер, Қ.Дулатбаев көшесіндегі № 10-23 үйлер, Т.Тәжібаев көшесіндегі № 27-31 үйлер, Н.Мырзашев көшесіндегі № 12-22 үйлер, Т.Орынбаев көшесіндегі № 13-32 үйлер, Т.Рысқұлов көшесіндегі № 1-22 үйлер, К.Отаров көшесіндегі № 25 үй, Қ.Мүсірепов көшесіндегі № 2 үй, Майлы қожа көшесіндегі № 15-30 үйлер.

      № 8 сайлау учаскесі

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ә.Салықбаев көшесі №23.

      Шекарасы: Төле би көшесіндегі № 1-201, 2-96 үйлер, Ә.Салықбаев көшесіндегі үйлер, Қазыбек би көшесінің тақ жағындағы үйлер, Әйтеке би көшесіндегі № 11, 61, 78, 80, үйлер, Н.Мырзашев көшесіндегі № 1-6 үйлер, Т.Орынбаев көшесіндегі № 1-22 үйлер, Т.Рысқұлов көшесіндегі № 1-13, 2-12 үйлер, Қ.Мүсірепов көшесіндегі № 1-2 үйлер, Ә.Ақмұрзаев көшесіндегі № 47, 54, 56 үйлер, Қ.Дулатбаев көшесіндегі № 4, 5, 6, 8 үйлер.

      № 9 сайлау учаскесі

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 8 В.Комаров атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сыныптарының оқу корпусы, Әділбек би көшесі № 1.

      Шекарасы: Қазыбек би көшесінің жұп жағындағы үйлер, Әйтеке би көшесіндегі № 2, 26, 27, 28, 41, 48, 66, 167 үйлер, Әділбек би, Жаппарқұлов, С.Байжанов, М.Битөреев, И.Тайманұлы көшелеріндегі үйлер, Т.Арынбаев көшесіндегі № 7-20 үйлер, Ә.Ақмұрзаев көшесіндегі № 1-37 үйлер.

      № 10 сайлау учаскесі

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 8 В.Комаров атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Әділбек би көшесі № 1.

      Шекарасы: Әйтеке би көшесіндегі № 1-175 үйлер, МПС Арыс-I көшесіндегі № 1-233 үйлер, Қалау Датқа мөлтек ауданындағы үйлер.

      № 11 сайлау учаскесі

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 1 Ережепбай Молдабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, А.Ешназаров көшесі № 49А.

      Шекарасы: Ә.Мадалиев, А.Ешназаров, Ш.Егембердиев, М.Досқараев, Әужан болыс Әшірұлы, Қазақстан, Т.Исмайлов көшелеріндегі, Оңтүстік мөлтек ауданындағы үйлер.

      № 12 сайлау учаскесі

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балдырған" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, Ө.Жәнібеков көшесі, № 1Б.

      Шекарасы: Б.Онтаев, К,Омаров, Қабылсай, Н.Исмаилов, Ә.Балғынбеков, Ө.Жәнібеков, С.Юсупов, Б.Саттарханов, Ә.Жұмағұлов, Е.Ахметов көшелеріндегі үйлер, Т.Арынбаев көшесіндегі № 1-6 үйлер.

      № 13 сайлау учаскесі

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ж.Әсілбеков көшесі № 4.

      Шекарасы: Ж.Әсілбеков, Б.Отарбеков, М.Мақатаев, К.Байсейітова, Шпал зауыты, М.Исламқұлов көшелеріндегі, Отырар, Талдықұдық мөлтек ауданындағы үйлер.

      № 14 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Astana Railway Services" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Арыс вагон жөңдеу депосы" филиалы, Ш.Зілғараев көшесі, № 1.

      Шекарасы: Достық, Ө.Азизаев, Б.Шойтасов, К.Дербісбеков, Ө.Сарбасов, Шаттық, Ынтымақ, Бірлік, Д.Нұрпейісова, Н.Ілиясов, Шапағат, Теміржолшы, Ш.Зілғараев көшесіндегі үйлер. Сырдария елді мекеніндегі Ы.Алтынсарин көшесіндегі үйлер, Т.Рысқұлов көшесіндегі № 1-21, 2-20, Ж.Аймауытов көшесіндегі № 1-19,2-20, Ш.Құдайберді көшесіндегі № 1-23, 2-26, Ш.Уалиханов көшесіндегі № 1-33, 2-32, Ә.Жангелдин көшесіндегі № 1-37, 2-36, А.Байтұрсынов көшесіндегі № 1-15, 2-16 үйлер.

      № 15 сайлау учаскесі

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 372 бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, П.Арапов көшесі № 1.

      Шекарасы: П.Арапов, Б.Момышұлы, Алматы, А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, Ақдала, М.Оңғарбеков, Ж.Жабаев, А.Тоқмағамбетов, К.Садықов, Қ.Қаназаров, Т.Маметов, А.Қожанов, Ә.Момынов, Е.Орманов, Ғ.Мұстафин көшелеріндегі, Бейбітшілік орамындағы, Наурыз мөлтек ауданындағы үйлер.

      № 16 сайлау учаскесі

      Орталығы: Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "И.Журба атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Көктем-2 мөлтек ауданы, № 1 көшесі № 2.

      Шекарасы: Көктем, Көктем-2 мөлтек ауданындағы үйлер, әскери гарнизон аумағындағы үйлер.

      № 17 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақдала ауылдық округі, Онтам ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "МТФ шағын жинақты бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Беткей көшесі № 23 үй.

      Шекарасы: Тараз мөлтек ауданы мен Онтам елді мекеніндегі үйлер.

      № 18 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қожатоғай ауылдық округі, Сырдария ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С.Адамбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, С.Сейфуллин көшесі № 1Б.

      Шекарасы: Сырдария елді мекеніндегі Б.Шүкірбеков көшесіндегі № 1-41, 2-42, Т.Бигелдинов көшесіндегі № 1-15, 2-16, К.Бекжанұлы көшесіндегі № 1-23, 2-24, С.Әлімбетов көшесіндегі № 1-55, 2-56, М.Маметова көшесіндегі № 1-21, 2-20, Қ.Шпекұлы көшесіндегі № 1-47, 2-48, Жібек жолы көшесіндегі № 1-9, 2-10, Маханбеткерім көшесіндегі № 1-19, 2-18, Т.Рыскұлов көшесіндегі № 23-61, 22-60, Ж.Аймауытов көшесіндегі № 21-53, 22-52, Т.Аубакиров көшесіндегі № 13-45, 12-44, Н.Ақылбеков көшесіндегі № 1-31, 2-32, Тараз көшесіндегі № 1-33, 2-34, Абай көшесіндегі № 1-3, 2-14, Қажымұхан көшесіндегі № 1-27, 2-28, С.Сейфуллин көшесіндегі № 1-53, 2-54, А.Кұлжабаев көшесіндегі № 1-39, 2-40, А.Байтұрсынов көшесіндегі № 17-53, 18-52 үйлер.

      № 19 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қожатоғай ауылдық округі, Шөгірлі ауылы, Арыс қаласының Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "А.Макаренко атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ә.Салықбаев көшесі № 22.

      Шекарасы: Шөгірлі елді мекеніндегі үйлер.

      № 20 сайлау учаскесі

      Орталығы: Монтайтас ауылдық округі, Монтайтас ауылы, Арыс қаласының "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Ауылдық клубы, Б.Онтаев көшесі, № 6.

      Шекарасы: Монтайтас, Қожатоғай елді мекендеріндегі үйлер.

      № 21 сайлау учаскесі

      Орталығы: Монтайтас ауылдық округі, Шағыр ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "А.Тілеубердин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жайлау көшесі № 49А.

      Шекарасы: Шағыр, Тоғансай елді мекендеріндегі үйлер.

      № 22 сайлау учаскесі

      Орталығы: Монтайтас ауылдық округі, Қабылсай ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қабылсай жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қазақстан көшесі № 43.

      Шекарасы: Қабылсай, Ақтас, Бақырша, № 42 разъезд елді мекендеріндегі үйлер.

      № 23 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақдала ауылдық округі, Ақдала ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С.Ерубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ә.Салықбаев көшесі № 22.

      Шекарасы: Ақдала, П.Арапов, Ақын-Жақып, Тақыркөл, Тоғайлы елді мекендеріндегі үйлер.

      № 24 сайлау учаскесі

      Орталығы: Дермене ауылдық округі, Дермене ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ж.Ташенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Өркенді көшесі № 3.

      Шекарасы: Дермене елді мекеніндегі үйлер.

      № 25 сайлау учаскесі

      Орталығы: Дермене ауылдық округі, Қаражантақ ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Аламан көшесі № 11А.

      Шекарасы: Қаражантақ елді мекеніндегі үйлер.

      № 26 сайлау учаскесі

      Орталығы: Дермене ауылдық округі, Саналы ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаражантақ жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ақниет көшесі № 9.

      Шекарасы: Саналы, Екпінді елді мекендеріндегі үйлер.

      № 27 сайлау учаскесі

      Орталығы: Дермене ауылдық округі, Теміржолшы ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Теміржолшы" шағын жинақты бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Асар көшесі № 5.

      Шекарасы: Теміржолшы, № 40 разъезд, Орманды елді мекендеріндегі үйлер.

      № 28 сайлау учаскесі

      Орталығы: Байырқұм ауылдық округі, Байырқұм ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Шаханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Тұрғанбайұлы көшесі № 32.

      Шекарасы: Байырқұм елді мекеніндегі үйлер.

      № 29 сайлау учаскесі

      Орталығы: Байырқұм ауылдық округі, Көкжиде ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, М.Мәметова көшесі № 22.

      Шекарасы: Көкжиде, Жосалы елді мекендеріндегі үйлер.

      № 30 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жиделі ауылдық округі, Аққала ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Аққала жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Р.Сарсенов № 12.

      Шекарасы: Аққала елді мекеніндегі үйлер.

      № 31 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жиделі ауылдық округі, Жиделі ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жиделі жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Амангелді көшесі № 8.

      Шекарасы: Жиделі елді мекеніндегі үйлер.

      № 32 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қожатоғай ауылдық округі, Бұлақ ауылы, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Арыс аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының "Қожатоғай" дәрігерлік амбулаториясының "Бұлақ" медициналық тірегі.

      Шекарасы: Дарбаза, Бұлақ елді мекендеріндегі үйлер.

      № 33 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қожатоғай ауылдық округі, Байтоғай ауылы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Байтогай көшесі № 1.

      Шекарасы: Байтоғай елді мекеніндегі үйлер.

      № 34 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қожатоғай ауылдық округі, Қожатоғай ауылы, Арыс қаласының "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Ауылдық Мәдениет үйі, Майлықожа көшесі № 13.

      Шекарасы: Қожатоғай елді мекеніндегі үйлер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады