"Өскемен қаласындағы Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 3 шілдедегі № 163 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 24 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 ақпанда № 5493 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданындағы "Железобетонный комбинат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен сұралып отырған "Құм-қиыршықтас-қойтас қоспалы қиыршықтас кен орындарын өнеркәсіптік игеру" учаскесінде су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жобасын түзету" жобасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өскемен қаласындағы Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 3 шілдедегі № 163 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2448, 2007 жылғы 7 тамыздағы № 94-95 (15846) "Дидар", 2007 жылғы 7 тамыздағы № 118 (18356) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулыға 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

 
4

Глубокое ауданының аумағындағы Үлбі өзенінің Каменный Карьер кентінен бастап Ертіс өзенінің ойысына дейінгі оң және солжағалаулар

 
15,49

 
1617,42

 
400-1600

 
19,07

 
842,76

 
30-500

      ";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген "Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің темір жол көпірінен бастап Новоявленка ауылына дейінгі солжағалау учаскесіндегі су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары", "Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің оң жағалауы мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін белгілеу- Ертіс өзенінің Өскемен ГЭС-інен бастап жаңа автомобиль көпіріне дейінгі учаскесіндегі оң жағалауы (Пограничная көшесінің тұстамасында), - Үлбі өзенінің Каменный Карьер кентінен бастап Ертіс өзенінің ойысына дейінгі оң және сол жағалаулары", "Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданындағы "Железобетонный комбинат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен сұралып отырған "Құм-қиыршықтас-қойтас қоспалы қиыршықтас кен орындарын өнеркәсіптік игеру" учаскесінде су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жобасын түзету" жобаларының картографиялық материалында көрсетілген.".

      2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының
әкімі
Д. Ахметов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы
      Қоғамдық денсаулық сақтау
      департаментінің басшысы
      ______________ Ғ. Сүлейменов

      2018 жылғы "7" ақпан

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Ертіс
      бассейндік инспекциясы
      басшысының міндетін атқарушы
      ______________ Қ. Баймағамбетов

      2018 жылғы "8" ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады