"Арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 169 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 381 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 желтоқсанда № 5712 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 69 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 10.03.2020 № 69 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағына, "Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 462 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 17567) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 169 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4085, 2015 жылғы 18 тамызда "Дидар", 2015 жылғы 17 тамызда "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің:

      4-тармағы мынадай абзацпен толықтырылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады және Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      5-тармағындағы 1-іс-қимыл мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы және алдын ала жазылу журналына тіркеуі және оларды көрсетілетін қызметті берушінің мамандарына орындау үшін тапсыруы. Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады және Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды.";

      8-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы және алдын ала жазылу журналына тіркеуі және оларды көрсетілетін қызметті берушінің мамандарына орындау үшін тапсыруы. Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады және Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды.";

      мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында 1-іс-қимыл мынадай редакцияда жазылсын:

      "құжаттарын қабылдау, алдын ала жазылу журналына тіркеу және тапсыру немесе құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беру (15 минуттан аспайды).";

      аталған қаулымен бекітілген "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің:

      3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11047) бекітілген "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (әрі қарай – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес берілген нысан бойынша анықтаманы беру болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.";

      4-тармағы мынадай абзацпен толықтырылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      5-тармағындағы 1-іс-қимыл мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы және тіркеуі және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беруі. Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Орындалу ұзақтығы - 15 (он бес) минуттан аспайды.";

      8-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы және тіркеуі және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беруі. Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Орындалу ұзақтығы - 15 (он бес) минуттан аспайды.";

      мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында 1-іс-қимыл мынадай редакцияда жазылсын:

      "өтінішті және құжаттар топтамасын қабылдау, тіркеу немесе құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беру (15 минуттан аспайды).";

      аталған қаулымен бекітілген "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің:

      3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін нысанда), үйде жеке тегін оқыту туралы бұйрық.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.";

      4-тармағы мынадай абзацпен толықтырылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады және Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      5-тармағындағы 1-іс-қимыл мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттар топтамасын Стандарттың 9-тармағына сәйкес қабылдауы. Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады және Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды.";

      8-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттар топтамасын Стандарттың 9-тармағына сәйкес қабылдауы. Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады және Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды.";

      мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында 1-іс-қимыл мынадай редакцияда жазылсын:

      "өтініш және құжаттар топтамасын қабылдау немесе құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беру (15 минуттан аспайды).";

      аталған қаулымен бекітілген "Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің:

      4-тармағы мынадай абзацпен толықтырылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады және Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      5-тармағындағы 1-іс-қимыл мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттар топтамасын Стандарттың 9-тармағына сәйкес қабылдауы және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беруі. Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады және Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) минут.";

      8-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттар топтамасын Стандарттың 9-тармағына сәйкес қабылдауы және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беруі. Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады және Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) минут.";

      мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында 1-іс-қимыл мынадай редакцияда жазылсын:

      "өтінішті және құжаттар топтамасын қабылдау немесе құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беру 5 (бес) минут.";

      2. Облыстың білім басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады