Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2018 жылғы 10 сәуірде № 5-2-163 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің 2018 жылғы 26 шілдедегі № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің 26.07.2018 № 7 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына және Семей қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы отырысының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 2 хаттамасына сәйкес, Семей қаласының әкімі ШЕШТІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Семей қаласы әкімінің орынбасары Н. Н. Ушаков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылдың 29 наурызынан бастап пайда болған қатынастарға таралады.

      Семей қаласының әкімі Е. Сәлімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады