Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 539 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 15 ақпанда № 5483 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 941 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 28.01.2019 № 941 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 9-бабының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерде қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау мен енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығына" жіберуді;

      3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Курчатов қаласы әкімдігінің интернет-желісінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А. Ю. Глазинскийге жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Оңдақанов

  Курчатов қаласы әкімдігінің
2018 жылғы "26" қаңтардағы
№ 539 қаулысына қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орыналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 10.07.2018 № 758 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ р/н

Ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің атауы

Жұмыскерлер саны

Квота мөлшері (% ұйым жұмыскер-лерінің тізімдік санынан)

Жұмыс орындарының саны, адамдар

1

Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің "Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның құрылымдық бөлімдері

1626

1

16

2

"Балапан көлігі" Компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

424

1

4

3

Қазақстан Республикасының энергетика Министрлігінің "Геофизикалық зерттеулер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

363

1

4

4

"Курчатов Водоканал" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

138

1

1

5

Курчатов қаласы әкімдігінің "Курчатов көп салалы пайдалану кәсіпорны" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

129

1

1

6

Курчатов қаласы әкімдігінің "Журавушка" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны

63

1

1

7

"Курчатов қаласының № 2 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

73

1

1

8

"Курчатов қаласының № 3 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

92

1

1

9

"Курчатов қаласының № 4 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

80

1

1

10

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау Басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Курчатов қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

175

1

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады