Байланыс формасы

Аягөз ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 21/153-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Аягөз аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 16 сәуірде № 5-6-166 болып тіркелді

      Ескертпе. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 22.06.2018 № 25/176-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 509-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескертпе. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 22.06.2018 № 25/176-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Аягоз ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 503 бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 10 (он) есеге арттырылсын.

      Ескертпе. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 22.06.2018 № 25/176-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Аягөз ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 қазандағы № 6/51-VI шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4718 нөмерімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылдың 28 қарашасында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 12 желтоқсанында, "Аягөз жаңалықтары" газетінің 2016 жылдың 19 қарашасында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
Аягөз аудандық мәслихат хатшысы
С. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады