"Бесқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 23/6-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 қазандағы № 29/6-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бесқарағай аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 6 қарашада № 5-7-139 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 51/2-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 16.04.2020 № 51/2-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бесқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 23/6-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3442 нөмірімен тіркелген, "Бесқарағай тынысы" газетінің 2014 жылғы 23 тамыздағы № 68 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген, Бесқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян келтірілген азаматқа көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері 70 (жетпіс) айлық көрсеткіштен аспауы тиіс.

      Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 215 (екі жүз он бес) айлық есептік көрсеткішті құрайды.".

      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:

      1) Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні - 15 ақпан, басқа мемлекеттер аумақтарындағы әскери іс-әрекеттің қатысушыларына – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      2) Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көпбалалы аналарға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      кәмелеттік жасқа толмаған балаларымен бірге тұратын төрт және оданда көп балалары бар көп балалы отбасыларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.

      3) Халықаралық радиациялық апаттар мен зілзала құрбандарын еске алу күні - 26 сәуір:

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-ндағы зілзала салдарын, басқа да радиациялық зілзалаларды және азаматтық немесе әскери тағайындалған нысандардағы апаттарды жоюға қатысқан тұлғаларға, сонымен қатар тікелей ядролық сынақтарға және оқуларға қатысқандарға – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Чернобыль АЭС-ндағы зілзала салдарын, басқа да радиациялық зілзалаларды және азаматтық немесе әскери тағайындалған нысандардағы апаттарды жою, ядролық қару сынағы кезінде мүгедек болып қалған тұлғаларға - 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-ндағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға -35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш.

      4) Жеңіс күні - 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 215 (екі жүз он бес) айлық есептік көрсеткіш;

      қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      қайтыс болған соғыс мүгедектердің қайта некеге отырмаған зайыптарына – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға – 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 21 маусым және 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет еткен) тұлғаларға – 4,5 (төрт бүтін оннан бес) айлық есептік көрсеткіш.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Х. Мукинов
      Бесқарағай аудандық
      мәслихатының хатшысы Қ. Садықов

О внесении изменений в решение Бескарагайского районного маслихата от 8 июля 2014 года № 23/6-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Бескарагайском районе"

Решение Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 17 октября 2018 года № 29/6-VI. Зарегистрировано Управлением юстиции Бескарагайского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 6 ноября 2018 года № 5-7-139. Утратило силу решением Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 16 апреля 2020 года № 51/2-VI

      Сноска. Утратило силу решением Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 16.04.2020 № 51/2-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Бескарагайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Бескарагайского районного маслихата от 8 июля 2014 года № 23/6-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Бескарагайском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 3442, опубликованное в газете "Бесқарағай тынысы" от 23 августа 2014 года № 68) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Бескарагайском районе, утвержденных указанным решением:

      пункт 8 изложить в новой редакции:

      "8. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

      Размер оказываемой социальной помощи лицам, получившим ущерб вследствие стихийного бедствия или пожара определяется в размере не более 70 (семьдесят) месячных расчетных показателей.

      Предельный размер социальной помощи составляет 215 (двести пятнадцать) месячных расчетных показателей.".

      пункт 9 изложить в новой редакции:

      "9. Единовременная социальная помощь к памятным датам и праздничным дням определяется следующим категориям граждан:

      1) День вывода войск с территории Афганистана, день памяти воинов-интернационалистов – 15 февраля – участникам боевых действий на территории других государств – 35 (тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      2) Международный женский день – 8 марта:

      многодетным матерям, награжденным подвеской "Алтын алқа", "Күміс алқа", орденами "Материнская слава" I и II степени, или ранее получившим звание "Мать-героиня" – 5 (пять) месячных расчетных показателей;

      многодетным семьям, имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей – 5 (пять) месячных расчетных показателей;

      3) Международный день Памяти жертв радиационных аварий и катастроф – 26 апреля:

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях и учениях – 35 (тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      лицам, ставшим инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, испытания ядерного оружия – 25 (двадцать пять) месячных расчетных показателей;

      лицам из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1988-1989 годах – 35 (тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      4) День Победы – 9 мая:

      инвалидам и участникам Великой Отечественной войны – 215 (двести пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      супругам военнослужащих, погибших во время Великой Отечественной войны, не вступивших в повторный брак – 35 (тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 25 (двадцать пять) месячных расчетных показателей;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее 6 месяцев в годы Великой Отечественной войны с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года – 4,5 (четыре целых пять десятых) месячных расчетных показателей.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Х. Мукинов
      Секретарь Бескарагайского
      районного маслихата К. Садыков