Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 78 қаулысы. Шығыс Қазақстан, облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2018 жылғы 2 мамырда № 5-8-154 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 337 қаулысы.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 15.12.2023 № 337 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Атауына өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 14.12.2020 № 411 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, 18-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының  2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 – бабы 2 – тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 14.12.2020 № 411 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Бородулиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 37 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4460 тіркелген, "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде және 2016 жылғы 12 сәуірде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Бородулиха ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Қ. Бичуиновқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Г. Акулов

      КЕЛІСІЛДІ:
Бородулиха ауданық
мәслихатының хатшысы
У. Майжанов ____________
2018 жыл "16" сәуір

  Бородулиха ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "16" сәуір
№ 78 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандардың лауазымдарының тiзбесi

      Ескерту. Қосымшасының атауына өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 14.12.2020 № 411 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 17.02.2020 № 39 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:

      аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы және басшысының орынбасары, бөлімшенің меңгерушісі, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерді күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері.

      2. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:

      аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары, кітапхана меңгерушісі, әдістемелік кабинет меңгерушісі, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықтарының мұғалімдері, соның ішінде бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушы, педагог-психолог, қосымша білім беру педагогы, вожатый, тәрбиеші, әдіскер (негізгі қызметтер), дене шынықтыру (негізгі қызметтер) жөніндегі нұсқаушы, музыкалық (негізгі қызметтер) жетекші, өндірістік оқыту шебері, нұсқаушы, психолог, кітапханашы, медбике, диеталық бике.

      3. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

      аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары, клуб меңгерушісі, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызмет), барлық атаудағы (негізгі қызмет) әдіскер, музыкалық жетекші, хореограф, режиссер, көркемдік жетекші, дыбыс режиссері, аккомпониатор, тілдер мұғалімі.

      4. Спорт саласындағы мамандарының лауазымдары:

      аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары, дәрігер, әдіскер, жаттықтырушы-оқытушы.

      5. алып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 14.12.2020 № 411 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады