Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 19 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 ақпанда № 5479 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 79 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 26.03.2019 № 79 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық -атқару кодексінің 18 - бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 - бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8) тармақшаларына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж. Селихановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Аудан әкімі Г. Акулов

  Бородулиха ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "18" қаңтар
19 қаулысына қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Жұмыс орындарының квота мөлшері (%)

"Шығыстүстімет" ЖШС Орлов өндірістік кешені

1725

1

"Семейгидрогеология" ЖШС

123

2

"Семей Орманы МОТР" РММ Новошульба филиалы

160

2

"Семей Орманы МОТР" РММ Бородулиха филиалы

113

2

"Е. Зайтенов" ШҚ

225

1

"Красный Яр" ЖМ

125

2

"Песчанка СФ" ЖШС

121

2

"Шығысшахтострой" АҚ

257

5

"Шығысэнерго" ЖШС

232

5

"ТрансЭкоСервис" ЖШС

56

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады