Жарма ауданы әкімінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 1 "Жарма ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 7 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жарма аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 6 маусымда № 5-10-142 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімінің 02.11.2018 № 10 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 23 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес, "Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" бірлескен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 16/184-VІ шешімі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қарашадағы № 312 қаулысы негізінде Жарма ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Жарма ауданы әкімінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 1 "Жарма ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4392 тіркелген, 2016 жылғы 5 наурыздағы № 18 "Қалба тынысы" газетінде және 2016 жылы 14 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы № 563, 573 сайлау учаскесткелері алынып тасталсын.

      2. "Жарма ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімінің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау "Жарма ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Узбековқа жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарма ауданының әкімі Н. Сыдықов

      КЕЛІСІЛДІ

      Жарма аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы Қ. Шаймуратов

      "23" 05 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады