Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 8 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жарма аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 27 маусымда № 5-10-144 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімінің 2019 жылғы 18 ақпандағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімінің 18.02.2019 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының төтенше жағдайларының алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2018 жылғы 5 маусымдағы хаттамасы негізінде, Жарма ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Жарма ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Жарма ауданы әкімінің орынбасары Муратов Талгат Батырович тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жарма ауданы әкімінің орынбасары Т.Б. Муратовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Сыдықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады