"Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Зайсан ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы №164 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 651 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 19 қыркүйекте № 5-11-166 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Зайсан ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 164 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5540 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 4 сәуірде аудандық "Достық" газетінде және 2018 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау мен енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-желісінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Зайсан ауданы әкімінің орынбасары М.С.Сапарғалиеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Қасымжанов

  Зайсан ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "29" тамыздағы
№ 651 қаулысына қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

№ р/н

Ұйымның атауы

Жұмысшылар саны

Квота мөлшері (% ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан)

Жұмыс орындарының саны, адамдар

1

"СК-Зайсан" Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі

248

1

2

2

"САЙХАН" Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі ЖШС

93

1

1

3

"СМУ-Шыгыс" Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі ШС

168

1

2

4

"Орман шаруашылығы" Мемлекеттік Мекеме

55

1

1

5

Зайсан ауданы әкімдігінің "Зайсан аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

111

1

1

6

Зайсан ауданы әкімдігінің "Зайсан" көпсалалы коммуналдық мемлекеттік шаруашылық есебіндегі кәсіпорны

74

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады