"Зайсан қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне және жер салығының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 17-6/2 Зайсан аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 наурыздағы № 23-5/5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 наурызда № 5576 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Зайсан қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне және жер салығының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Зайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 17-6/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-11-109 нөмірімен тіркелген, 2010 жылы 6 ақпанда аудандық "Достық" газетіне жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Зайсан қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабының 1-тармағына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      2-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы М. Бошақов
      Аудандық мәслихат хатшысы Д. Ыдырышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады