2018 жылға Зырян ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 63 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 наурызда № 5542 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес 2018 жылға Зырян ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Зырян ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 1 қарашадағы № 383 "2017 жылға Зырян ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5281 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Зырян ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

      2) әкімдіктің осы қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн ішінде оның көшірмесі қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық нұсқада "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Зырян ауданы аумағында таратылатын мерзімдік баспаға оның көшірмесі ресми жариялауға жіберілуін;

      4) қаулы ресми жарияланғаннан кейін Зырян ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында осы қаулының орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Зырян ауданы әкімінің орынбасары Ж.А. Аскароваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Зырян ауданының әкімі Н. Токсеитов

  Зырян ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 63 қаулысына
1 қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары

Мемлекеттік білім беру тапсырысы, орындар саны

1

Балабақшалар

865

2

Мектеп жанындағы кіші орталықтар

172

  Зырян ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 63 қаулысына
2 қосымша

Ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары

Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін (теңге)

Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін (теңге)

1

Балабақшалар

515

529

2

Мектеп жанындағы кіші орталықтар

-

529


      Ескертпе: 1 күнге бір балаға жас ерекшелігіне карай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады