Автомобильмен жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда тұрақты тасымалдау үшін тарифтер орнату туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 қазандағы № 308 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 18 қазанда № 5-19-191 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 04 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты қалалық тасымалдаудың автобус және шағын автобустарда бір сапарға 100 (жүз) теңге мөлшерде бірыңғай тарифтер бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Б.К. Молдахановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Горьковой
      "Келісілді":
      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Боровикова

      "09" қазан 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады