"Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Зевакино ауылдық округі Зевакино, Убинка, Новая Убинка ауылдарының көшелерін қайта атау туралы"

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Зевакино селолық округі әкімінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 03 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 17 мамырда № 5-19-180 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 - бабының 4 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35- бабының 2-тармағына сәйкес, Зевакино ауылдық округі тұрғындарының пікірлерін және Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 02 наурыздағы қорытындысын есепке ала отырып, Зевакино ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Зевакино ауылдық округі Зевакино ауылының келесі көшелері қайта аталсын:

      1) Советская көшесі Тәуелсіздік көшесіне;

      2) Ленин көшесі Халықтық көшесіне;

      3) Киров көшесі Бірлік көшесіне;

      4) Чапаев көшесі Ертіс көшесіне.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Зевакино ауылдық округі Убинка ауылының келесі көшесі қайта аталсын:

      1) Ленин көшесі Болашақ көшесіне;

      3. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Зевакино ауылдық округі Новая Убинка ауылының келесі көшесі қайта аталсын:

      1) Советская көшесі Мерей көшесіне;

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Зевакино ауылдық округінің әкімі Ж. Синиязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады