Байланыс формасы

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының ауылдары мен ауылдық округтері атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 52 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 16-6 бірлескен қаулысы мен шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 сәуірде № 5113 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 13 қарашадағы қорытындысы негізінде, Шыңғырлау ауданының әкімдігі және мәслихатының ұсынуы бойынша Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының мынадай ауылдары мен ауылдық округтері қайта аталсын:

      Белогор ауылы - Ақтау ауылы;

      Белогор ауылдық округі - Ақтау ауылдық округі;

      Полтава ауылы - Ардақ ауылы;

      Полтава ауылдық округі - Ардақ ауылдық округі;

      Лубен ауылы - Ақшат ауылы;

      Лубен ауылдық округі - Ақшат ауылдық округі;

      Тасмола ауылы - Ақбұлақ ауылы.

      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы бірлескен қаулы және шешімнің Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік –құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Сессия төрағасы
      А.Көлгінов М. Байжанов
      Облыстық мәслихат хатшысы М.Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады