Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 268 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 желтоқсанда № 5422 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен оларға ақшалай сыйақының мөлшерлері айқындалсын.

      2. Қоса беріліп отырған Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы бекітілсін.

      3. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Р.Е.Исақұлов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ.А.Оспанқұловқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
міндетін атқарушы
И.Стексов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан облысы
полиция департаменті бастығының
міндетін атқарушы
________________ А.Меңдіғали
2018 ж. "23" қараша

  2018 жылғы 26 қарашадағы
№268 Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына қосымша

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен оларға ақшалай сыйақының мөлшерлері

      1. Құрмет грамотасы.

      2. Алғыс хат.

      3. 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі ақшалай сыйақы.

  2018 жылғы 26 қарашадағы
№268 Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілді

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы

      Осы Қағида қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін айқындайды.

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарайды.

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға "Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – БҚО ПД) енгізеді.

      3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      4. Көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отырып, Комиссия белгілейді.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін Комиссия қабылдайтын шешімге сәйкес, қосымша БҚО ПД бастығының бұйрығы шығарылады.

      6. Ақшалай сыйақыны төлеу БҚО ПД облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.

      7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Құрмет грамотасын, Алғыс хатты, ақшалай сыйақы беруді БҚО ПД салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 26 ноября 2018 года № 268. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 10 декабря 2018 года № 5422

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 9 июля 2004 года "Об участии граждан в обеспечении общественного порядка" акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить виды поощрений и размеры денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка согласно приложению.

      2. Утвердить прилагаемые Правила поощрений граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка.

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима Западно-Казахстанской области" (Исакулов Р.Е.) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации, размещение на интернет-ресурсе акимата Западно-Казахстанской области.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Западно-Казахстанской области Оспанкулова Г.А.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
акима области
И.Стексов

      "Согласовано"
Исполняющий обязаннности
начальника Департамента полиции
Западно-Казахстанской области
_______________ А.Мендигалин
"23" ноября 2018 года

  Приложение
к постановлению акимата
Западно-Казахстанской области
от 26 ноября 2018 года №268

Виды поощрений и размеры денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

      1. Почетная грамота.

      2. Благодарственное письмо.

      3. Денежное вознаграждение в размере, не превышающем 10-кратного месячного расчетного показателя.

  Утвержден
постановлением акимата
Западно-Казахстанской области
от 26 ноября 2018 года №268

Правила
поощрений граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

      Настоящие Правила определяют вопросы поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка.

      1. Вопросы поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка рассматриваются Областной комиссией по поощрению граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка (далее – Комиссия).

      2. Представление о поощрении граждан, принимающих активное участие в охране общественного порядка, вносится на рассмотрение Комиссии государственным учреждением "Департамент полиции Западно-Казахстанской области" (далее – ДП ЗКО).

      3. Основанием для поощрения является решение, принимаемое Комиссией.

      4. Виды поощрения, в том числе размер денежного вознаграждения, устанавливается Комиссией с учетом внесенного поощряемым вклада в обеспечение общественного порядка.

      5. Для выплаты денежного вознаграждения дополнительно издается приказ начальника ДП ЗКО согласно решению, принятому Комиссией.

      6. Выплата денежного вознаграждения производится ДП ЗКО за счет средств областного бюджета.

      8. Вручение почетной грамоты, благодарственного письма, денежного вознаграждения гражданам за вклад в обеспечение общественного порядка осуществляется ДП ЗКО в торжественной обстановке.