Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі Жаңабұлақ ауылының атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 9 шілдедегі № 11 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 шілдеде № 5282 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Жаңабұлақ ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі Жаңабұлақ ауылының атаусыз көшелеріне мынадай атаулар берілсін:

      "№2" жобалық көшесі – "М.Абатов" көшесі;

      "№7" жобалық көшесі – "С.Серғазиев" көшесі.

      2. Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Тулегенов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі Е.Кусаинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады