Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 88 "Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 180 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 қазанда № 5371 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 88 "Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4451 тіркелген, 2016 жылғы 18 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретін мектептерге тасымалдаудың қағидаларында:

      "2. Балаларды тасымалдау тәртiбi" деген бөлімде:

      2-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Балаларды тасымалдау үшін бөлінген автокөліктердің техникалық жай-күйі, жабдықтары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 "Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының талаптарына жауап беруі тиіс.".

      2. Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Айтқалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Қайырғалиеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н.Рахымжанов

О внесении изменений в постановление акимата Бокейординского района от 17 мая 2016 года № 88 "Об утверждении схем и Правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Бокейординского района"

Постановление акимата Бокейординского района Западно-Казахстанской области от 12 октября 2018 года № 180. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 29 октября 2018 года № 5371

      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте", акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Бокейординского района от 17 мая 2016 года № 88 "Об утверждении схем и Правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Бокейординского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4451, опубликованное 18 июня 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Правилах перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Бокейординского района, утвержденных указанным постановлением:

      в разделе "2. Порядок перевозок детей.":

      в пункте 2:

      абзац первый изложить в следующей редакции:

      "2. Техническое состояние автотранспортов, выделяемых для перевозки детей, должны отвечать требованиям указанным в приказе Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 547 "Об утверждении Правил технической эксплуатации автотранспортных средств", в соответствии с Законом Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте".".

      2. Руководителю аппарата акима Бокейординского района (Айткалиев Е.) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Л.Кайргалиевой.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким района Н.Рахимжанов