Тасқала ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 112 "Тасқала ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 310 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қарашада № 5388 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тасқала ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы №112 "Тасқала ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4458 тіркелген, 2016 жылғы 4 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-қосымшасы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Тасқала ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың қағидаларында:

      "2. Балаларды тасымалдау тәртібі" деген бөлімде:

      2 тармағында:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Балаларды тасымалдау үшін бөлінген автокөліктердің техникалық жай-күйі, жабдықтары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №547 "Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының талаптарына жауап беруі тиіс.".

      2. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (М.Мырзаш) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Халелов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады