Теректі ауданы Аңқаты ауылдық округі Аңқаты ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Аңқаты ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 қаңтарда № 5027 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Аңқаты ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Аңқаты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теректі ауданы Аңқаты ауылдық округі Аңқаты ауылындағы кейбір көше атаулары:

      "Мир" көшесін - "Бейбітшілік" көшесі;

      "Целинная" көшесін – "Тың игерушілер" көшесі;

      "Победа" көшесін – "Жеңіс" көшесі;

      "Чапаев" көшесін – "Мәншүк Мәметова" көшесі;

      "Придорожная" көшесін – "Тәуелсіздік" көшесі;

      "Крестьянская" көшесін – "Әлия Молдағұлова" көшесі;

      "Набережная" көшесін – "Хиуаз Доспанова" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Аңқаты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Н.Исмурзиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аңқаты ауылдық округінің әкімі Е.Молдахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады