Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 және "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 9 қаңтарда № 18161 болып тіркелді.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 6), 11), 13) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13921 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында:

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Бағдарламаға қатысушылар – жұмыс іздеп жүрген, жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген, тұрақты тұру үшін келген оралмандар мен қоныс аударушылар және қатысу басымдығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – Бағдарлама) белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Халықты жұмыспен қамту орталықтары ерікті өңіраралық қоныс аударуға мынадай санаттағы адамдарға:

      1) жұмыс іздеп жүрген адамдарға;

      2) жұмыссыздарға;

      3) өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне;

      4) жалдамалы жұмыскерлерге, оның ішінде "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы № 28 ақпандағы № 264 қаулысына (бұдан әрі - № 264 қаулы) сәйкес 10 пайыздық мөлшерде квота белгіленген, қабылдау өңірлерінде білім алушы ауыл жастары қатарынан түлектерге жәрдем көрсетеді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Жұмысқа орналасу үшін жаңа тұрғылықты жерге ерікті тұрде қонысаудару үшін жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздар арасында:

      1) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, оның ішінде балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері;

      2) Халықтың көші-қоны туралы Заңының 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныс аударатын оралмандар;

      3) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері оқу орнын аяқтаған соң үш жыл ішінде;

      4) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

      5) № 264 қаулыға сәйкес 10 пайыздық мөлшерде квота белгіленген, қабылдау өңірлерінде білім алушы ауыл жастары қатарынан түлектер басым пайдаланады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Жұмысқа орналасу үшін жаңа тұрғылықты жерге қоныс аударуға жұмыс іздеп жүрген адамдар және жұмыссыздар арасында:

      1) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, оның ішінде балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері;

      2) Халықтың көші-қоны туралы заңның 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныс аударатын оралмандар;

      3) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері оқу орнын аяқтаған соң үш жыл ішінде;

      4) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

      5) Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған қатысушылар басым пайдаланады.";

      мынадай мазмұндағы 76 және 77-тармақтармен толықтырылсын:

      "76. Өңіраралық ерікті қоныс аударуға қатысушы қоныс аударушылар мен оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету Бағдарламаның 5.3.2-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

      Құрылыс кезінде жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үшжақты әлеуметтік келісімшарт жасайды, оның шарттарының бірі Бағдарламаға қатысушының жұмыс берушіде 5 жыл бойы жұмыспен өтеуі болып табылады.

      77. Жергілікті атқарушы орган, жұмыс беруші және Бағдарламаға қатысушы арасында "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітіліген нысан бойынша тұрғын үйді 20 жылдық мерзімге бере отырып, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдаудың шарты жасалады.

      Бюджеттік сала жұмыскерлері қатарындағы қатысушыларға жаңа тұрғын үйді сатып алуды жұмыс берушілердің қажеттілігінің негізінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13938 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заң) 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыссыздар, оқудан бос уақытта, денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс;";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Халықты жұмыспен қамту орталығы қоғамдық жұмыстарға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама береді.

      Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдар халықты жұмыспен қамту орталығына тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жіберіледі.

      Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдар қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.";

      1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы сүйемелдейтін электрондық ақпараттық ресурс;";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарын тұрақты түрде жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ жұмыс берушілердің қатысуына жол беріледі.

      4. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын тұрақты жұмыс орындарынан бөлек және тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындардан тыс құрады. Әлеуметтік жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсында орналастырылады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына субсидияның ай сайынғы мөлшері жалақының белгіленген мөлшерінен 35 %-ды құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды.

      Үкіметтік емес ұйымдар мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін жергілікті атқарушы органдар дербес белгілейді.

      Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақылар белгілейді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жіберілген адамдарға Бағдарлама шеңберінде жасалған шарттардың мерзімі аяқталғанға дейін әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыстарын жалғастыруға құқық беріледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заң) 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және жастар практикасын ұйымдастыру, қаржыландыру және оның шеңберінде алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқуды аяқтаған кейінгі 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы сүйемелдейтін электрондық ақпараттық ресурс;";

      3, 4 және 5-тармақтарды мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жастар практикасы жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарын тұрақты түрде жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілердің қатысуына жол беріледі.

      4. Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері бар:

      1) жастар практикасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес түлектер оқуды аяқтағаннан кейінгі 3 жыл ішінде алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін арналған;

      2) жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеу республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған көздерден жүргізіледі;

      3) жұмыс орындарының саны іс-жүзінде шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары қолданылмайды.

      5. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 21-бабына сәйкес жастар практикасы алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқуды аяқтаған кейінгі 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Жастар практикасына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар мен жастар практикасын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсында орналастырылады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13485 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша және мерзімдерде жастар практикасы бойынша есептілік жүргізеді және оны халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ұсынады және аталған есепте:

      1) жастар практикасының шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған түлектердің саны туралы;

      2) жастар практикасының шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдар жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жіберілген адамдарға осы Бағдарлама шеңберінде жасалған шарттардың мерзімі аяқталғанға дейін әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыстарын және жастар практикасын өтуді жалғастыруға құқық беріледі.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушылардың жалақысын қаржыландыру алты айдан аспайтын мерзімде еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады.

      Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден айына субсидия беру мөлшері Бағдарламаға сәйкес айқындалады.

      Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын қоса қаржыландыру және субсидиялау жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.";

      осы бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заң) 7-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс іздеген адамдарға, жұмыссыздарға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарға, оралмандарға, сондай-ақ студенттерге, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакция жазылсын:

      "6) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы сүйемелдейтін электрондық ақпараттық ресурс;";

      16-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы бойынша бос орындардың болуын және қатысушы таңдаған кәсіп бойынша оның кейіннен жұмысқа орналасуы үшін кадрларға қажеттілікті айқындайды;";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздарды, оралмандарды және жұмыс іздеген адамдарды әлеуметтік кәсіптік бағдарлау";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздарды, оралмандарды және жұмыс іздеп жүрген адамдарды кәсіптік бағдарлауды дербес жүргізеді.";

      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) іріктеу қорытындылары бойынша жұмыспен қамтудың жекеше агенттігімен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарға, жұмыссыздарға, оралмандарға және жұмыс іздеп жүрген адамдарға өтеулі негізде әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу туралы шарт жасасады;".

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жетекші вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің міндетін атқарушы
С. Жақыпова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2019 жылғы 4 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына
1-қосымша
  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың
ерікті түрде қоныс
аудару қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ________________________
ауданының (қаласының)
халықты жұмыспен қамту
орталығының директорына
кімнен
_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы өтініш

      Мені және менің отбасы мүшелерімді "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашада № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдесу бағыты бойынша қатысушылар қатарына қосуды сұраймын.

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1)_________________________________________________________________;

      2)_________________________________________________________________;

      3)_________________________________________________________________;

      4)_________________________________________________________________;

      5)_________________________________________________________________;

      6)_________________________________________________________________.

      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алуға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Барлығы _________________ құжат ___________________ парақта.

      Көшу шарттарымен таныстым.

      Күні қолы

      --------------------------------------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Өтініш 20__ жылғы "___" ____________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және

      қолы: _________________________

      _____________ ___________

                  күні             қолы

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2019 жылғы 4 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына
2-қосымша
  Қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  __________________________
(ауданының, қаласының)
Халықты жұмыспен қамту
орталығына
__________________________
(кімнен)

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс берушіден алдағы қаржы жылына арналған өтінім

      ______________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (жұмыс берушiнiң толық атауы, заңды мекенжайы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі), байланыс жасайтын адамдар мен телефондары)

      жұмыссыздар, оқудан бос уақытта студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесіне қосуды сұрайды.

      Жұмыс берушілердің тізбесіне қосу мәселесі оң шешiм тапқан жағдайда жұмыссыздарға, оқудан бос уақытта студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдарға тiзбеге сәйкес мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:

Р/с №

Жұмысқа кім ретінде қабылдау жоспарланып отыр

Жұмыс орындарының жоспарланған саны

Ай

Айлық жалақы мөлшерi, теңге

Төлемдердің жоспарлы мөлшерi, теңге













      Басшы ___________________________________ __________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))             (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2019 жылғы 4 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына
3-қосымша
  Қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға арналған үлгiлiк шарт

      _____________________ _____________

      (қала, облыс, аудан)             (күнi)

      1. Осы шарт бұдан әрi "Тапсырыс берушi" деп аталатын директоры

      ___________________________________________________________________

                  (тегi, аты, әкесiнiң аты                   (бар болса)

      ___________________________________ Халықты жұмыспен қамту орталығы

      (қала, облыс, аудан)

      атынан директор ____________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      және бұдан әрi "Орындаушы" деп аталатын _____________________________

      ____________________________________________________________ атынан

      (жұмыс берушiнiң атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

      __________________________________________________________ арасында

      (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13938 болып тіркелген) бекiтiлген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрi – Қағидалар) және ауданның (қаланың, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органының 20__ жылғы _________ № ___ шешіміне сәйкес төмендегі туралы жасалды:

1. Шарттың мәнi

      2. Жұмыссыздар, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар үшiн қоғамдық жұмыстарды Қағидаларға сәйкес қаржыландыру.

      3. Шарттың сомасы _________________ теңгені құрайды.

                              (жазбаша)

2. Тараптардың мiндеттерi

      4. "Тапсырыс берушi":

      тараптарға қоғамдық жұмыстарды құру және қаржыландыру мәселелері жөнінде консультация беруге;

      Орындаушымен қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарт жасасуға;

      жұмыссыздың қоғамдық жұмысқа жұмысқа орналастырылғаны және қоғамдық жұмысқа қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмысқа орналастырудың жеке картасында көрсетуге;

      Тараптардан қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқылы.

      5. "Орындаушы":

      Өзіне тікелей жүгінген адамдарды "Тапсырыс берушінің" жолдамасы бар адамдармен тең жағдайда жұмысқа қабылдауға;

      Тапсырыс берушіден еңбек нарығының жағдайы туралы тегін ақпарат алуға құқылы.

      6. "Тапсырыс берушi":

      жұмыссыз, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген __________________ адамды олардың келiсiмi бойынша қоғамдық жұмыстарға жiберуге; (жазбаша)

      Орындаушы ұсынған құжаттардың негізінде "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 26-тармағына сәйкес жасалған әлеуметтік келісімшартқа және 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес адамдарға жалақыны уақтылы және толық көлемде аударуға міндеттенеді.

      7. "Орындаушы":

      1) адамдарға еңбек шартында айқындалған түрлер, мерзiмдер және шарттар бойынша жұмыс беруге

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________;

      (тiзiп жазу)

      2) адамдармен Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарттарын жасасуға;

      3) қажет болған жағдайда қабылданған адамдарға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлеуге;

      4) әрбір адамға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;

      5) қажет болған жағдайда адамдарды арнайы киіммен, құрал-саймандармен, жабдықтармен қамтамасыз етуге;

      6) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;

      7) азаматтардың еңбек міндеттерін атқару кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;

      8) есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда Тапсырыс берушіге осы Үлгілік шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін адамдар туралы мәліметтерді ұсынуға міндеттенеді.

3. Еңбекақы төлеу

      8. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы адамдарға еңбекақы төлеу Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты негiзiнде жүргiзіледi және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігiне байланысты болады.

      9. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшiн адамдарға есептелген еңбекақыға 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес салық салынады.

4. Тараптардың жауапкершiлiгi

      10. Тараптар қоғамдық жұмыстарға ақы төлеуге арналған бюджеттiк қаражатты мақсатқа сай пайдаланбағаны үшiн 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.

      11. Шартты орындау барысында туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.

      12. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті.

      13. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.

5. Форс-мажорлық жағдайлар

      14. Тараптар осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкіну, су тасқыны және әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      15. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған тарап, форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде бұл туралы басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етеді.

      16. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау Тараптарды мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде, кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан шеттетеді. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтауы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.

      17. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар орын алған уақытқа, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар уақыт кезеңіне қарай кейінге шегеріледі. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы Келісімшартты бұзуға құқылы.

6. Шарттың қолданылу мерзiмi

      18. Шарттың қолданылу мерзiмi________________________________

      19. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      20. Шарт әрқайсысының заңдық күші бар екi данада екi тарап үшiн жасалған.

7. Тараптардың заңды мекенжайлары:

Тапсырыс берушi
_________ ауданының (қаласының)
Халықты жұмыспен қамту орталығы
заңды мекенжайы:
_____________________________
ЖСК_________________________
БСК _________________________
БСН (ЖСН)___________________
Коды ________________________
___________________ _________
(Тегі, аты, әкесінің (қолы)
аты (бар болса)
М.О.

Орындаушы
заңды мекенжайы:
____________________________
ЖСК________________________
БСК ________________________
БСН (ЖСН) __________________
Коды _______________________
__________________ _________
(Тегі, аты, әкесінің (қолы)
аты (бар болса)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады