"Органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1139 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 818 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 1 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2019 жылғы 8 қаңтардағы № 1 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 қаңтарда № 18182 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1139 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 818 бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) мыналарға:

      осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес органикалық өсімдік шаруашылығында қызметін жүзеге асыратын субьектілерге;

      осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес органикалық мал шаруашылығында қызметін жүзеге асыратын субьектілерге қатысты органикалық өнім өндіру саласындағы тексеру парақтары бекітілсін.";

      1 және 2-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың және 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушы
________________ А. Евниев


Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің
міндетін атқарушы
_____________ Р. Дәленов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін
атқарушының
2019 жылғы 3 қаңтардағы № 1
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2019 жылғы 8 қаңтардағы № 1
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 15-05/1139
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 818 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Органикалық өнім өндіру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына, "Органикалық өнім өндіру туралы" 2015 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына және тексеру парақтарының нысанына сәйкес әзірленді.

      2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі (объектісі) – органикалық өнім өндіру қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      2) болмашы бұзушылық – елеулі, өрескел бұзушылыққа жатқызылмаған органикалық өнім өндіру саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарды бұзу, оның ішінде тиісті қора-жайлармен және жануарларды жаю жағдайларымен қамтамасыз ету бойынша талаптарды бұзу;

      3) елеулі бұзушылық – органикалық өнім өндіру саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарды өсімдіктерден және жануарлардан алынған қалдықтар мен олардың жанама өнімдерін қайталама пайдалану (оларды органикалық өндіріс шарттарында алған жағдайда ғана мүмкін болады) және мал шаруашылығында органикалық өнім өндіру нәтижесінде алынған ингредиенттерден, сондай-ақ табиғи заттардан тұратын азық және азық қоспаларын қолдану бөлігінде бұзу, бір немесе одан да көп шағым мен арыздың болуы;

      4) объективті өлшемшарттар – органикалық өнім өндіру саласындағы бақылау субъектісін (объектісін) тәуекел дәрежесіне қарай іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      5) өрескел бұзушылық – халық денсаулығының нашарлауына алып келуі мүмкін органикалық өнім өндіру саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарды бұзу, атап айтқанда гендік түрлендірілген объектілерді қолдану, пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану, сондай-ақ ауру жануарлар мен залалданған өсімдіктерді, жануарлардан және өсімдіктерден алынған қауіпті өнім мен шикізатты пайдалану;

      6) субъективті өлшемшарттар – бақылау субъектілерін (объектілерін) нақты бақылау субъектісі (объектісі) қызметінің нәтижелеріне байланысты іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      7) тәуекел – салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, органикалық өнім өндіру саласындағы заңнама талаптарын бұзу, сондай-ақ адам өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру ықтималдығы түрінде көрінген бақылау субъектісі қызметінің нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы.

      3. Өлшемшарттар объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін органикалық өнім өндіру саласындағы субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежелеріне жатқызу өлшемшарттарға талдау жасау арқылы жүзеге асырылады.

      5. Тәуекелдің жоғары дәрежесінің объективті өлшемшарттарына: органикалық өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында (органикалық өнімді өндіру) қызметін жүзеге асыратын бақылау субьектілері (объектілері) жатқызылады.

      6. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілері (объектілері) органикалық өнім өндірудің өтпелі кезеңі (конверсия кезеңі) ішінде қызметін жүзеге асырады.

      7. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      8. Субъективті өлшемшерттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) дерекқорларды қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      9. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

      2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы алдыңғы тексерулердің және профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      3) расталған шағымдар мен арыздардың болуы.

      10. 9-тармақта айқындалған ақпараттық көздер негізінде мынадай өлшемшарттар айқындалады:

      1) осы өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес органикалық өсімдік шаруашылығында қызметін жүзеге асыратын субъектілерге қатысты органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау;

      2) осы өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес органикалық мал шаруашылығында қызметін жүзеге асыратын субъектілерге қатысты органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау.

      11. Субъективті өлшемшарттар тексеру парақтарының талаптары негізінде әзірленеді, оларды сақтамау реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бұзушылықтың белгілі бір дәрежесіне сәйкес келеді. Тексеру парақтарындағы әр талаптарға қатысты бұзушылық дәрежесі айқындалады – өрескел, елеулі және болмашы.

      Бұл ретте өрескел, елеулі және болмашы бұзушылықтардың анықтамасы мемлекеттік бақылаудың тиісті саласының ерекшелігі ескеріле отырып, реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленеді.

      Субъективті өлшемшарттарды қалыптастыру кезінде бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) белгіленген өрескел, елеулі, болмашы бұзушылықтардың анықтамаларына сәйкес беріледі.

      12. Органикалық өнім өндіру саласындағы өрескел дәрежедегі бір орындалмаған талап 100 көрсеткішіне теңестіріледі.

      Егер органикалық өнім өндіру саласындағы талаптарды өрескел бұзушылықтар анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін органикалық өнім өндіру саласындағы талаптардың елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтары бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      13. Органикалық өнім өндіру саласындағы талаптарды елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффиценті қолданылады және аталған көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      Ре = (Р2 х 100/Р1) х 0,7

      мұнда:

      Ре – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      Р1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтар саны.

      14. Органикалық өнім өндіру саласындағы талаптарды болмашы бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффиценті қолданылады және аталған көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      Рб = (Р2 х 100/Р1) х 0,3

      мұнда:

      Рб – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;

      Р1 –болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      Р2 – анықталған болмашы бұзушылықтар саны.

      15. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша көрсеткіштерді қосу арқылы айқындалады:

      Р = Ре + Рб

      мұнда:

      Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      Ре – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      Рб – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші.

      Тәуекел дәрежелерін талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды.

      16. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға жатқызылады:

      1) жоғары тәуекел дәрежесіне – 61-ден 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты жоспардан тыс тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағанға – 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты жоспардан тыс тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      17. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің еселілігі жылына бір реттен жиі болмауы керек.

      18. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізудің жартыжылдық тізімінің негізінде жүргізіледі.

      19. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің басымдылығын ескере отырып жасалады.

  Органикалық өнім өндіру
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша
  Органикалық өнім өндіру
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
қосымша

Органикалық өсімдік шаруашылығында қызметін жүзеге асыратын субъектілерге қатысты органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

Өлшемшарттардың атауы

Бұзушылық дәрежесі

1

2

3

Бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

1

Бақылау субъектісі фитосанитариялық есепке алу нысандарына сәйкес ұсынған бақылау субъектісінің фитосанитариялық есептілігінде оны органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын рұқсат етілген құралдар тізімімен салыстырып-тексеру кезінде дұрыс емес мәліметтердің болуы

өрескел

2

Пестицидтер (улы химикаттар) өткізілген, органикалық өсімдік шаруашылығында қызметін жүзеге асыратын субъектінің пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және (немесе) өткізу туралы есепте "Пестицидтер (улы химикаттар), биопрепараттар және энтомофагтар өткізілген субъектінің атауы" бағанында көрсетілуі

өрескел

3

Органикалық өсімдік шаруашылығында қызметін жүзеге асыратын субъектінің өсімдіктерді қорғау құралдарын нақты өткізу көлемдері бойынша тізілімде болуы

өрескел

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы алдыңғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде тізбеленген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді)

1

Топырақты өңдеу, тыңайту және зиянкестерді бақылау әдістері бойынша жүргізілген жұмыстар туралы бақылау субъектісінің фитосанитариялық есептілігінің болуы

өрескел

2

Органикалық өндірілген тұқымдарды (отырғызу материалдарын) пайдалану

өрескел

3

Қорғаныш конструкцияларды жабу, синтетикалық жабындар, жәндіктерден қорғайтын торлар және сүрлемді орау үшін полиэтилен, полипропилен және басқа да поликарбонаттар негізіндегі материалдарды қолдану

елеулі

4

Органикалық өнім өндіруді органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларына сәйкес органикалық өнімге жатпайтын өнімді өндіруден бөлек жүргізу

елеулі

Расталған шағымдар мен арыздардың болуы

1

Бір және одан да көп расталған шағымдар мен арыздардың болуы

елеулі

  Органикалық өнім өндіру
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
2-қосымша

Органикалық мал шаруашылығында қызметін жүзеге асыратын субъектілерге қатысты органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

Өлшемшарттардың атауы

Бұзушылық дәрежесі

1

2

3

Бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

1

Ветеринарлық ілеспе құжаттардың (ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама) жоқтығы туралы мәліметтердің болуы

өрескел

2

Органикалық мал шаруашылығында қызметін жүзеге асыратын субъектінің жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты өндіруді жүзеге асыратын объектілерде жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу мен ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері туралы есепте болуы

өрескел

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы алдыңғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде тізбеленген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді)

1

Жануарлардың ауруларын тіркеуге арналған журналда "Егiлген немесе профилактикалық мақсатта дауаланған жануарлардың саны"; "Қосымша зерттеулер, клиникалық белгiлерi, емдiк көмек, ұсынымдар" бағандарында қолдануға тыйым салынған ветеринариялық дәрілік заттардың (артибиотиктердің) пайдаланылуы туралы ақпараттың болмауы

елеулі

2

Күйіс қайыратындар және жылқы тұқымдастар үшін күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерін сақтау.
Тірідей салмағы (килограмм) мынадай жануарға арналған жабық қора-жайдағы алаң:
100-ге дейін;
200-ге дейін;
350-ге дейін;
350-ден жоғары.
бір басқа шаршы метр:
1,5;
2,5;
4,0;
5.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
1,1;
1,9;
3;
3,7.

болмашы

3

Сүт беретін сиырларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерін сақтау.
Жабық қора-жайдағы алаң, бір басқа шаршы метр:
6
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
4,5

болмашы

4

Тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерін сақтау.
Жабық қора-жайдағы алаң, бір басқа шаршы метр:
10
Ашық ауадағы алаң
бір басқа шаршы метр:
30

болмашы

5

Қойлар мен ешкілерді күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерін сақтау.
Ересек мал
Жабық қора-жайдағы алаң, бір басқа шаршы метр:
1,5
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
2,5
Төл
Жабық қора-жайдағы алаң, бір басқа шаршы метр:
0,35
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
0,5

болмашы

6

40 күнге дейінгі торайлары бар торайлайтын шошқаларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерін сақтау.
Жабық қора-жайдағы алаң, бір басқа шаршы метр:
шошқаға 7,5
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
2,5

болмашы

7

Шошқаларды бордақылау үшін күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерін сақтау.
Тірідей салмағы (килограмм) мынадай жануарға арналған жабық қора-жайдағы алаң:
50-ге дейін;
85-ке дейін;
110-ға дейін.
бір басқа шаршы метр:
0,8;
1,1;
1,3.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
0,6;
0,8;
1

болмашы

8

Торайларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерін сақтау.
Тірідей салмағы (килограмм) мынадай жануарға арналған жабық қора-жайдағы алаң:
30-ға дейін
бір басқа шаршы метр:
0,6
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
0,4

болмашы

9

Өсіруге арналған шошқаларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерін сақтау.
Жабық қора-жайдағы алаң, бір басқа шаршы метр:
бір ұрғашы дарағына – 2,5;
бір еркек дарағына (серуендету пайдаланылғанда – 10) – 6.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
бір ұрғашы дарағына – 1,9;
бір еркек дарағына – 8,0.

болмашы

10

Жұмыртқалағыш тауықтарды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерін сақтау.
Жабық қора-жайдағы алаң:
бір шаршы метрге құс саны – 6;
бір құсқа орын – 18 сантиметр;
ұя – 1 ұяға 7 жұмыртқалайтын тауық немесе жалпы ұя жағдайында – 1 құсқа 120 шаршы сантиметр.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр алаң:
4, жылына азот 1 гектарға 170 килограммнан асып кетпеген жағдайда.

болмашы

11

Үй құсын күтіп-бағу және бордақылау (тұрақты қора-жайда) алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерін сақтау.
Жабық қора-жайдағы алаң:
бір шаршы метрге құс саны – 10, ең жоғарғы жалпы тірідей салмағы 21 килограмм болған кезде;
бір құсқа орын, сантиметр – 20 (тек мысыр тауығы үшін);
ұя – бір ұяға 4 бройлер мен мысыр тауығы, 4,5 үйрек, 10 күркетауық, 15 қаз; барлық түрлер үшін жылына бір гектарға 170 килограмм азот шегі асып кетпеген жағдайда.

болмашы

12

Үй құсын күтіп-бағу және бордақылау (жылжымалы қора-жайда) алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерін сақтау.
Жабық қора-жайдағы алаң:
бір шаршы метрге құс саны – 16, құсқа арналған жылжымалы қора-жайда ең жоғары жалпы тірідей салмағы 30 килограмм болған кезде;
бір құсқа орын, сантиметр – 2,5, жылына бір гектарға 170 килограмм азот шегі асып кетпеген жағдайда.

болмашы

13

Шарбақтарда өсірілетін ортаға балықтарды орналастырудың ең жоғары тығыздығын сақтау:
сүйрік – бір текше метрге 25 килограмм;
бекіре – бір текше метрге 10 килограмм;
қортпа – бір текше метрге 44 килограмм;
бақтақ – бір текше метрге 25 килограмм.

болмашы

14

Бассейндерде өсірілетін ортаға балықтарды отырғызудың ең жоғары тығыздығын сақтау:
сүйрік – бір текше метрге 10 килограмм;
бекіре – бір текше метрге 22,8 килограмм;
қортпа – бір текше метрге 50 килограмм;
бақтақ – бір текше метрге 35 килограмм;
жайын – бір шаршы метрге 200 килограмм.

болмашы

15

Сумен жабдықтаудың тұйық циклді қондырғыларында өсірілетін ортаға балықтарды отырғызудың ең жоғары тығыздығын сақтау:
бекіре – бір шаршы метрге 20 килограмм;
жайын – бір шаршы метрге 200 килограмм;
бақтақ – бір текше метрге 50 килограмм.

болмашы

16

Бейімделген көлдер мен тоғандардағы өсірілетін ортаға балықтарды отырғызудың ең жоғары тығыздығын сақтау:
ақсақа балықтар (пайда балық, көкшұбар балық, ақсақа, шыр, ақ балық) – бір гектарға 400 килограмм;
өсімдік қоректілер (ақ амур, қара амур, ақ және сұр дөңмаңдай), тұқы (сазан), көксерке, шортан, кәдімгі жайын) – түрлері бойынша жиынтық бір гектарға 3000 килограммнан көп емес;
бекіре тұқымдастар (орыс бекіресі, сібір бекіресі, шоқыр) – түрлері бойынша жиынтық бір гектарға 1070 килограммнан көп емес;
канал жайыны – бір гектарға 3000 килограмм.

болмашы

Расталған шағымдардың және арыздардың болуы

1

Бір және одан да көп расталған шағымдар мен арыздардың болуы

елеулі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін
атқарушының
2019 жылғы 3 қаңтардағы № 1
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2019 жылғы 8 қаңтардағы № 1
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 15-05/1139
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 818 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Органикалық өсімдік шаруашылығында қызметін жүзеге асыратын субъектілерге қатысты органикалық өнім өндіру саласындағы тексеру парағы

      органикалық өнім өндіру саласындағы

      __________________________________________________________________

      (2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

      органикалық өсімдік шаруашылығында қызметін жүзеге асыратын субъектілерге қатысты

      ____________________________________________________________________

      (бақылау субъектісінің (объектісінің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексеру тағайындау туралы акт _________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _______________________________

      _____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы_________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1.

Топырақты өңдеу, тыңайту және зиянкестерді бақылау әдістері бойынша жүргізілген жұмыстар туралы бақылау субъектісінің фитосанитариялық есептілігінің болуы





2.

Органикалық өндірілген тұқымдарды (отырғызу материалдарын) пайдалану





3.

Қорғаныш конструкцияларды жабу, синтетикалық жабындар, жәндіктерден қорғайтын торлар және сүрлемді орау үшін полиэтилен, полипропилен және басқа да поликарбонаттар негізіндегі материалдарды қолдану





4.

Органикалық өнім өндіруді органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларына сәйкес органикалық өнімге жатпайтын өнімді өндіруден бөлек жүргізу





      Лауазымды адам (дар)

      ___________________ ______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Бақылау субъектісінің басшысы

      ___________________ ____________

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін
атқарушының
2019 жылғы 3 қаңтардағы № 1
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2019 жылғы 8 қаңтардағы № 1
бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Органикалық мал шаруашылығында қызметін жүзеге асыратын субъектілерге қатысты органикалық өнім өндіру саласындағы тексеру парағы

      органикалық өнім өндіру саласындағы

      _________________________________________________________________

      (2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

      органикалық мал шаруашылығында қызметін жүзеге асыратын субьектілерге қатысты

      ___________________________________________________________

      (бақылау субъектісінің (объектісінің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексеру тағайындау туралы акт ______________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _______________________________

      __________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес- сәйкестендіру нөмірі

      __________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы_________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

Жануарлардың ауруларын тіркеуге арналған журналда "Егiлген немесе профилактикалық мақсатта дауаланған жануарлардың саны"; "Қосымша зерттеулер, клиникалық белгiлерi, емдiк көмек, ұсынымдар" бағандарында қолдануға тыйым салынған ветеринариялық дәрілік заттардың (артибиотиктердің) пайдаланылуы туралы ақпараттың болмауы





2

Күйіс қайыратындар және жылқы тұқымдастар үшін күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерін сақтау.
Тірідей салмағы (килограмм) мынадай жануарға арналған жабық қора-жайдағы алаң:
100-ге дейін;
200-ге дейін;
350-ге дейін;
350-ден жоғары.
бір басқа шаршы метр:
1,5;
2,5;
4,0;
5.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
1,1;
1,9;
3;
3,7.





3

Сүт беретін сиырларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерін сақтау.
Жабық қора-жайдағы алаң, бір басқа шаршы метр:
6
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
4,5





4

Тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерін сақтау.
Жабық қора-жайдағы алаң, бір басқа шаршы метр:
10
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
30





5

Қойлар мен ешкілерді күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерін сақтау.
Ересек мал
Жабық қора-жайдағы алаң, бір басқа шаршы метр:
1,5
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
2,5
Төл
Жабық қора-жайдағы алаң, бір басқа шаршы метр:
0,35
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
0,5





6

40 күнге дейінгі торайлары бар торайлайтын шошқаларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерін сақтау.
Жабық қора-жайдағы алаң, бір басқа шаршы метр:
7,5
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
2,5





7

Шошқаларды бордақылау үшін күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерін сақтау.
Тірідей салмағы (килограмм) мынадай жануарға арналған жабық қора-жайдағы алаң:
50-ге дейін;
85-ке дейін;
110-ға дейін.
бір басқа шаршы метр:
0,8;
1,1;
1,3.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
0,6;
0,8;
1





8

Торайларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерін сақтау.
Тірідей салмағы (килограмм) мынадай жануарға арналған жабық қора-жайдағы алаң:
30-ға дейін
бір басқа шаршы метр:
0,6
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
0,4





9

Өсіруге арналған шошқаларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерін сақтау.
Жабық қора-жайдағы алаң, бір басқа шаршы метр:
бір ұрғашы дарағына – 2,5;
бір еркек дарағына (серуендету пайдаланылғанда – 10) – 6.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
бір ұрғашы дарағына – 1,9;
бір еркек дарағына – 8,0.





10

Жұмыртқалағыш тауықтарды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерін сақтау.
Жабық қора-жайдағы алаң:
бір шаршы метрге құс саны – 6;
бір құсқа орын – 18 сантиметр;
ұя – 1 ұяға 7 жұмыртқалайтын тауық немесе жалпы ұя жағдайында – 1 құсқа 120 шаршы сантиметр.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр алаң:
4, жылына азот 1 гектарға 170 килограммнан асып кетпеген жағдайда.





11

Үй құсын күтіп-бағу және бордақылау (тұрақты қора-жайда) алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерін сақтау.
Жабық қора-жайдағы алаң:
бір шаршы метрге құс саны – 10, ең жоғарғы жалпы тірідей салмағы 21 килограмм болған кезде;
бір құсқа орын, сантиметр – 20 (тек мысыр тауығы үшін);
ұя – бір ұяға 4 бройлер мен мысыр тауығы, 4,5 үйрек, 10 күркетауық, 15 қаз; барлық түрлер үшін жылына бір гектарға 170 килограмм азот шегі асып кетпеген жағдайда.





12

Үй құсын күтіп-бағу және бордақылау (жылжымалы қора-жайда) алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерін сақтау.
Жабық қора-жайдағы алаң:
бір шаршы метрге құс саны – 16, құсқа арналған жылжымалы қора-жайда ең жоғары жалпы тірідей салмағы 30 килограмм болған кезде;
бір құсқа орын, сантиметр – 2,5, жылына бір гектарға 170 килограмм азот шегі асып кетпеген жағдайда.





13

Шарбақтарда өсірілетін ортаға балықтарды орналастырудың ең жоғары тығыздығын сақтау:
сүйрік – бір текше метрге 25 килограмм;
бекіре – бір текше метрге 10 килограмм;
қортпа – бір текше метрге 44 килограмм;
бақтақ – бір текше метрге 25 килограмм.





14

Бассейндерде өсірілетін ортаға балықтарды отырғызудың ең жоғары тығыздығын сақтау:
сүйрік – бір текше метрге 10 килограмм;
бекіре – бір текше метрге 22,8 килограмм;
қортпа – бір текше метрге 50 килограмм;
бақтақ – бір текше метрге 35 килограмм;
жайын – бір шаршы метрге 200 килограмм.





15

Сумен жабдықтаудың тұйық циклді қондырғыларында өсірілетін ортаға балықтарды отырғызудың ең жоғары тығыздығын сақтау:
бекіре – бір шаршы метрге 20 килограмм;
жайын – бір шаршы метрге 200 килограмм;
бақтақ – бір текше метрге 50 килограмм.





16

Бейімделген көлдер мен тоғандардағы өсірілетін ортаға балықтарды отырғызудың ең жоғары тығыздығын сақтау:
ақсақа балықтар (пайда балық, көкшұбар балық, ақсақа, шыр, ақ балық) – бір гектарға 400 килограмм;
өсімдік қоректілер (ақ амур, қара амур, ақ және сұр дөңмаңдай), тұқы (сазан), көксерке, шортан, кәдімгі жайын) – түрлері бойынша жиынтық бір гектарға 3000 килограммнан көп емес;
бекіре тұқымдастар (орыс бекіресі, сібір бекіресі, шоқыр) – түрлері бойынша жиынтық бір гектарға 1070 килограммнан көп емес;
канал жайыны – бір гектарға 3000 килограмм.





      Лауазымды адам (дар)

      ___________________ _________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Бақылау субъектісінің басшысы

      ___________________ ____________

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады