Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 32 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 ақпанда № 18285 болып тіркелді

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2019 жылғы 8 ақпандағы
№ 32 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 "Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін тіркеу тізілімінде № 10164 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 6 ақпанда жарияланған) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар қызметінің қағидаларында:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына сәйкес ОРРММИК және СДБОМИ білім беру мазмұны оқу жұмыс жоспарымен және бағдарламаларымен айқындалады.

      Негізгі оқу жоспарының вариациялық бөлігінің құрамына кіретін және ОРРММИК және СДБОМИ ерекшелігін сипаттайтын оқу жұмыс жоспары және оқу пәндерінің бағдарламаларын мектеп дербес жүзеге асырады.";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Оқушылар контингентін жинактау тәртібі";

      бірінші бөлімнің 9 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. ОРРММИК және СДБОМИ-ге қабылдау тәртібі 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 16-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2, 9-3, тармақтарымен толықтырылсын:

      "9-1. ОРРММИК-ке және СДБОМИ-ға оқуға қабылдау тәртібі ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусыымынан кешіктірмей өздерінің интернет-ресурстарында жарияланады.

      9-2. ОРРММИК-ке және СДБОМИ-ға 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11 сыныптарына қабылдау кезінде оқуға түсушінің ата-анасы немесе заңды өкілдері келесідей құжаттарды ұсынады:

      1) еркін формадағы өтініш;

      2) оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын немесе туу туралы куәліктің көшірмесі (жеке сәйкестіндіру номерінің бар болуы);

      3) оқуға түсушінің ата-анасының немесе заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің № 10012 тіркеу нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 "Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы" бұйрығында көрсетілген нысанға сәйкес толтырылған спортшының жеке картасы;

      5) жалпы орта білім туралы құжаттың түпнұсқасы (оныншы, он бірінші сыныптарға оқуға түсетін кезде);

      6) куәліктің көшірмесі немесе бұйрықтың көшірмесі, немесе келесі спорттық атақтар мен разрядтардың бірін беру туралы бұйрықтан үзінді: "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер", "1-разрядты спортшы", "2-разрядты спортшы", "3-разрядты спортшы", "1-жасөспірімдік разрядты спортшы", "2-жасөспірімдік разрядты спортшы", "3-жасөспірімдік разрядты спортшы".

      Спорттық атақты беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді уәкілетті органның мөрімен расталады, спорттық разряд беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады;

      7) мекен-жай анықтамасы;

      8) 3х4 өлшемдегі алты фотосурет, фотосуретті сақтау үшін қағаз конверт, оқуға түсушінің жеке құжаты тігілетін мұқаба;

      9) Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің № 6697 тіркеу нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" бұйрығының 3-қосымшасында бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы медициналық құжаттардың түпнұсқалары, яғни № 086/ж үлгісіндегі медициналық анықтама (қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындысы) № 026 нысан бойынша баланың медициналық анықтамасы, № 063/у нысаны бойынша профилактикалық егулер картасы, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтама; жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындысы; электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытынды, сондай-ақ фтизиатриядан мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысы (бокс бөліміне түсу кезінде);

      10) бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда жүлделі орындар алғандығын куәландыратын дипломдар мен грамоталардың көшірмелері ОРРММИК-ке оқуға түсушілер ұсынады (бар болған жағдайда);

      11) бірыңғай аймақтық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың спорттық жарыстарда жүлделі орындар алғандығын куәландыратын дипломдар мен грамоталардың көшірмелері СДБОМИ-ге оқуға түсушілер ұсынады (бар болған жағдайда).

      Осы тармақта көрсетілген құжаттар, 5, 6, 7, 8 және 9 сыныптарға түсушілердің ата-аналарынан және басқа да заңды өкілдерінің өздерінен ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымы мен 20 тамызы аралығында қабылданады.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттар, 10 және 11-сыныптарға түсушілерден ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 маусымынан 20 тамызы аралығында қабылданады.

      9-3. ОРРММИК колледжінің бірінші курсына оқуға түсу кезінде келесі құжаттар ұсынылады:

      1) еркін формадағы өтініш;

      2) оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) жалпы орта білім туралы құжаттың түпнұсқасы;

      4) Бірыңғай ұлттық тестілеу туралы сертификат немесе кешенді тестілеу сертификаты (бар болған жағдайда);

      5) куәліктің көшірмесі немесе бұйрықтың көшірмесі, немесе келесі спорттық атақтар мен разрядтардың бірін беру туралы бұйрықтан үзінді: "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер".

      Спорттық атақты беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді уәкілетті органның мөрімен расталады, спорттық разряд беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады;

      6) мекен-жай анықтамасы;

      7) 3х4 өлшемдегі алты фотосурет, фотосуретті сақтау үшін қағаз конверт, оқуға түсушінің жеке құжаты тігілетін мұқаба;

      8) Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің № 6697 тіркеу нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" бұйрығының 3-қосымшасында бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы медициналық құжаттардың түпнұсқалары, яғни № 086/ж үлгісіндегі медициналық анықтама (қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындысы) № 026 нысан бойынша баланың медициналық анықтамасы, № 063/у нысаны бойынша профилактикалық егулер картасы, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтама; жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындысы; электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытынды, сондай-ақ фтизиатриядан мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысы (бокс бөліміне түсу кезінде);

      9) бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда жүлделі орындар алғандығын куәландыратын дипломдар мен грамоталардың көшірмелері ОРРММИК-ке оқуға түсушілер ұсынады (болған жағдайда).

      Осы тармақта көрсетілген құжаттар ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 20 тамыз аралығында оқуға түсушінің өзінен ғана қабылданады.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Оқу тәрбие және оқу-жаттығу процестерін ұйымдастыру тәртібі";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Кадрлық қамтамасыз ету тәртібі".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 "Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі № 10012 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерту мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептерінің қызметі қағидаларында:

      9-1 тармағы мынадай редакцияда толықтырылсын:

      "9-1. Спорт мектебіне мына талаптарға сәйкес келетін жалпы білім беретін мектептердің және басқа да оқу орындарының оқушылары қабылданады:

      1) таңдаған спорт түрі бойынша спорттық норматив;

      2) Қағиданың 1-1 қосымшасында көрсетілген спорт түрлері бойынша алғашқы даярлау топтарына қабылдау үшін балалардың жасы.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Спорт мектепке оқуға түсушінің ата-анасы немесе заңды өкілдері келесідей құжаттарды ұсынады:

      1) еркін формадағы өтініш;

      2) оқуға түсушінің жеке сәйкестіндіру нөмері бар туу туралы куәліктің көшірмесі;

      3) ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) таңдаған спорт түрімен шұғылдануға участкелік дәрігермен берілген рұқсатнамасы бар медицналық анықтама;

      5) Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің № 6697 тіркеу нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" бұйрығының 3-қосымшасында бекітілген яғни № 086/ж үлгісіндегі медициналық анықтама (қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындысы).".

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі № 11276 тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерту мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атақтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.";

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілетін осы Тізбенің 1-қосымшасына сәйкес толықтырылған 10-қосымшамен толықтырылсын;

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілетін осы Тізбенің 2-қосымшасына сәйкес толықтырылған 11-қосымшамен толықтырылсын;

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілетін осы Тізбенің 3-қосымшасына сәйкес толықтырылған 12-қосымшамен толықтырылсын.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2019 жылғы 8 ақпандағы
№ 32 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 139 бұйрығына
10-қосымша

"Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты

1-тарау. Жалпы ереже

      1. "Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минут:

      5, 6, 7, 8, 9 сыныптарда құжаттарды қабылдау 1 маусымнан 20 (жиырмасыншы) тамызға дейін қоса алғанда, 10, 11 сыныптарда - 15 маусымнан 20 (жиырмасыншы) тамызға дейін, колледжге - 20 (жиырмасыншы) маусымнан 20 (жиырмасыншы) тамызға дейін қоса алғанда;

      2) құжаттарды қабылдау сәтіне дейін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты - 15 (он бес) минуттан артық емес;

      3) көрсетілетін қызметті берушіге рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 минуттан артық емес.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: құжаттарды қабылдау туралы түбіртек немесе осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсынудан бас тарту туралы негізделген жауап.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі (немесе өкілетті өкіл):

      олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері (бұдан әрі – ОРРММИК) мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына (бұдан әрі – СДБОМИ) 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11 сыныптарына оқуға түсу кезінде:

      1) оқуға түсушінің ата-анасынан немесе басқа да заңды өкілдерінен еркін формадағы өтініш;

      2) оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын немесе туу туралы куәлігінің (жеке сәйкестіндіру нөмері бар) көшірмесі;

      3) ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) Нормативтік құқықтық актілердің №10012 нөмірімен Мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің "Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды дайындаудың оқу үрдісі жүргізілетін дене шынықтыру және спорт ұйымдарының түрлерінің тізбесін және олардың қызметі туралы ережені бекіту туралы" 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша толтырылған спортшының жеке карточкасы;

      5) жалпы орта білім туралы құжат (оныншы, он бірінші сыныптарға қабылдау үшін);

      6) куәліктің көшірмесі немесе бұйрықтың көшірмесі, немесе келесі спорттық атақтар мен разрядтардың бірін беру туралы бұйрықтан үзінді: "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер", "1-разрядты спортшы", "2-разрядты спортшы", "3-разрядты спортшы", "1-жасөспірімдік разрядты спортшы", "2-жасөспірімдік разрядты спортшы", "3-жасөспірімдік разрядты спортшы".

      Бұйрықтың көшірмесі немесе спорттық атақты беру туралы бұйрықтан үзінді уәкілетті органның мөрімен расталады, ал бұйрықтың көшірмесі немесе спорттық разряд беру туралы бұйрықтан үзінді жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады;

      7) мекен-жай анықтамасы;

      8) 3х4 өлшемдегі алты фотосурет, фотосуретті сақтау үшін қағаз конверт, оқуға түсушінің жеке құжаты тігілетін мұқаба;

      9) Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің № 6697 тіркеу нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" бұйрығының 3-қосымшасында бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы медициналық құжаттардың түпнұсқалары, яғни № 086/ж үлгісіндегі медициналық анықтама (қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындысы) № 026 нысан бойынша баланың медициналық анықтамасы, № 063/у нысаны бойынша профилактикалық егулер картасы, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтама; жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындысы; электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытынды, сондай-ақ фтизиатриядан мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысы (бокс бөліміне түсу кезінде);

      10) ОРРММИК-ке оқуға түсушілер үшін, бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда жүлделі орындар алғандығын куәландыратын дипломдар мен грамоталардың көшірмелері (болған жағдайда);

      11) СДБОМИ-ге оқуға түсушілер үшін, бірыңғай аймақтық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың спорттық жарыстарда жүлделі орындар алғандығын куәландыратын дипломдар мен грамоталардың көшірмелері (бар болған жағдайда).

      ОРРММИК колледжінің бірінші курсына оқуға түсу кезінде келесі құжаттар ұсынылады:

      1) еркін формадағы өтініш;

      2) оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын куәлігінің көшірмесі;

      3) орта білім беру туралы құжаттың түпнұсқасы;

      4) Бірыңғай ұлттық тестілеу туралы куәлік немесе кешенді тестілеу сертификаты (болған жағдайда);

      5) куәліктің көшірмесі немесе бұйрықтың көшірмесі, немесе келесі спорттық атақтар мен разрядтардың бірін беру туралы бұйрықтан үзінді: "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер".

      Бұйрықтың көшірмесі немесе спорттық атақты беру туралы бұйрықтан үзінді уәкілетті органның мөрімен расталады, ал бұйрықтың көшірмесі немесе спорттық разряд беру туралы бұйрықтан үзінді жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады;

      6) мекен-жай анықтамасы;

      7) 3х4 өлшемдегі алты фотосурет, фотосуретті сақтау үшін қағаз конверт, оқуға түсушінің жеке құжаты тігілетін мұқаба;

      8) Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің № 6697 тіркеу нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" бұйрығының 3-қосымшасында бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы медициналық құжаттардың түпнұсқалары, яғни № 086/ж үлгісіндегі медициналық анықтама (қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындысы) № 026 нысан бойынша баланың медициналық анықтамасы, № 063/у нысаны бойынша профилактикалық егулер картасы, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтама; жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындысы; электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытынды, сондай-ақ фтизиатриядан мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысы (бокс бөліміне түсу кезінде);

      9) ОРРММИК-ке оқуға түсушілер үшін бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда жүлделі орындар алғандығын куәландыратын дипломдар мен грамоталардың көшірмелері ОРРММИК-ке оқуға түсушілер үшін (бар болған жағдайда).

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:

      1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің (ақпараттардың) сенімсіздігін анықтау;

      2) Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің № 9947 тіркеу нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 "Республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттардың, олимпиадалық резервтер колледждерінің және спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, олимпиадалық резервтегі республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттардың ережелері мен спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың ережесінің 7-тармағында көзделген қызмет көрсетушінің және (немесе) талап етілетін мәліметтер мен ақпараттардың сәйкес келмеуі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде:

      1) ОРРММИК-қа шағым қызметті берушінің басшылығына немесе Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс, 641-кабинет мекенжайы бойынша Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшылығына жолданады, байланыс телефондары: 8 (7172) 741262, 741194;

      2) СДБОМИ-ға шағым қызметті берушінің басшылығына немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың спорт және дене шынықтыру істері саласындағы тиісті жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      Шағым Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда, немесе қызметті берушінің кеңсесі, Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитеті немесе тиісті жергілікті атқарушы орган арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" www.egov.kz (бұдан әрі - портал) веб-порталы арқылы жазбаша түрде немесе электронды түрде жіберіледі.

      Шағымды қабылдауды растау (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні көрсетілген) қызметті көрсетуші Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті кеңсесінде немесе тиісті жергілікті атқарушы органда оны тіркеу болып табылады. Жеке барған немесе видео хабарлама арқылы хабарласқан кезінде, қызмет алушыға қабылдау күні мен уақыты, келіп түскен құжаттың нөмірі, онда шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда) бар талон беріледі.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), пошталық мекенжайы және қолы көрсетілуі тиіс.

      Қызмет берушіге, тиісті жергілікті атқарушы органға немесе Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне түскен қызмет алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы не портал арқылы немесе Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің немесе жергілікті атқарушы органның қызметті берушінің кеңсесі арқылы, қолма қол беріледі.

      Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Заңды тұлғаның шағымында, оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс хаттың тіркелген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ерекшеліктерін есепке ала отырып, өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің Спорт және дене шынықтыру комитетінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар не Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2019 жылғы 8 ақпандағы
№ 32 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 139 бұйрығына
11-қосымша

"Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ереже

      1. "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептерінің (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 30 минут;

      2) спорт түрлері бойынша бірінші оқу жылының алғашқы даярлау топтарына құжаттарды қабылдау 20 (жиырмасыншы) қыркүйекке дейін жүргізіледі;

      3) құжаттарды қабылдау сәтіне дейін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты - 15 (он бес) минуттан артық емес;

      4) көрсетілетін қызметті берушіге рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минуттан артық емес.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10 тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) оқуға түсушінің ата-анасынан немесе басқа да заңды өкілдерінен өтініш (өз еркі бойынша);

      2) оқуға түсушінің жеке сәйкестіндіру нөмері бар туу туралы куәліктің көшірмесі;

      3) ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) таңдаған спорт түрімен шұғылдануға участкелік дәрігермен берілген рұқсатнамасы бар медицналық анықтама;

      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген 088/у нысандағы медициналық құжаты (тұрғылықты жері бойынша мүгедектер тапсыратын медициналық-санитарлық сараптамасының анықтамасы (бұдан әрі – МССК) нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі № 6697 тіркелген.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:

      1) ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған деректердің және мәліметтердің Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің № 10012 тіркеу нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 "Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қағидасының 9-1, 10-1, 11 тармақтарында көрсетілген талаптарына сәйкес келмеуі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) басшысына жолданады.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы беріледі.

      Шағымды қабылдауды растау (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні көрсетілген) қызметті көрсетуші Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті кеңсесінде немесе тиісті жергілікті атқарушы органда оны тіркеу болып табылады. Жеке барған немесе видео хабарлама арқылы хабарласқан кезінде, қызмет алушыға қабылдау күні мен уақыты, келіп түскен құжаттың нөмірі, онда шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда) бар талон беріледі.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), пошталық мекенжайы және қолы көрсетілуі тиіс.

      Қызмет берушіге немесе тиісті жергілікті атқарушы органға келіп түскен қызмет алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы болмаса портал немесе жергілікті атқарушы органның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Заңды тұлғаның шағымында, оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс хаттың тіркелген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ерекшеліктерін есепке ала отырып, өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар не Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2019 жылғы 8 ақпандағы
№ 32 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 139 бұйрығына
12-қосымша

"Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) әзірленді.

      3. Мемлекеттік қызметтің көрсетілуі кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдармен жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішті қабылдау және нәтижесін беру көрсетілген қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      2) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдауы дене шынықтыру және спорт саласында курстар басталғанға дейін екі апта бұрын жүргізіледі;

      3) құжаттарды қабылдау сәтіне дейін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты - 15 (он бес) минуттан артық емес;

      4) көрсетілетін қызметті берушіге рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 20 (жиырма) минуттан артық емес.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып құжаттарды қабылдау туралы түбіртек немесе осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсынудан бас тарту туралы негізделген жауап.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00 ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      9. Қызмет алушыға (немесе уәкілетті өкілге) өтініш бергенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізімі:

      1) жіберуші заңды тұлғаның басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (құжаттар заңды тұлғаның басшысымен ұсынылған кезде);

      заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің нотариалды куәландырылған сенімхаты, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (заңды тұлғаның уәкілетті өкілі құжаттарды ұсынған кезде);

      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлға құжаттарды ұсынған кезде);

      жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің нотариалды куәландырылған сенімхаты, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (құжаттар жеке тұлғаның өкілімен ұсынылған кезде);

      2) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға арналған осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес толтырылған нысандағы өтініші.

      Құжаттарды қағазға қабылдауды растау қызмет көрсетушінің кеңсесінде құжаттарды қабылдау күні мен уақыты көрсетіліп дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруға берген өтініштің көшірмесіне белгі болып табылады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың себебі болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолданады.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті арқылы қолма-қол, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы беріледі.

      Шағымды қабылдауды растау (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні көрсетілген) қызметті көрсетуші Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті кеңсесінде немесе тиісті жергілікті атқарушы органда оны тіркеу болып табылады. Жеке барған немесе видео хабарлама арқылы хабарласқан кезінде, қызмет алушыға қабылдау күні мен уақыты, келіп түскен құжаттың нөмірі, онда шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда) бар талон беріледі.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), пошталық мекенжайы және қолы көрсетілуі тиіс.

      Қызмет берушіге немесе тиісті жергілікті атқарушы органға келіп түскен қызмет алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы болмаса портал немесе Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс хаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ерекшеліктерін есепке ала отырып, өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мемлекеттік қызмет көрсетушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар не Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды
даярлау, қайта даярлау және
біліктілікті арттыру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(оқу өткізетін ұйымның атауы)
____________________________
____________________________
(өтініш беруші: жеке тұлға үшін
- аты, жөні, тегі (ол болған
жағдайда); заңды тұлға үшін -
толық атауы)

ӨТІНІМ

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы келесі кадрлар

      ____________________________________________________________________

                        (даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру)

                        өту үшін жіберіледі:

Р/с №

Тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда)

Лауазымының толық атауы

Тақырыбы, спорт түрі

Кезеңі (курстың басталу және аяқталу күні)

Байланыс (телефон нөмірі, электрондық мекенжайы)

1






2






3






      _____________________________             _________________________________

      (жеке тұлға үшін – аты, жөні, тегі             (жеке тұлға үшін – қолы;

      (ол болған жағдайда),                   заңды тұлға үшін – қолы және мөрі)

      мекенжайы, телефон нөмірі,

      электрондық мекенжайы;

      заңды тұлға үшін – толық атауы,

      заңды мекенжайы,

      телефон нөмірі,

      электрондық мекенжайы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады