Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 155 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 наурызда № 18359 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.12.2022 № 1229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялануы және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізілуі үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 28 ақпандағы
№ 155 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 17.04.2024 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Атауы

Қосымша талап

1.

Көрсетілетін қызметтер:


1.1.

Медициналық қарап тексеру жөніндегі қызметтер

Медициналық қарап тексеру жөніндегі қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім берушілер және өнім берушілер көрсетілген қызметтерді сатып алу жоспарланатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыс, республикалық маңызы бар қала және астана) аумағында болуға тиіс

1.2.

Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер

Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім берушілер және өнім берушілер көрсетілген қызметтерді сатып алу жоспарланатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыс, республикалық маңызы бар қала және астана) аумағында болуға тиіс

1.3.

Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі қызметтер

Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыс, республикалық маңызы бар қала және астана) аумағында болуға тиіс

1.4.

Корпоративтік басқаруға тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі қызметтер

Корпоративтік басқаруға тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер корпоративтік басқару жүйелерін бағалау бойынша қызметке кемінде бес жыл немесе Қазақстанда да, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерде де он ірі компанияда тәжірибенің болуы тиіс

1.5.

Гүлдерді сатып алу мен оларды күтіп ұстау бойынша қызметтер

Гүлдерді жеткізу мен оларды күтіп ұстау бойынша қызметтерді ұсынатын әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер осы қызметтерді сатып алу жоспарланған тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыс, республикалық маңызы бар қала және астана) аумағында орналасуы тиіс

2.

Жұмыс:


2.1.

Автомобиль жолдарын күтіп ұстау жөніндегі жұмыстар

Елді мекендердің автомобиль жолдары мен көшелерін күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды орындайтын әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер аталған жұмыстарды сатып алу жоспарланып отырған тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) аумағында болуға тиіс


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады