Байланыс формасы

"Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2019 жылғы 15 наурыздағы № 114 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 наурызда № 18393 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7547 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 шілдедегі Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында 2012 жылғы № 8 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітлген жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Президенттік олимпиада жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:

      1) бірінші (өңірлік) кезең – 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін;

      2) екінші (іріктеу) кезең – 2 турда өткізіледі:

      1 тур (қашықтық) – 15 қарашаға дейін;

      2 тур (шығармашылық) – қашықтық турды өткізу күні;

      3) үшінші (республикалық) кезең – 30 қарашаға дейін.

      Екінші (шығармашылық) турға қатысушылар 45 минут ішінде 1 беттен аспайтын көлемде эссені олардың оқу тілінде жазады.

      Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде мынадай төрт пән бойынша тапсырмаларды оқу тілінде орындайды: математика, физика, химия және биология.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары (бұдан әрі – РББҰ), "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – "НЗМ" ДББҰ) және "Республикалық физика-математика мектебі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "РФММ" КеАҚ) өткізеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Өңірлік кезеңнің нәтижелері бойынша іріктеу кезеңіне әрбір облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары, "НЗМ" ДББҰ құрамы 20 адамнан аспайтын команда (әрбір пән бойынша 5 қатысушыдан артық емес), РББҰ және "РФММ" КеАҚ құрамы 8 адамнан аспайтын команда (әрбір пән бойынша 2 қатысушыдан артық емес) ұсынады.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Олимпиаданы оқу жылы бойы 9-11 сынып оқушылары арасында әр жалпы білім беретін пән бойынша білім басқармасының тиісті органдарымен төрт кезеңде өткізеді:

      1) бірінші (мектептік) кезең ағымдағы оқу жылының 30 қарашасынан кешіктірмей орта білім беру ұйымдарында ауданның (қаланың) білім басқармасы органдары дайындаған тапсырмалар бойынша өткізіледі;

      2) екінші (аудандық/қалалық) кезеңді аудандық немесе қалалық деңгейде ауданның (қаланың) білім басқармасының органдары өткізеді;

      3) үшінші (облыстық) кезеңді облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары (бұдан әрі – РББҰ), "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – НЗМ ДББҰ) және "Республикалық физика-математикалық мектебі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "РФММ" КеАҚ) өткізеді";

      4) төртінші (республикалық) кезең республиканың түрлі өңірлерінде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерді бөле отырып өткізіледі.

      Қатысушылардың жұмыстарын Олимпиаданың барлық кезеңдерінде қазылар алқасы алдын ала шифрланған және сканерленген түрде ұсынады.

      Қазылар алқасы мүшелерінің жұмыстарды бағалауы ұйымдастыру комитеті әзірлеген бағалау критерийлеріне сәйкес қамтамасыз етіледі.

      Әр кезеңнің қорытындысы бойынша жұмыстарды бағалау нәтижелері ұйымдастыру комитетіне беріледі.";

      11-тармақ алынып тасталсын;

      16-тармақ алынып тасталсын;

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Олимпиаданың төртінші кезеңіне нәтижелеріне сәйкес, әр пән және сынып бойынша екі қатысушыдан артық емес жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 10-11 сынып оқушылары, сондай-ақ олимпиада резервінің оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар жіберіледі.

      Олимпиаданың төртінші кезеңінің әрбір қатысушысы тапсырмаларды орындау үшін жеке жұмыс орнымен, дәптермен және/немесе "Дарын" РҒПО мөртабаны бар қағазбен, оқу тіліндегі тапсырмалар мәтінімен қамтамасыз етіледі.

      Олимпиаданың төртінші кезеңі аяқталған соң қатысушылардың жұмыстарын бағалау нәтижелері "Дарын" РҒПО интернет-ресурсында және өткізу орындарында 1 сағат (60 минут) ішінде орналастырылады.

      Олимпиаданың төртінші кезеңінің қорытындысы шығарылғаннан кейін қатысушылар жұмыстарының сканерленген көшірмелері "Дарын" РҒПО интернет-ресурсында қатысушылардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетілмей орналастырылады.

      Олимпиаданың төртінші кезеңінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету үшін оны өткізу процесі онлайн режимінде қарау үшін бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Олимпиаданың төртінші кезеңіне қатысатын облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, "НЗМ" ДББҰ, РББҰ және "РФММ" КеАҚ командаларын Олимпиада барысында жалпы білім беретін пәндерді оқыту проблемалары бойынша семинарларға, пікірталастарға қатысатын, олимпиадашыларды дайындау бойынша тәжірибе алмасатын мамандар, әдіскерлер, сондай-ақ мұғалімдер алып жүреді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Екінші және үшінші кезең жұмыстарын үйлестіру Олимпиаданың тиісті кезеңі, республикалық кезең аяқталғаннан кейін бір күн ішінде - Олимпиада нәтижелері жарияланғаннан кейін 5 сағат ішінде жүргізіледі.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми-жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларында:

      13 және 14 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ғылыми конкурстар төрт кезеңде өткізіледі:

      1) бірінші кезеңді (мектеп, аудандық) – білім бөлімдері;

      2) екінші кезеңді (іріктеу алдындағы) – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары (бұдан әрі – РББҰ), "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – "НЗМ" ДББҰ), "Республикалық физика-математика мектебі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "РФМШ" КеАҚ) екі турда өткізеді:

      бірінші тур – жобаларды қорғау;

      екінші тур – осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстары өткізілетін пәндер тізбесіне сәйкес оқыту тіліне, сыныбына сай бейіндік пәнді тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша тестілеу.

      Әдістемелік кеңес құрастырған тесттілер 60 сұрақтан тұрады (120 балл), оларды орындауға 2 астрономиялық сағат беріледі.

      Үшінші кезеңге тестілеу балдарының жалпы санынан кемінде 50% балл жинаған іріктеу алдындағы кезеңнің екінші турына қатысушылар жіберіледі. Командалық жұмысты үшінші кезеңге жіберу үшін өту баллы жұмыс авторларының жинаған балдарының орташа арифметикалық саны болып табылады;

      3) үшінші кезеңді (іріктеу) – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша "Дарын" РҒПО және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша облыстық білім беру ұйымдары (алдын ала сараптама) өткізеді.

      Ғылыми конкурстың төртінші кезеңіне ең көп балл жинаған үшінші кезеңнің жүлдегерлері жіберіледі;

      4) төртінші кезең (республикалық) - Республикалық ұйымдастыру комитеті (жобаларды қорғау).

      14. Ғылыми конкурстың бірінші және екінші кезеңдерін өткізу мерзімдері облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, РББҰ, "НЗМ" ДББҰ және "РФММ" КеАҚ басшыларының бұйрығымен анықталады. Ғылыми конкурстың үшінші және төртінші кезеңдері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен айқындалған мерзімдерде өткізіледі. Ғылыми конкурс осы Қағидаларда қосымшаға сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстары өткізілетін пәндер тізбесі бойынша өткізіледі.";

      18-тармақ алынып тасталсын;

      19-тармақ алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
Э. Суханбердиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады