Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2019 жылғы 11 наурыздағы № 81 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 143 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 28 наурызда № 18435 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 29.03.2023 № 121 және ҚР Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің м.а. 31.03.2023 № 129-НҚ (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр
      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
М. Досмұхамбетов

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушының
2019 жылғы 11 наурыздағы
№ 81 және
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің 2019 жылғы
18 наурыздағы № 143 бірлескен
бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 29.03.2023 № 121 және ҚР Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің м.а. 31.03.2023 № 129-НҚ (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Объектісі мен қолдану саласы көрсетілген өлшем атауы

Метрологиялық талаптар

Ескертпе

Өлшемдер ауқымы

Шекті рұқсат етілген ауытқуы немесе дәлдік тобы


1.

2

3

4

5

1-бөлім. Мұнай және мұнай өнімдері саласында


Құбырлар арқылы тасымалдау кезінде, автомобиль, теміржол, су көлігіне, резервуарларға ауыстырып тиеу кезінде мұнай/мұнай өнімдерінің массасын өлшеу




1.

динамикалық өлшеулердің тікелей және жанама әдістері, брутто

шектеусіз

± 0,25 %

МЕМСТ 8.587
"Мұнай және мұнай өнімдерінің массасы. Өлшеу әдістемелері (әдістері)"

2.

динамикалық өлшеулердің тікелей және жанама әдістері, нетто

шектеусіз

± 0,35 %

МЕМСТ 8.587
"Мұнай және мұнай өнімдерінің массасы. Өлшеу әдістемелері (әдістері)"

3.

ағытылған цистерналарды таразыда өлшеу арқылы статикалық өлшеудің тікелей әдісі, брутто

шектеусіз

± 0,40 %

МЕМСТ 8.587
"Мұнай және мұнай өнімдерінің массасы. Өлшеу әдістемелері (әдістері)"

4.

ағытылған цистерналарды таразыда өлшеу арқылы статикалық өлшеудің тікелей әдісі, нетто

шектеусіз

± 0,50 %

МЕМСТ 8.587
"Мұнай және мұнай өнімдерінің массасы. Өлшеу әдістемелері (әдістері)"

5.

қозғалыстағы ағытылмаған цистерналар мен олардың құрамдарын таразыда өлшеу арқылы статикалық өлшеудің тікелей әдісі, брутто

жалпы салмағы 1000 тоннадан артық емес

± 1,0 %

МЕМСТ 8.587
"Мұнай және мұнай өнімдерінің массасы. Өлшеу әдістемелері (әдістері)"

жалпы салмағы 1000 тонна және одан астам

± 2,5%

6.

қозғалыстағы ағытылмаған цистерналар мен олардың құрамдарын таразыда өлшеу арқылы статикалық өлшеудің тікелей әдісі, нетто

жалпы салмағы 1000 тоннадан артық емес

± 1,1%

МЕМСТ 8.587
"Мұнай және мұнай өнімдерінің массасы. Өлшеу әдістемелері (әдістері)"

жалпы салмағы 1000 тонна және одан астам

± 2,6%

7.

статикалық өлшеулердің жанама әдісі және гидростатикалық принципке негізделген жанама әдіс, брутто

200 тоннадан артық емес

± 0,65 %

МЕМСТ 8.587
"Мұнай және мұнай өнімдерінің массасы. Өлшеу әдістемелері (әдістері)"

200 тонна және одан астам

± 0,50%

8.

статикалық өлшеудің жанама әдісі және гидростатикалық принципке негізделген жанама әдіс, нетто

200 тоннадан артық емес

± 0,75 %

МЕМСТ 8.587
"Мұнай және мұнай өнімдерінің массасы. Өлшеу әдістемелері (әдістері)"

200 тонна және одан астам

± 0,60%

9.

Иеліктен шығарылатын операциялар кезінде авто -, автогаз құю станцияларындағы мұнай өнімдерінің көлемін өлшеу (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа)

шектеусіз

± 0,4 %

МЕМСТ 8.587
"Мұнай және мұнай өнімдерінің массасы. Өлшеу әдістемелері (әдістері)"
МЕМСТ 9018 "Отын тарату колонкалары. Жалпы техникалық шарттар"

2-бөлім. Газ саласында

10.

Контрагент-кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулар кезінде газ шығысын өлшеу

105 текше метр сағат (20ºС және 0,101325 мега Паскаль кезінде)

± 0,75 %

Ультрадыбыстық, турбиналық, айналмалы газ есептегіштері

103-нен 105 текше метр сағатқа дейін (20ºС және 0,101325 мега Паскаль)

± 1,5 %

103 текше метр сағатқа дейін (20ºС және 0,101325 мега Паскаль кезінде)

± 2,5 %

11.

Контрагент-кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулар кезінде газ шығысын анықтау үшін қысымды өлшеу

10 мега Паскальға дейін

± 0,075 %

Газ шығысын 105 текше метр сағатқа артық өлшеу кезінде

12.

Контрагент-кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулар кезінде газ шығысын анықтау үшін қысымды өлшеу

10 мега Паскальға дейін

± 0,25 %

Газ шығысын 105 текше метр сағатқа кем өлшеу кезінде

13.

Контрагент-кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулар кезінде газ шығысын анықтау үшін температураны өлшеу

-40-тан 60 ºС дейін

± 0,3 ºС

Газ шығысын 105 текше метр сағатқа артық өлшеу кезінде

14.

Контрагент-кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулар кезінде газ шығысын анықтау үшін температураны өлшеу

-40-тан 60 ºС дейін

± 0,5 ºС

Газ шығысын 105 текше метр сағатқа кем өлшеу кезінде

15.

Контрагент-кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулар кезінде газ шығысын анықтау үшін газ құрамын өлшеу

-

пропан бойынша орташа квадраттық ауытқу 2%-дан артық емес


16.

Контрагент-кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулар кезінде газ шығысын анықтау үшін газ тығыздығын өлшеу

1 килограмм/ текше метрге дейін (20ºС және 0,101325 мега Паскаль кезінде)

± 0,15 %


17.

Контрагент-кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулар кезінде газ мөлшерін есептеу

-

± 0,1 %


18.

Иеліктен шығарылатын операциялар кезінде газ -, автогаз құю станцияларындағы сұйытылған мұнай газының көлемін өлшеу

шектеусіз

Салыстырмалы қателік ±1% - дан аспауы тиіс. Қоршаған орта және отын температурасының минус 40 ºС-тан 60 ºС-қа дейінгі шегінде (20 ±1%) ºС-тан ерекшеленетін температурада қосымша салыстырмалы дәлсіздік ±1% - дан аспайды.


3-бөлім. Электр энергетикасы саласында


Белсенді электр энергиясының мөлшерін өлшеу:

шектеусіз, килоВатт*сағат


* Жақшада көрсетілген мән – жабдықты салу және жаңғырту кезінде қолданылады


коммерциялық есепке алу аспаптары үшін:

19.

мемлекетаралық электр беру желілерінде, кернеуі 500 киловольт және одан жоғары электр беру желілерінде, қуаты 50 мегаватт және одан жоғары генераторларда, қуаты 63 мегавольт ампер және одан жоғары трансформаторларда

0,2 %


20.

кернеуі 110 – 220 киловольт электр беру желілерінде, қуаты 50 мегаватқа дейінгі генераторларда, қуаты 10-63 мегавольт ампер трансформаторларда

0,5 %


21.

кернеуі 35 – 6 киловольт электр беру желілерінде

1,0 (0,5)* %


22.

кернеуі төмен электр беру желілерінде

2,0 %



электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын қосуға арналған ток және кернеу трансформаторлары үшін:



23.

мемлекетаралық электр беру желілерінде 500 киловольт жоғары кернеуі электр беру желілерінде, қуаты 50 мегаватт және одан жоғары генераторларда


0,2 %



24.

кернеуі 220 киловольт және одан төмен электр беру желілері, қуаты 50 мегаватт дейінгі генераторларда


0,5 %



Реактивті электр энергиясының мөлшерін өлшеу:





коммерциялық есепке алу аспаптары үшін




25.

мемлекетаралық электр беру желілерінде, кернеуі 6 киловольт және одан жоғары электр беру желілерінде, қуаты 50 мегаватт және одан жоғары генераторларда, қуаты 63 мегавольт ампер және одан жоғары трансформаторларда

шектеусіз, киловатт*сағ

2,0 %


26.

кернеуі төмен электр беру желілерінде

4,0 %



электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын қосуға арналған ток және кернеу трансформаторлары үшін:



27.

мемлекетаралық электр беру желілерінде, кернеуі 500 киловольт және одан жоғары электр беру желілерінде, қуаты 50 мегаватт және одан жоғары генераторларда

0,2 %


28.

кернеуі 220 киловольт және одан төмен электр беру желілерінде, қуаты 50 мегаватқа дейінгі генераторларда

0,5 %



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады