"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 наурызда № 18443 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2023 № 181 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 қыркүйекте № 138 (1735) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мыналар отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:

      1) атаулы әлеуметтік көмек;

      2) тұрғын үй көмегі;

      3) жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;

      4) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

      5) бірінші, екінші, үшінші топтардағы он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

      6) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;

      7) бірінші, екінші, үшінші топтардағы он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;

      8) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар;

      9) құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;

      10) қаржыландыру көзіне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, магистранттарға, аспиранттарға, докторанттарға, оқу орындарының басқа да тыңдаушыларына төленетін стипендия;

      11) отбасына төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында көрсетілген көмек;

      12) бала тууға байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;

      13) табысы аз отбасылар қатарындағы білім алушыларға білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес көрсетілетін қаржылай және материалдық көмек;

      14) азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына байланысты "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес табысы аз азаматтарға мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден көрсетілген ақшалай немесе зат түріндегі көмек;

      15) "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес көрсетілетін біржолғы ақшалай көмек;

      16) қайырымдылық көмек;

      17) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;

      18) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;

      19) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;

      20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген заттай көмек түрлері:

      дәрілік препараттар;

      санаторлық-курорттық емдеу;

      протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);

      мүгедектерге бөлінген жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен оңалту құралдары;

      тегін тамақтандыру және білім беру ұйымдарында Қазақтан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес көрсетілетін көмек;

      21) жетім баланы және (немесе) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алумен байланысты біржолғы ақшалай төлемдер.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасы құрамында бірге тұратын, бірақ "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туыс болып табылмайтын адамдардан басқа, бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.

      Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасының құрамы атаулы әлеуметтік көмекке жүгінген кезде ескеріледі.

      Есептеу кезеңінде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасының келген мүшесінің табыстары келген күнінен бастап есепке алынады. Есептеу кезеңінде отбасының мүшесі кеткен кезде отбасының жиынтық табысы кеткен күнінен бастап отбасының кеткен мүшесіне келетін жан басына шаққандағы орташа табыс шегеріле отырып есептеледі.".

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Жиынтық табысты есептеу адам (отбасы) көрінеу жалған құжаттарды ұсынған жағдайда жүргізілмейді.

      Адам (отбасы) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған көрінеу жалған құжаттарды ұсынған кезде өтініш берушіге және оның отбасына атаулы әлеуметтік көмекті төлеу оны тағайындаған барлық кезеңге тоқтатылады.".

      16-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әлеуметтік төлемдер, атап айтқанда:

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген тәртіппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлері, оларға өтемақы төлемдері;

      он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан және бірінші, екінші, үшінші топтардағы он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардан басқа мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

      он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан және бірінші, екінші, үшінші топтардағы он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;

      жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;

      мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;

      бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақылар;

      үйде оқитын мүгедек балаларды оқыту шығындарын өтеу;

      қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға берілетін жәрдемақы;

      патронат тәрбиелеушілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға берілетін төлем;

      мүгедек баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы;

      жұмыс берушінің қаражаты есебінен берілетін әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақылар;

      жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен көрсетілетін қалаішілік қоғамдық көлікте жүруге берілетін материалдық (әлеуметтік) көмек;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін заттай көмек түрлерінің құны, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жергілікті мемлекеттік басқару органдары, мекемелер мен ұйымдар белгілеген барлық төлем түрлеріне үстемеақылар мен қосымша ақылар.".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарламаларының назарына жеткізуді;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) 2) 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Б. Сапарбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады