"Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 938 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 317 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 сәуірде № 18591 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 938 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тзілімінде № 18042 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылғы 14 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау және нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      3) - "электрондық үкімет вебп-порталы (бұдан әрі – портал):

      www.egov.kz – еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттарды ұзартқан кезде".

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттардың топтамасын тапсырған күнен бастап – 1 (бір) жұмыс күні;

      көрсетілген қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияға - 15 (он бес) минут;

      қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияның - 20 минут;

      портал арқылы жүгінген кезде – 30 (отыз) минут;

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 1-1-қосымшаға сәйкес еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар (бұдан әрі - рұқсаттар) беру және ұзарту не болмаса осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Портал арқылы жүгінген кезде еңбекші көшіп келушілерге рұқсатты ұзарту үшін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат форматында еңбекші көшіп келушінің рұқсаты жолданады, ол қағаз тасымалдағышта басып шығарылады."

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні беріледі)."

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (Қазақстан Республикасында визасыз кемінде үш ай мерзімге болу мүмкіндігін көздейтін, Қазақстан Республикасына келу және болдың визасыз тәртібі туралы келісім жасасқан елдердің азаматтары) көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпарацияға өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы сауалнама-өтініш;

      2) жеке кіріс салығы бойынша бастапқы төлемді төлегені туралы түбіртектің көшірмесі – түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі;

      3) Мемлекеттік шекараны кесіп өткені туралы белгісімен жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі);

      4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) сәйкес № 086 нысан бойынша медициналық анықтаманы;

      5) дактилоскопиялаудан өткені және суретке түскені туралы анықтама – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұпнұсқасы (алдынғы күн тізбелік жылдары еңбек рұқсаты бар иммигранттар дактилоскопиядан және фотосуретике түсіру іске асырылмайды);

      6) медициналық сақтандырудың көшірмесі (түпнұсқасын салыстыру үшін ұсынады.

      Рұқсатты ұзарту үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тіркелген жері бойынша мынадай құжаттарды:

      көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация кеңсесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды;

      2) еңбекші көшіп келушіге бұрын берілген рұқсатты;

      3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көшіп келуші арасында жасалған еңбек шартының көшірмесін;

      4) медициналық сақтандыруды көшірмесін (түпнұсқасын салыстыруға ұсынады).;

      портал арқылы:

      1) еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ұзарту туралы өтініш-сауалнаманы электрондық нысанда толтыру;

      2) ЭҮШП арқылы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемін төлеу;

      3) еңбекші көшіп келушіге бұрын берілген рұқсаттың нөмірін енгізу;

      4) мәліметті және медициналық сақтандырудың нөмірін енгізу;

      5) көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландыру.

      6) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен және еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ұзарту келісім берген жұмыс беруші электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу".

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында – "Министрлік туралы" бөлімінде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімінде;

      2) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған;

      3) портал - www.egov.kz."

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанды ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы алады.

      Осы бұйрыққа жаңа редакцияда 1-1-қосымшамен толықтырылсын"

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-майоры
Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 19 сәуірдегі
№ 317 бұйрығына
қосымша
"Еңбекші көшіп келушіге
рұқсаттар беру және"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-1-қосымша

РҰҚСАТ № < КҚП АЖ рұқсат нөмір > ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДА ҮЙ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІ РЕТІНДЕ ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ

      Т.А.О: <шетел азаматынын тегі, аты, әкесінің аты латын әріпімен>

      Паспорт №: <шетел азаматынын паспортының сериясы және нөмері >

      Азаматтығы: < шетел азаматынын азаматтығы>



      <рұқсат берілген күні>




АНЫҚТАМА ҰЛТТЫҚ ПАСПОРТЫН КӨРСЕТКЕН КЕЗДЕ ЖАРАМДЫ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады