Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № ҚР ДСМ-62 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 мамырда № 18637 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 99) тармақшасына, 88-бабының 5-тармағына, 45-бабының 4-1-тармағына, 115-бабының 1-тармағына, 167-бабының 7 және 8-тармақтарына, 169-бабының 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 4 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-62 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 168 бұйрығындағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10803 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 мамырда жарияланған):

      Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету қағидалары осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 194 бұйрығындағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11317 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 маусымда жарияланған):

      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, оралмандар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, оралмандар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, оралмандар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесі".

      3. "АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарын және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 246 бұйрығындағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11145 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 шілдеде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беруді жүргізу тәртібін анықтайды."

      2. Осы қағидаларда мына ұғымдар пайдаланылады:

      "1) АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы;

      2) анонимдік зерттеп-қарау - адамды жеке басын сәйкестендірмей ерікті түрде медициналық зерттеп-қарау;

      3) құпия медициналық зерттеп-қарау - дәрігерлік құпияның және зерттеліп-қаралатын адамның жеке басы туралы ақпараттың сақталуына негізделген зерттеп-қарау;

      2-тараудың тақырыбы мынандай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. АИТВ инфекциясы мәселесі бойынша медициналық зерттеп-қарау жүргізу тәртібі";

      3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. АИТВ инфекциясына ерікті медициналық зерттеп-қаралуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар олардың таңдауы бойынша зерттеліп-қаралады:

      1) анонимдік (құжаттар талап етілмейді);

      2) құпиялылық (жеке басын куәландыратын құжат, үй мекенжайы ұсынылады).

      4. АИТВ-инфекциясына анонимдік зерттеп-қарау АИТВ-1,2 антиденелерін және р24 вирустық антигенін анықтайтын экспресс-тестерді пайдалана отырып жүргізіледі.

      АИТВ инфекциясына анонимдік зерттеп-қарау Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес экспресс-тестерді пайдалана отрып анонимді жүгінген адамдарды АИТВ инфекциясына тестілеу алгоритміне сәйкес АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен халықтың негізгі топтарымен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар жүргізеді. Халықтың негізгі топтарына АИТВ инфекциясын жұқтырудың жоғарғы қаупібар адамдар: инъекциялық есірткіні тұтынушылар, секс жұмысшылары, еркектермен сексі бар еркектер жатады.

      Анонимдік зерттеп-қарау кезінде зерттеп-қаралушыға бірегей сәйкестендіру коды беріледі.

      5. Зерттеп-қарау экспресс-тест нәтижелері бойынша зерттеп-қаралушымен тестілеудің нәтижелері туралы ауызша ақпараттандырумен тестілеуден кейінгі консультация жүргізіледі.

      Экспресс-тестің теріс нәтижесі болған жағдайда зерттеп-қаралушыға жұқтыру факторлары болғанда үш айдан кейін тесттен өту ұсынылады.

      Экспресс-тестің оң нәтижесі болған жағдайда зерттеп-қаралушыға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - 2-қосымша) ересектер мен жасы 18 айдан асқан балалардағы АИТВ инфекциясын зертханалық диагностикалау алгоритміне сәйкес АИТВ инфекциясына зерттеп-қаралу ұсынылады.

      Экспресс-тестің нәтижелері бойынша АИТВ инфекциясының болуы немесе болмауы туралы қорытынды берілмейді.

      6. АИТВ инфекциясы маркерлерінің болуына құпия зерттеп-қарау 2-қосымшаға сәйкес АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын қалалық, облыстық және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының зертханаларында (бұдан әрі - зертханалар) жүргізіледі.

      АИТВ инфекциясын зертханалық диагностикалау кезінде иммуноферментті талдау (бұдан әрі - ИФТ), иммунохемилюминисценттік талдау (бұдан әрі - ИХЛТ) немесе электрохемилюминисценттік талдау (бұдан әрі - ЭХЛТ) әдісімен бір уақытта АИТВ 1,2-ге антиденелер және АИТВ р24 антигені анықталады.

      Алғашқы оң нәтижелерді растау растаушы тестің: иммуноблоттың (бұдан әрі - ИБ) немесе АИТВ-ның: 2 ENV, GAG, POL ақуыздарының бейінімен иммунохроматографиялық тестің көмегімен жүргізіледі.

      ИФТ, ИХЛТ немесе ЭХЛТ арналған тест-жүйелер сапасының өлшемшарттары болып табылады: диагностикалық сезімталдылық - 100 % (сенім интервалының 95% төменгі шегі - кемінде 99%); диагностикалық ерекшелік - кемінде 99% (сенім интервалының 95% төменгі шегі- кемінде 98%); талдамалық сезімталдық (р24 антигенінің АИТВ-1 ең төменгі саны) - кемінде 2 МЕ/мл.

      7. Құпия зерттеп-қаралу үшін қан алу меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде медициналық ұйымдарда жүргізіледі.

      АИТВ инфекциясы маркерлеріне зерттеу үшін қанның үлгілері "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 264/е нысаны бойынша жолдама қоса жүреді: жеке - бір данада, тізіммен - екі данада.

      Медициналық ақпараттық жүйе болған кезде нысан электрондық түрде жүргізіледі.

      8. АИТВ инфекцияға оңнәтижені зерттеп-қарауды жүргізген зертхана береді (І кезең).

      Бастапқы оң нәтижелері бар қанның үлгісі 2-қосымшаға сәйкес қосымша зерттеулерді жүргізу үшін АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметін жүзеге асыратын республикалық денсаулық сақтау ұйымының зертханасына жіберіледі (ІІ кезең).

      Зерттеп-қараудың ІІ кезеңінің нәтижелерін АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметін жүзеге асыратын республикалық денсаулық сақтау ұйымы зерттеудің І сатысы жүргізілген зертханаға жібереді.

      10-тармақ алып тасталсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. АИТВ инфекциясы маркерлеріне зерттеп-қарау туралы анықтама-сертификат осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кездегі зерттеліп-қаралатын адамның талабы бойынша АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары береді. Анықтама 3 (үш) ай бойы жарамды.

      Операциялық араласуға жіберілген адамдар, ағзалардың/тіндердің, жыныстық және дің жасушалардың донорлары, гемотрансфузиялауға/транспланттауға дейінгі реципиенттер үшін, сондай-ақ, клиникалық және/немесе эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зерттеп-қарауға жататын адамдар үшін АИТВ инфекциясы маркерлеріне зерттеліп-қаралу нәтижелері 10 күн бойы жарамды.";

      3-тараудың тақырыбы мынандай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша консультация беруді жүргізу тәртібі";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. АИТВ инфекциясына зерттеп-қарау кезінде тестілеуге дейінгі және тестілеуден кейінгі консультация беруге жататын тестіленетін адамдарға ақпараттар ұсынылады.

      13. Тестілеуге дейінгі консультация беру плакаттар, брошюролар, веб-сайттар және күту бөлмелеріндегі көрсетілетін қысқа бейнеклиптер сияқты көрнекі насихаттау құралдары арқылы ұсынылады.

      мынадай мазмұндағы 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтармен толықтырылсын:

      "14. Тестілеуге дейінгі консультация:

      1) АИТВ-ға тестілеудің пайдасы және АИТВ оң және АИТВ теріс диагнозының мәні туралы ақпараттан;

      2) АИТВ оң диагнозы жағдайында антиретровирустық терапияны алу туралы түсінікті қоса алғандағы қолда бар қызметтер туралы түсініктемеден;

      3) серігін тестілеуге қатысты профилактика әдістері мен ұсынымдардың қысқаша сипаттамасынан;

      4) тест нәтижелерінің және кез-келген ақпараттың құпиялылығына кепілдемеден тұрады.

      15. Тестілеуден кейінгі консультация беру консультация алушыны тестілеу нәтижелері (теріс, оң және анықталмаған), сол нәтиженің мағынасы және консультация алушының АИТВ-ны жұқтыру қаупін азайтуды қамтамасыз ететін мінез-құлқына уәждемелері туралы ақпараттандыру мақсатында жүргізіледі.

      16. Тестілеуден кейінгі консультация беру:

      1) пациентке тестілеу нәтижесін және сол нәтиженің мағынасын хабарлаудан;

      2) серонегативті терезеде ықтимал болуы (анықталмаған немесе теріс нәтиже кезінде) және АИТВ инфекциясына қайта тестілеуден өтудің қажеттігі туралы хабарлаудан;

      3) мінез-құлықтың өзгеруі есебінен жұқтыру қаупін төмендету мүмкіндігін түсіндіруден;

      4) халықтың негізгі топтарына арналған қосымша медициналық көмек, психикалық-әлеуметтік көмек мүмкіндіктері туралы хабарлаудан;

      5) психологиялық көмек пен қолдаудан тұрады.

      17. АИТВ жұқтырған адамның статусы расталған кезде АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының дәрігері, психологы зерттеліп-қаралушыға АИТВ инфекциясының оң нәтижесі туралы жазбаша түрде хабарлайды, мыналарды қамтитын пациенттің дағдарысты консультациясын жүргізеді:

      1) психологиялық көмек көрсету;

      2) АИТВ инфекциясының ерекшеліктері мен клиникалық сатылары, антиретровирустық препараттармен емдеу мүмкіндіктері, АИТВ-ның үшінші адамға берілуінің ықтимал жолдары мен профилактикасының қажетті шаралары туралы хабарлау;

      3) диспансерлеуге, емдеуді уақтылы бастауға уәждемелеу;

      4) денсаулық сақтау, психоәлеуметтік көмек, әлеуметтік сүйемелдеу ұйымдарында қосымша медициналық-әлеуметтік көмек алу мүмкіндіктері туралы қажеттілікті бағалау мен ұсынымдар;

      5) АИТВ инфекциясын таратпау бойынша сақтық шараларын сақтаудың қажеттілігі, сондай-ақ, біле тұра адамдарды жұқтыру қаупіне қойғаны немесе жұтырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы жазбаша түрде ескерту.

      18. 18 жасқа дейінгі жастағы АИТВ жұқтырған адам анықталған жағдайда оның ата-анасы немесе заңды өкілі хабарландырылады.

      19. АИТВ инфекциясының болуына зерттеп-қаралу үшін жүгінген консультация беру үшінші адам болмаған кезде еріктілік пен құпиялылық қағидаларын сақтай отырып жүргізіледі.";

      осы Қағидалардың 1-қосымшасының оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидаларына 2-қосымша";

      осы Қағидалардың 2-қосымшасының оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      ""АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидаларына 3-қосымша";

      Қағидаларға 2 және 3-қосымшалар осы тізбеге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын.

      4. "Донорлық функцияны өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асыратын донорларға төлемдер мөлшерін және донорлық функцияны ақылы негізде жүзеге асыратын донорларға төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 374 бұйрығындағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11424 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 шілдеде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Донорлық функцияны өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асыратын қан мен оның компоненттерінің донорларына төлемдерді жүзеге асыру және мөлшерлері кағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес донорлық функцияны өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асыратын қан мен оның компоненттерінің донорларына төлемдерді жүзеге асыру және мөлшерлері қағидалары бекітілсін;

      Қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Донорлық функцияны өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асыратын қан мен оның компоненттерінің донорларына төлемдерді жүзеге асыру және мөлшерлері қағидалары";

      донорлық функцияны өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асыратын қан мен оның компоненттерінің донорларына төлемді жүзеге асыру және мөлшерлері қағидалары көрсетілген тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымша алып тасталсын.

      5. "Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығындағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 шілдеде жарияланған):

      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы";

      Бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына азаматтарды бекіту қағидалары бекітілсін";

      2-қосымшада:

      тақырып мынандай редакцияда жазылсын:

      Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидалары осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      6. "Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 422 бұйрығындағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11477 болып тіркелген):

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің), гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      Бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының, гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің), гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу қағидалары осы тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 168 бұйрығымен
бекітілген

Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 53-бабының 3-тармағына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген және медициналық ұйымдардың паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) білікті медициналық көмек - диагностика, емдеу және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалануды талап етпейтін ауруларда жоғары медициналық білімі бар медициналық қызметкермен көрсетілетін медициналық көмек;

      2) дәрігерге дейінгі көмек - аурулардың алдын алу мақсатында, сондай-ақ дәрігердің қатысуымен диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістерін пайдалануды талап етпейтін, орта медициналық білімі бар медициналық қызметкермен көрсетілетін медициналық көмек;

      3) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) мамандандырылған медициналық көмек - диагностика, емдеу және медициналық оңалтуда, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалану арқылы арнайы әдістерді талап ететін ауруларда бейінді мамандармен көрсетілетін медициналық көмек;

      5) медициналық қызметтер - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимыл;

      6) медициналық ұйым - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

      7) мейіргер күтімі - дәрігер байқауы талап етілмейтін жағдайларда ауыр аурулары бар күтімге мұқтаж адамдарға орта медицина қызметкерлері көрсететін медициналық қызметтер кешені;

      8) паллиативтік көмек - терминалдық (соңғы) сатыдағы емделмейтін аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;

      9) стационарды алмастыратын көмек - білікті, мамандандырылған, оның ішінде медициналық байқаумен, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдану арқылы дәрігерге дейінгі медициналық көмек ұсыну нысаны;

      10) стационарлық көмек - білікті, мамандандырылған, оның ішінде тәулік бойы медициналық байқаумен, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдану арқылы дәрігерге дейінгі медициналық көмек ұсыну нысаны.

      3. Паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім "Халықтың паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуі тиіс санаттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 96 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10576 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес халықтың санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, сондай-ақ ақылы негізде көрсетіледі.

      4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі (Бұдан әрі - ТМККК) паллиативтік көмек осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбеге сәйкес аурулар мен жағдайларда көрсетіледі.

      ТМККК шеңберіндегі мейіргерлік күтім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеге сәйкес аурулар мен жағдайларда көрсетіледі.

      Емдеу бекітілген негізгі аурулары бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбеге сәйкес паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім қызметтерін ұсыну арқылы жүргізіледі.

      5. Паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім көрсету бойынша қызметтер Кодекстің 35-бабына сәйкес ақылы түрде ұсынылады.

      6. Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтімді қажет ететін пациенттердің тізімдері медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар қалыптастырады және есеп берудің бірыңғай нүктесі "Емхана" автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізіледі, осының негізінде паллиативтік көмек және мейіргерлік күтімді алатын пациенттердің тізбесі қалыптасады.

2-тарау. Паллиативтік көмек көрсету тәртібі

      7. Паллиативтік көмек дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмекті қамтиды және амбулаториялық-емханалық стационарды алмастыратын мен стационарлық көмек нысанында көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты және байқау үздіксіздігі қағидаттарын сақтай отыра көрсетіледі.

      8. Амбулаториялық-емханалық деңгейдегі паллиативтік көмекті "Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығындағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 шілдеде жарияланған) аумақтық қағидат бойынша алғашқы медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.

      9. Стационарды алмастыратын нысандағы паллиативтік көмек құрамында паллиативтік көмек бөлімшелері (төсектер) бар амбулаториялық-емханалық ұйымдарының, ауруханалық ұйымдардың күндізгі стационарларында, дербес мамандандырылған медициналық ұйымдарда (хоспистер) "Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығына (бұдан әрі - № 669 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

      10. Стационарлық көмек нысанындағы паллиативтік көмек мамандандырылған төсектерде, мамандандырылған палаталарда және стационарлық көмек көрсететін және мамандандырылған медициналық/медициналық әлеуметтік ұйымдарда (хоспистерде) "Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығына (бұдан әрі - № 761 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

      11. Паллиативтік көмек көрсететін ұйымдарға емдеуге жатқызу үшін мыналар көрсетілімдер болып табылады:

      1) науқасты кейіннен амбулаториялық жағдайда емдеуге ауыстыру үшін қолдаушы, ауырсындырмау терапиясын таңдау қажеттілігі;

      2) тәуліктік бақылау жағдайында ауырсындырмау терапиясын түзеу;

      3) тәуліктік бақылау жағдайында симптоматикалық емдеу қажеттігі;

      4) әлеуметтік-психологиялық айғақтардың болуы (депрессия жағдайы, реактивті жағдай немесе отбасындағы дау-жанжал жағдайы, науқастың күтімі үшін тұрмыс жағдайларының болмауы).

      12. Пациентті стационарға жоспарлы және шұғыл түрде емдеуге жатқызу № 761 бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Мейіргерлік күтім көрсету тәртібі

      13. Мейіргерлік күтім стационарды алмастыратын және стационарлық көмек түрінде ұсынылады.

      14. Стационарды алмастыратын көмек түріндегі мейіргерлік күтім № 669 бұйрыққа сәйкес бекітілген жері бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін үйдегі стационар нысанында ұсынылады.

      Мейіргерлік күтімді қажет ететін науқастарға зертханалық зерттеулер жүргізу үшін материалдар жинау үйде жүзеге асырылады. Аспаптық зерттеу әдістері тұрақты жері бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымда көрсетілімдері бойынша жүргізіледі.

      15. Стационарлық көмек түріндегі мейіргерлік күтім арнайы құрылымдық бөлімшелерде, денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлімшелерде, палаталарда, төсектерде), № 761 бұйрыққа сәйкес арнайы медициналық ұйымдарда (мейіргерлік күтім ауруханаларында) ұсынылады.

      16. Мейіргерлік күтімді қажет ететін науқастарды емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер:

      1) тәулік бойы байқау жағдайларында күтім мен симптоматикалық терапияның қажеттілігі;

      2) әлеуметтік-психологиялық көрсетілімдерінің болуы (депрессиялық жағдай, реактивтік жағдай, отбасындағы дау-жанжал жағдайы, науқасты күту үшін тұрмыстық жағдайлардың болмауы) болып табылады.

      Білікті медициналық көмекті және тұрақты дәрігерлік байқауды талап ететін пациенттер мейіргерлік күтім ауруханасына, бөлімшесіне (палатасына) емдеуге жатқызуға жатпайды.

      17. Мейіргерлік күтім көрсететін медициналық ұйымға пациентті емделуге жатқызу жоспарлы және (немесе) № 761 бұйрыққа сәйкес шұғыл тәртіпте жүзеге асырылады.

  Паллиативтік көмек және
мейіргерлік күтім көрсету
қағидаларына
1-қосымша

Паллиативтік көмек көрсетілетін аурулардың тізбесі

Ересектер

Аурулар класы

Нозологиялық нысандары

ХАЖ 10 коды

Нақтылау коды


1.

Инфекциялық ауру

АИТВ инфекция

В20-В24

Z51.5 - Паллиативтік көмек

Туберкулез

А15-A19

Z51.5 - Паллиативтік көмек

2.

Ісіктер

Қатерлі ісіктер

С00-С97

Z51.5 - Паллиативтік көмек

3.

Эндокринді жүйе ауруы, тамақ бұзушылығы және зат алмасуының бұзылуы

1-типті инсулинге тәуелді қан диабеті

Е10

Z51.5 - Паллиативтік көмек

2-типті инсулинге тәуелсіз қан диабеті

Е11

4.

Жүйке жүйесі аурулары

Паркинсон ауруы

G20

Z51.5 - Паллиативтік көмек

Альцгеймер ауруы

G30

Нерв жүйесінің басқа айдарларда жіктелмеген дегенерациялық басқа аурулары

G31

Паралитикалық синдромы

G81-83

Басқа жүйесінің зақымдануы (энцефалопатия)

G92-G93

5.

Қан айналымы жүйесінің аурулары

Өкпе-жүрек функциялары жеткіліксіздігінің басқа түрлері

I27

Z51.5 - Паллиативтік көмек

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі

I50

Ми-тамыр ауруларының салдарлары

I69

6.

Тыныс алу ағзаларының аурулары

Өкпенің созылмалы басқа обструкциялық ауруы

J44

Z51.5 - Паллиативтік көмек

Өкпеқаптың басқа айдарларда жіктелмеген жалқығы

J90

Өкпеқаптың басқа айдарларда жіктелген жағдайлар

J91

Тыныс алу функциясының басқа айдарларда жіктелмеген жеткіліксіздігі

J96

7.

Ас қорыту ағзаларының аурулары

Бауырдың уыттық зақымдануы

К71.7

Z51.5 - Паллиативтік көмек

Бауыр қызметінің басқа айдарларда жіктелмеген жеткіліксіздігі

К72

Бауыр фиброзы және циррозы

К74

8.

Несеп жүйесі аурулары

Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі

N18

Z51.5 - Паллиативтік көмек



Бүйрек қызметінің анықталмаған жеткіліксіздігі

N19


9.

Жарақаттар

Бастың жарақаты

S00-S79

Z51.5 - Паллиативтік көмек

Балалар

Аурулар класы

Нозологиялық нысандары

ХАЖ 10 коды

Нақтылау коды

1.

Инфекциялық ауру

АИТВ инфекция

В20-В24

Z51.5 - Паллиативтік көмек


Туберкулез

А15-А19

Z51.5 - Паллиативтік көмек

2.

Ісіктер

Қатерлі ісіктер

С00-С97

3.

Эндокринді жүйе ауруы, тағам бұзушылығы және зат алмасуының бұзылуы

1-типті инсулинге тәуелді қан диабеті

E10

Z51.5 - Паллиативтік көмек

2-типті инсулинге тәуелсіз қан диабеті

E11

Галактоза алмасуының бұзылуы

E74.2

Басқа сфинголипидоздар

E75.2

Мукополисахаридоз

Е76.0
Е76.1 Е76.2

Жылауықты фиброз

Е84.0
Е84.1
Е84.8
Е84.9

Класикалық фенилкетонурия

Е70.0

Гипофиз гиперфункциясы

Е22

Гипофиз гиперфункциясы мен басқа бұзылулар

Е23

4.

Жүйке жүйесі аурулары

Бактериялық анықталмаған менингит

G00-G09

Z51.5 - Паллиативтік көмек

Орталық нерв жүйесін басымырақ зақымдайтын жүйелік атрофиялар

G10-G14

Нерв жүйесінің басқа дегенерациялық аурулары

G30-G32

Орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурулары

G35-G37

Бұлшық еттердің алғашқы зақымданулары

G71

Церебралды паралич

G80

5.

Қан айналымы жүйесінің аурулары

Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы

I05-I09

Z51.5 - Паллиативтік көмек

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі

I50

Кардиомиопатия

I42

Мидың торлы қабығы астына қан құйылу

I60

Мидың ішіне қан құйылуы

I61

Бас сүйек ішіне жарақаттық емес басқаша қан

I62

Ми инфаргі

I63

Қан құйылу немесе инфаркт ретінде анықталмаған миға қан құйылу

I64

Қақпалық венаның тромбозы

I81


Тыныс алу ағзаларының аурулары

Тыныс алу функциясының басқа айдарларда жіктелмеген жеткіліксіздігі

J96

Z51.5 - Паллиативтік көмек


Ас қорыту ағзаларының аурулары

Жұқпалы емес энтерит пен колит

K50-52

Z51.5 - Паллиативтік көмек

Бауыр қызметінің басқа айдарларда жіктелмеген жеткіліксіздігі

К72

Бауыр фиброзы және циррозы

К74


Сүйек-бұлшық ет жүйесі және дәнекерлік тіндер аурулары

Дəнекер тіннің жүйелік зақымданулары

M30-M36

Z51.5 - Паллиативтік көмек


Несеп жүйесі аурулары

Бүйрек жеткіліздігі

N18-N19

Z51.5 - Паллиативтік көмек


Перинаталдық кезеңде туындаған жекелеген жағдай

Нəрестенің туғандағы салмағының өте аздығы

P07

Z51.5 - Паллиативтік көмек


Туа біткен ауытқулар, деформациялар мен хромосомалық бұзылулар

Жүйке жүйесі дамуындағы туа біткен ақаулар

Q00-Q07

Z51.5 - Паллиативтік көмек

Қан айналым жүйесінің туа біткен ауытқулары

Q20-Q28

Туа біткен ихтиоз

Q80

Нейрофиброматоз

Q85.0

  Паллиативтік көмек және
мейіргерлік күтім көрсету
қағидаларына
2-қосымша

Мейіргерлік күтім көрсету үшін аурулар тізбесі

Аурулар класы

Нозологиялық нысандары

ХАЖ 10 коды

Нақтылау коды

1.

Жүйке жүйесі аурулары

Паркинсон ауруы

G20

Z51.5 - Паллиативтік көмек

Альцгеймер ауруы

G30

Нерв жүйесінің басқа дегенерациялық аурулары

G31

Церебралдық паралич ауруы мен басқа параличтік синдромдар

G81-83

Нерв жүйесінің басқа бұзылулары (энцефалопатия)

G92-G93

2.

Эндокринді жүйе ауруы, тамақтанудың бұзылулары және зат алмасуының бұзылуы

1- типті инсулинге тәуелді қан диабеті

E10

Z51.5 - Паллиативтік көмек

2- типті инсулинге тәуелсіз қан диабеті

E11

3.

Қан айналымы жүйесінің аурулары

Өкпе-жүрек функциялары жеткіліксіздігінің басқа пішіндері

I27

Z51.5 - Паллиативтік көмек

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі

I50

Ми-тамырлық аурулардың салдарлары

I69

4.

Тыныс алу ағзаларының аурулары

Өкпенің созылмалы басқа обструкциялық ауруы

J44

Z51.5 - Паллиативтік көмек

Өкпеқаптың басқа айдарларда жіктелмеген жалқығы

J90

Өкпеқаптың басқа айдарларда жіктелген жағдайлар барысындағы жалқығы

J91

Өкпеқаптың басқа айдарларда жіктелген жағдайлар барысындағы жалқығы

J96

5.

Ас қорыту ағзаларының аурулары

Бауырдың бауыр фиброзы мен беріштенуі қабаттасқан уыттық зақымдануы

К71.7

Z51.5 - Паллиативтік көмек

Бауыр қызметінің басқа айдарларда жіктелмеген жеткіліксіздігі

К72

Бауыр фиброзы және циррозы

К74

6.

Несеп жүйесі аурулары

Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі

N18

Z51.5 - Паллиативтік көмек

Бүйрек қызметінің анықталмаған жеткіліксіздігі

N19


7.

Жарақаттар

Бастың жарақаты

S00-S79

Z51.5 - Паллиативтік көмек

  Паллиативтік көмек және
мейіргерлік күтім көрсету
қағидаларына
3-қосымша

Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім қызметтерінің тізбесі

Қызметтердің коды

Дәрігер көрсететін қызметтер

А.02.001.000

Терапевтің консультациясы (тексеру)

А.02.002.000

Педиатрдың консультациясы (тексеру)

А.02.018.000

Невропатологтың консультациясы (тексеру)

А02.015.000

Кардиологтың консультациясы (тексеру)

А.02.044.000

Фтизиатрдың консультациясы (тексеру)

А.02.013.000

Хирургтің консультациясы (тексеру)

D.54.910.426

Лапароцентез

D.54.910.427

Плевроцентез

D.54.910.428

Трахестомия

D.54.910.429

Назогастральды сүңгіні орнату

D.54.910.430

Несеп катетрін орнату

Қызметтердің коды

Орта медицина қызметкері көрсететін қызметтер

D93.891.019

Науқас балаға күтім жасауды үйрету

D93.891.022

Қатты сырқат пациенттің шашын, тырнақтарын күту, қырындыру

D93.891.023

Қатты сырқат пациенттің ауыз қуысына күтім жасау

D93.891.024

Ауыз-жұтқыншақтан сілемейді сорып алу

D93.891.025

Оростомалар, эзофагостомалар кезіндегі құрал

D93.891.026

Трахеостома кезіндегі құрал

D93.891.027

Назогастральды сүңгіге, мұрын канюлялалары және катетерлеріне күтім жасау

D93.891.028

Жоғары тыныс жолдарынан сілемейлерін сору

D93.891.029

Мұрыннан сілемейлер сору

D93.891.030

Фарингостома кезіндегі құрал

D93.891.031

Интраназальды дәрілік препараттарды енгізу

D93.891.032

Гастростома кезіндегі құрал

D93.891.033

Назогастральды сүңгіге күтім жасау

D93.891.034

Гастростома арқылы қатты сырқат пациентті тамақтандыру

D93.891.035

Илеостома кезіндегі құрал

D93.891.036

Интестинальды сүңгіге күтім жасау

D93.891.037

Интестинальды сүңгі арқылы қатты сырқат пациентті тамақтандыру

D93.891.038

Илеостомаға күтім жасауды үйрету

D93.891.039

Жуан ішек стомалары кезіндегі құрал

D93.891.040

Колостомоға күтім жасауды үйрету

D93.891.041

Қатты сырқат пациентті дефекациялау кезіндегі құрал

D93.891.042

Тазалау клизмасын қою

D93.891.043

Газ шығару түтікшесін қою

D93.891.044

Ккопролитті алып тастау

D93.891.045

Нәжіс ұстамау кезіндегі құрал

D93.891.046

Сифонды клизма қою

D93.891.047

Қынапты ұстап тұратын сақинаны (пессария) енгізу, алу

D93.891.048

Сыртқы есту өтісіне күтім жасау

D93.891.049

Қатты сырқат пациенттің көздеріне күтім жасау

D93.891.050

Конъюнктивтік қуысқа дәрілік заттарды инстилляциялау

D93.891.051

Қатты сырқат пациенттің несеп шығаруы кезіндегі құрал

D93.891.052

Несеп катетріне күтім жасау

D93.891.053

Цистостомоға және уростомоға күтім жасау

D93.891.054

Несеп ұстамау кезіндегі құрал

D93.891.055

Төсектегі қатты сырқат пациентті жатқызу және/немесе орналастыру

D93.891.057

Қатты сырқат пациенттің ауыз және/немесе назогастральды сүңгі арқылы тамақтандыру

D93.891.058

Қатты сырқат пациенттің төсек жаймасын ауыстыруға дайындау

D93.891.059

Қатты сырқат пациенттің киімін және іш кимін ауыстыру бойынша құрал

D93.891.060

Қатты сырқат пациенттің сыртқы жыныс және бұтаралық ағзаларына күтім жасау

D93.891.061

Дренажға күтім жасау

D93.891.062

Дәрілік препараттарды парентеральды енгізу кезіндегі құрал

D93.891.063

Жауыржараның даму қаупінің дәрежесін бағалау

D93.891.064

Жауыржараның ауырлық дәрежесін бағалау

D93.891.065

Ауырсынудың қарқындылығын бағалау

D93.891.066

Пациенттің отбасы мүшелерін төсекке жатқызу және орнын ауыстыру техникасына үйрету

D93.891.067

Пациентті төсекке және/немесе креслоға өз көмегімен орналасуға үйрету

D93.891.068

Пациентті балдақпен жүруге үйрету

D93.891.069

Пациентті қосымша тіректің көмегімен жүруге үйрету

D93.891.021

Тері қабықтарының тұтастығы бұзылғанда таңулар салу

Код

Психологтың қызметтері

А02.005.000

Консультациялық қабылдау: Психолог (психологиялық мәртебесін бағалау, психотерапиялық/психологиялық интервенциялар, психологиялық қолдау көрсету)

Код

Әлеуметтік қызметкердің қызметтері

A01.006.000

Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкердің консультациясы (қабылдау)

A01.007.000

Орта білімі бар әлеуметтік қызметкердің консультациясы (қабылдау)

A01.006.001

Медициналық-әлеуметтік зерттеп-қарауды ұйымдастырып, өткізу: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер

A01.007.001

Медициналық-әлеуметтік зерттеп-қарауды ұйымдастыруды өткізу: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер

A01.006.002

Үй жағдайларында жүргізілетін медициналық күтімнің негіздеріне пациенттің отбасы мүшелерін үйрету: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер

A01.007.002

Үй жағдайларында жүргізілетін медициналық күтімнің негіздеріне пациенттің отбасы мүшелерін үйрету: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер

6-тарау

Мобильды бригаданың шығуы

Е01.006.000

Паллиативтік көмек көрсету кезінде мобильды бригаданың шығуы

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  АИТВ инфекциясы мәселелері
бойынша тегін негізде Қазақстан
Республикасының азаматтарын,
оралмандарды, шетел
азаматтары мен Қазақстан
Республикасының аумағында
тұрақты тұратын азаматтығы
жоқ адамдарды ерікті түрде
анонимдік және (немесе) құпия
медициналық зерттеп-қарау
және консультация беру
қағидаларына
1-қосымша

Экспресс тестілеуді пайдалану арқылы АИТВ-ға зерттеп-қарауға анонимді жүгінген адамдарды тестілеу алгоритмі



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  АИТВ инфекциясы мәселелері
бойынша тегін негізде Қазақстан
Республикасының азаматтарын,
оралмандарды, шетел
азаматтары мен Қазақстан
Республикасының аумағында
тұрақты тұратын азаматтығы
жоқ адамдарды ерікті түрде
анонимдік және (немесе) құпия
медициналық зерттеп-қарау
және консультация беру
қағидаларына
2-қосымша

Ересектерде және жасы 18 айдан асқан балалардағы АИТВ инфекциясын зертханалық диагностикалау алгоритмі





      1 АИТВ-ға зерттеп-қарауға арналған сарысу үлгісі+2о-+8о С температурасында АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметін іске асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының зертханасына тасымалданады және қан алынған сәттен бастап 5 күннің ішінде серологиялық зерттеулер үшін қолданылуы мүмкін;

      2 үшінші және төртінші буынның тест-жүйелерін қолдануға рұқсат етіледі;

      3 АИТВ-ға күмәнді нәтиже қайта алынған кезде молекулярлық-биологиялық тестілерді қолданумен қосымша зерттеулер жүргізуге рұқсат етіледі.

      4 Республикалық ұйым қан сарысу үлгісінің АИТВ-ға күмәнді нәтижелері туралы ақпаратты АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметін іске асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді.

      5 Республикалық ұйымға жіберілетін сарысу үлгілерінің көлемі кемінде 1 мл болуы қажет. Сарысудың екінші үлгісі бірінші сарысу үлгісінің көлемі жеткіліксіз болғанда сұралады. Үлгі Республикалық ұйымның зертханасына биоүлгілерді тасымалдау ережелерін сақтай отырып, үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберілуі қажет (соңғы қойылым сәтінен бастап).

      6 Қан орталығынан ПТР-дың оң нәтижесі және ИФТ/ИХЛТ/ЭХЛТ теріс/күмәнді нәтижелері болғанда биоматериалды зерттеп-қарау кезінде асқынған АИТВ инфекциясын сәйкестендіру мақсатында молекулалық-биологиялық тестілерді қолдана отырып, қосымша зерттеу жүргізіледі. Тексерілуші донор диагнозы расталғанға дейін немесе алынып тасталғанға дейін АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметін іске асыратын өңірлік денсаулық сақтау ұйымдарында серобақылауда болады;

      7 Ертеректе АИТВ инфекциясы диагнозы қойылған адамға тегін негізде қайта растаушы зерттеп-қарау тестін жүргізуді алып тастау;

      8 АИТВ-ға антиденелердің ерекше емес реакциялары және серобақылауға қою мәселелерді емдік-профилактикалық және эпидемиологиялық бөлімдердің дәрігерлерімен бірлесе отырып шешу.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
  АИТВ инфекциясы мәселелері
бойынша тегін негізде Қазақстан
Республикасының азаматтарын,
оралмандарды, шетел
азаматтары мен Қазақстан
Республикасының аумағында
тұрақты тұратын азаматтығы
жоқ адамдарды ерікті түрде
анонимдік және (немесе) құпия
медициналық зерттеп-қарау
және консультация беру
қағидаларына
3-қосымша

АИТВ-инфекциясының маркерлерінің болмауы туралы А Н Ы Қ Т А М А - С Е Р Т И Ф И К А Т СПРАВКА-СЕРТИФИКАТ об отсутствии маркеров ВИЧ-инфекции CERTIFICATE of absence of HIV infection markers

      Mен (я / I am) ______________________________________________________________

      дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/ фамилия,

      имя, отчество (при наличии) врача) / name of doctor

      Осымен келесіні растаймын (настоящим подтверждаю / here by certify that)

      __________________________________________________________________________

      (пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) латынша/ /фамилия,

      имя, отчество (при наличии) пациента на латинице/ name of patient)

      __________________________________________________________________________

      (пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) кириллицада/ фамилия,

      имя, отчество (при наличии) пациента на кириллице) name of patient

      __________________________________________________________________________

      (пациенттің туған датасы /дата рождения пациента/ date of birth оf patient)

      Тексерілді /был обследован/ was tested on _______________________________________

      (дата/date)

      АИТВ-инфекциясының маркерлері болуына теріс нәтижемен (на маркеры

      ВИЧ-инфекции с отрицательным результатом / For the presence in his/her blood of HIV infection

      markers and that there result of the test was NEGATIVE)

      Анықтама-сертификат зерттеп-қарау жүргізілген күннен бастап үш ай бойы жарамды.

      Справка-сертификат действительна в течение трех месяцев со дня обследования.

      Certificate is valid for three months since the testing day.

      Операциялық араласуға жіберілген адамдар, ағзалардың/тіндердің, жыныстық және дің

      жасушаларының донорлары, гемотрансфузиялауға/ транспланттауға дейінгі реципиенттер

      үшін, сондай-ақ, клиникалық және/немесе эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша

      зерттеп-қарауға жататын адамдар үшін АИТВ инфекциясы маркерлеріне зерттеп-қарау

      нәтижелері 10 күннің ішінде жарамды.

      Для лиц, направляемых на оперативное вмешательство, доноров органов/тканей,

      половых и стволовых клеток, реципиентов до гемотрансфузии/трансплантации, а также лиц,

      подлежащих обследованию по клиническим и/или эпидемиологическим показаниям

      результаты обследования на маркеры ВИЧ действительны в течение 10 дней.

      For individuals who are referred for surgery, organ / tissue donors, genital and stem cell

      donors, transfusion /transplant recipients, as well as for the individuals who are subjected to

      examinations by clinical and / or epidemiological indications, the test results for HIV markers are valid for 10 days.

      Мөр (Печать/Stamp):

      Қолы (Подпись/Signature):

      Ескертпе: анықтама-сертификатты толтыру бойынша түсініктеме

      1. Анықтама-сертификат тек бір адамға ғана беріледі, ұжымдық куәліктер беруге рұқсат етілмейді.

      2. Сертификат баспалық латын әріптерімен толтырылады, олай болмаған жағдайда ол жарамсыз деп танылады.

      3. Зерттеп-қарауды жүргізу және туу даталары келесі реттілікпен толтырылады: күні, айы, жылы, айдың атауы цифрмен емес, әріппен жазылады.

      4. Анықтама-сертификатқа дәрігер қол қояды және АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметін іске асыратын денсаулық сақтау ұйымының дөңгелек мөрі басылады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша

Донорлық функцияны өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асыратын қан және оның компоненттері донорларына төлемді жүзеге асыру және мөлшелері қағидалары

      1. Донорлық функцияны өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асыратын қан және оның компоненттері донорларына ақы төлемді жүзеге асыру және мөлшемдері қағидалары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 167-бабының 7, 8-тармақтарына сәйкес белгіленеді.

      2. Донорлық функцияны өтеусіз негізде жүзеге асырған донор өз қанының көлемін және организмнің энергетикалық шығындарын толтыру үшін донация күні таңдауы бойынша тегін тамақ не тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,25 мөлшеріндегі оның ақшалай баламасы ұсынылады.

      3. Төлем екі әдіспен: қолма-қол және қолма-қол қаражатсыз жүзеге асырылады.

      Қолма-қол қаражатсыз төлем кезінде донорға екінші деңгейдегі банкілердің карталық базасында ағымдағы шот ашуды растайтын құжат ұсынылады.

      Қолма-қол қаражатпен есеп айырысу қан мен оның компоненттерін донациялау күні, қолма-қол қаражатсыз - қан және оның компоненттерінің донациялау күнінен бастап екі банктік күннің ішінде жүзеге асырылады.

      4. Плазманы донациялау кезінде центрифугалау әдісімен қанның формалық элементтерінен бөлгеннен кейін көзбен донор плазмасында хилез (ылайлау, опалесцирлеуші, ақшыл түстен ақ түске дейін) анықталған кезде төлем жүзеге асырылмайды.

      5. Донацияны ақылы негізде жүзеге асырған донорға төлем мынадай мөлшерде (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштер) жүргізіледі:

      1) бір реттік қан донациясы үшін (450 миллилитр + 10 %) - 2 айлық есептік көрсеткіш;

      2) екі реттік плазмаферез кезінде бір реттік плазма донациясы үшін (550 + 50 миллилитр плазма) - 4 айлық есептік көрсеткіш;

      3) екі реттік плазмаферез кезінде миллилитрде 6 Халықаралық Бірліктен кем емес антидене титрі бар иммундық плазманың бір реттік донациясы үшін (550 + 50 миллилитр иммундық плазма) - 7 айлық есептік көрсеткіш;

      4) екі реттік плазмаферез кезінде 1: 64-тен төмен емес резус антидене титрімен изоиммундық плазманың бір реттік донациясы үшін (550 + 50 миллилитр изоиммундық плазма) - 8 айлық есептік көрсеткіш;

      5) аппараттық цитаферез кезінде тромбоциттердің бір дозасының бір реттік (дозадағы тромбоциттердің саны кемінде 200 х 109) донациясы үшін - 1 айлық есептік көрсеткіш;

      6) аппараттық цитаферез кезінде эритроциттердің бір дозасының бір реттік (дозада кемінде 45 грамм гемоглобин) донациясы үшін - 2 айлық есептік көрсеткіш.

      7) осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында белгіленген көлемнен аз көлемдегі донациялау кезінде төлем осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген мөлшерге барабар жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 281 бұйрығымен
бекітілген

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидалары

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 45-бабының 4-1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұлға) медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына (бұдан әрі - МСАК) бекіту тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) әкімшілік-аумақтық бірлік - ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс;

      2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - қор) - аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      3) бала (балалар) - он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;

      4) баланың заңды өкiлдерi - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), патронат тәрбиешi және оларды алмастырушы басқа да адамдар;

      5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) сақтандыру ұйымы - уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде медициналық сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін асыратын заңды тұлға.

      3. МСАК ұйымдарына бекіту МСАК көрсету үшін негіз болып табылады және:

      1) МСАК аумақтық қолжетімділігі;

      2) МСАК ұйымын еркін таңдау;

      3) МСАК маманын (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт, учаскелік педиатр) еркін таңдау;

      4) отбасылық қызмет көрсету;

      5) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан МСАК ұйымдарының тең құқығы және адал бәсекелестігі қағидаттарымен жүзеге асырылады.

      4. Тұлғаларды:

      1) МСАК-тың бір ұйымына;

      2) жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша;

      3) жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектісі (бюджет қаражаты есебінен немесе "Мемлекеттік-жеке әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберінде және "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын бекіту және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығының 5.7.1-тармағын іске асыруда бекітілген денсаулық сақтау жүйесінің біртұтас инфрақұрылымын дамытудың перспективалық жоспарына сәйкес салынған және алған пайдалануға берілген объект) мен бекіту науқаны кезеңінде бекітуді қоспағанда, медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қормен шартын жасасқан (бұдан әрі - медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) МСАК ұйымына бекіту жүзеге асырылады.

      МСАК ұйымына бекіту кезінде алдыңғы МСАК ұйымынан бекітуден шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.

      5. Балалар үйлерінде, интернаттарда, балаларға арналған мамандандырылған ұйымдарда тұрып жатқан балалар, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын, соттың шешімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген тұлғалар оларға облыстар, республикалық маңыздағы қалалар мен астананың бекітілген аумақтық қызмет көрсету аймақтарымен қорға жыл сайын 15 қарашадан кешіктірмей ұсынылған МСАК ұйымдарының тізімінен тұратын (бұдан әрі - бөлу туралы бұйрық), облыстар, республикалық маңыздағы қалалар мен астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының (бұдан әрі - денсаулық сақтау басқармалары) шешімінің негізінде көрсетілген ұйымдар орналасқан аумақтық қызмет көрсету аймағында МСАК ұйымдарына бекітіледі.

      6. Бекіту науқаны кезеңінде МСАК ұйымына еркін таңдау құқығын пайдаланбаған тұлға алдыңғы жылы қызмет көрсетілген МСАК ұйымына бекітіледі.

      Бұрынғы МСАК ұйымында келесі жылға медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жасасқан шарты болмаған жағдайда денсаулық сақтау басқармаларының қорға жыл сайын 20 қарашадан кешіктірмей ұсынылатын бөлу туралы бұйрықтың негізінде қабылданған өңірлік комиссияның шешімі бойынша медициналық көмектің аумақтық қолжетімділігін ескере отырып, МСАК ұйымына бекітіледі.

      Денсаулық сақтау субъектілерін таңдау және олардың арасында медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру жөніндегі өңірлік комиссия (бұдан әрі - өңірлік комиссия) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15604 болып тіркелген) көзделген тәртіппен құрылады.

      7. Осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген тұлғаларды бекітуді қордан өңірлік комиссияның шешімін алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындалатын, денсаулық сақтау жүйесінің (электрондық денсаулық сақтаудың) ақпараттық инфрақұрылымы мен медициналық статистиканы жетілдіруге байланысты қызметті жүзеге асыратын және құқық қатынастарына түсетін ұйым (бұдан әрі - ақпараттандыру ұйымы) қамтамасыз етеді.

2-тарау. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту тәртібі

      8. МСАК ұйымына бекіту медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірліктегі басқа аумақта орналасқан жақын жердегі МСАК ұйымына бекітілетін шекаралас аумақтарда тұратын тұлғаларды қоспағанда, МСАК ұйымын еркін таңдау құқығын ескере отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) жүзеге асырылады.

      МСАК маманын еркін таңдауы учаскедегі бекітілген халықтың санын есепке ала отырып, бекітілген жері бойынша МСАК ұйымының шегінде жүзеге асырылады (МСАК маманына бекітілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек субъектісімен халыққа қызмет көрсету бөлігінде).

      9. Бекіту "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Бекіту негіздемелері:

      1) тұрақты немесе уақытша тұратын жерін бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерге бір айдан асатын мерзімге шыға отырып немесе бір әкімшілік-аумақтық бірліктің ішінде өзгерту;

      2) МСАК ұйымдарын бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) еркін таңдауын жүзеге асыру;

      3) қордың бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) 15 қыркүйектен бастап 15 қараша аралығында бекіту науқанын (бұдан әрі - бекіту науқанын) жүргізу;

      4) МСАК ұйымы мен сақтандыру ұйымының арасында жасалған ерікті медициналық сақтандыру шарты бойынша (бұдан әрі - ЕМС шарты) азаматты сақтандыру;

      5) өңірлік комиссия айқындаған бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) МСАК ұйымына келіспеу;

      6) МСАК ұйымының азаматтарға МСАК көрсетуден бас тарту, сондай-ақ қордың көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзуға немесе өзгертуге әкеп соғатын оны қайта ұйымдастыру, тарату;

      7) медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер МСАК ұйымдарына медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастырмау;

      8) жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау ұйымдарының пайда болуы;

      9) жекешелендіру арқылы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын МСАК ұйымын иеліктен шығару.

      11. Осы Қағидалардың 10-тармағының 1) - 5) тармақшаларымен көзделген негіздемелер бойынша МСАК ұйымдарына бекіту тұлғалардың бекітуге өтінішті беруі арқылы жүзеге асырылады.

      12. Бекіту науқаны кезінде МСАК ұйымына бекітілген тұлғалар қормен қызметтерді сатып алу шартын жасасқан жағдайда келесі жылғы 1 қаңтардан бастап МСАК алады.

      13. Сақтандыру ұйымы мен олар бекітілген МСАК ұйымының арасында ЕМС шарты бойынша сақтандырылған тұлғалар ЕМС шартының жағдайларына сәйкес МСАК алады.

      14. МСАК ұйымдары тұратын жері бойынша бекітілген тұлғаларды МСАК көрсету тоқтатылғандығы туралы:

      1) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзған немесе өзгерткен күніне дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын;

      2) МСАК ұйымын қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік екі күннің ішінде;

      3) қордың медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастырмайтындығы туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік екі күннің ішінде жазбаша хабардар етеді.

      "Бекітілген халықты тіркеу" ақпараттық жүйесінде телефон нөмірі (электрондық поштаның мекенжайы) болған кезде, МСАК ұйымы халықты МСАК көрсету тоқтатылғандығы туралы хабарлама жолдау арқылы хабардар етеді.

      15. Осы Қағидалардың 10-тармағының 6)-9) тармақшаларымен көзделген негіздемелер бойынша МСАК ұйымдарына тұлғаларды бекітуді бөлу туралы бұйрықтың негізінде қабылдаған өңірлік комиссияның хаттамасын қордан алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ақпараттандыру ұйымы жүзеге асырады.

      Бөлу туралы бұйрықты денсаулық сақтау басқармалары қорға жыл сайын 20 қарашаға дейін жібереді және қор мен денсаулық сақтау басқармаларының интернет-ресурстарында орналастырылады.

      Адамдарды өңірлік комиссия хаттамасының негізінде МСАК ұйымдарына бекіткеннен кейін МСАК ұйымдары бекітілген тұлғаларды олардың тұрғылықты жері бойынша жазбаша хабардар етеді. "Бекітілген халықты тіркеу" ақпараттық жүйесінде телефон нөмірі (электрондық поштаның мекенжайы) болған кезде, МСАК ұйымы тұлғаларды хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.

      Өңірлік комиссия айқындаған МСАК ұйымына келіспеген жағдайда, тұлға осы Қағидалардың 10-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша бекітуді өзгертуге өтініш береді.

      16. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде МСАК көрсететін жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларға бекіту осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
7-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 422 бұйрығымен
бекітілген

Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің), гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 169-бабының 12-тармағына сәйкес әзірленді және тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің), гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттандыру - ақпараттандыру субъектілерінің қызметін автоматтандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс;

      2) ақпараттық жүйе - ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық іс-қимылды іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      3) әлеуетті реципиент - тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауды қажет ететін пациент;

      4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган

      5) иммунологиялық типтеу жүргізу жүйесі (бұдан әрі - НLА-жүйесі) - адамның лейкоциттерінде орналасқан және тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау кезінде донор мен реципиенттің тіндік үйлесімділігін анықтайтын антигендер жүйесі;

      6) консилиум - кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тәсілін айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;

      7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Транспланттауды және жоғарғы толық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ТЖТМҚҮРО) - ағзалық донорлықтың ұлттық тиімді жүйесін құруды қамтамасыз ететін денсаулық сақтау ұйымы;

      8) мамандардың тәртіпаралық (мультитәртіптік) тобы (МТТ) - ағзалық жетіспеушілік жағдайында алмастыратын терапияны жүргізу қажеттілігі туралы шешімді комиссиялық қабылдау үшін транспланттау орталығының бейінді және аралас мамандардан тұратын дәрігерлер тобы;

      9) мәйіттік донор (кадавер) - реципиентке транспланттау үшін тіні (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалары (ағзалардың бөлігі) алынатын адамның мәйіті;

      10) өңірлік транспланттаушы үйлестіруші - ТЖТМҚҮРО штаттық қызметкері болып табылатын, облыс орталықтарындағы және республикалық маңызы бар қалалардағы тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау саласындағы медициналық ұйымдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін дәрігер;

      11) пайдаланушы - нақты функцияны және (немесе) міндетті орындау үшін ақпараттандыру объектілерін пайдаланатын ақпараттандыру субъектісі;

      12) республикалық транспланттаушы үйлестіруші - ТЖТМҚҮРО штаттық қызметкері болып табылатын, өңірлік транспланттаушы үйлестірушілердің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ететін дәрігер;

      13) реципиент - донорлық қан немесе одан бөлінген компоненттер және (немесе) препараттар құйылатын, еркектің немесе әйелдің донорлық материалы (шәует, аналық жасушалар, эмбриондар) енгізілетін не донордан алынған тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаны (ағзаның бөлігін) транспланттау жүргізілетін пациент;

      14) стационарлық транспланттаушы үйлестіруші - донорлық стационардың штаттық қызметкері болып табылатын және өңірдегі транспланттау қызметін үйлестіру мәселелері бойынша өңірлік транспланттаушы үйлестірушіге бағынатын дәрігер;

      15) тінді (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігінің) транспланттауға күту парағы - HLA-жүйесі бойынша типтелген, тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) әлеуетті реципиенттерінің дерекқоры;

      16) тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының тіркелімі - HLA-жүйесі бойынша типтелген, тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің), гемопоэздік дің жасушаларының өтеусіз донорлығына келіскен адамдардың дерекқоры;

      17) тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің тіркелімі - HLA-жүйесі бойынша типтелген, тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауға мұқтаж адамдардың дерекқоры;

      18) тірі донор - реципиентке транспланттау үшін тіні (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалары (ағзалардың бөлігі) алынатын адам;

      19) транспланттау орталығы - ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау бойынша қызметтер көрсететін денсаулық сақтау ұйымы.

      3. Донорлар мен реципиенттер туралы мәліметтерді қалыптастыру осы қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес пациенттің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі негізінде жүргізіледі.

      4. Донорлар мен реципиенттерді есепке алудың медициналық ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - ДРЕМАЖ) иесі уәкілетті орган болып табылады.

      5. ДРЕМАЖ-дың пайдаланушылары:

      1) уәкілетті орган;

      2) ТЖТМҚҮРО;

      3) транспланттау орталықтары;

      4) Тіндік типтеу зертханалары болып табылады.

      6. Дербес деректерді жинау, өңдеу және өзектендіру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің тіркелімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      7. Реципиенттердің тіркелімін қалыптастыру және жүргізу уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінің деректерін пайдаланумен, пациенттің ЖСН енгізу кезінде автоматты жүргізіледі.

      Реципиенттер тіркелімі:

      1) күту парағында тұрған әлеуетті реципиенттер;

      2) күту парағына кірмеген әлеуетті реципиенттер;

      3) реципиенттер туралы мәліметтерден тұрады.

      Күту парағын қалыптастыруды және өзектендіруді ТЖТМҚҮРО жүзеге асырады.

      8. Күту парағына енгізудің негізі:

      1) МТТ қорытындысы (консилиум);

      2) республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың денсаулық сақтау басқармаларының жанында қызмет ететін нефрологиялық комисиияның қорытындысы болып табылады.

      9. МТТ қорытындысын транспланттау орталықтары өңірлік транспланттаушы үйлестірушіге қолма-қол немесе электрондық түрде 5 жұмыс күнінің ішінде жібереді.

      10. Нефрологиялық комиссияның қорытындысын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары өңірлік транспланттаушы үйлестірушіге қолма-қол немесе электрондық түрде 5 жұмыс күнінің ішінде жібереді.

      11. Өңірлік транспланттаушы үйлестіруші қорытындыны алу күнінен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде нефрологиялық комиссия немесе МТТ қорытындысының негізінде әлеуетті реципиент туралы мәліметтерді күту парағына енгізуге ДРЕМАЖ-да электрондық өтінімді қалыптастырады.

      12. Республикалық транспланттаушы үйлестіруші әлеуетті реципиент туралы мәліметтерді реципиенттер тіркеліміне енгізуге өтінімді қарастырады және 1 жұмыс күнінің ішінде өтінімді қабылдайды немесе бас тартады.

      13. Республикалық транспланттаушы үйлестіруші:

      1) қорытындының болмауы немесе ұсынылған құжат сапасының төмен болуы (комиссия мүшелерінің барлық қолтаңбаларының болмауы, қаріптің анық емес, көмескі болуы);

      2) қорытындының 3 айдан артық уақыт бұрын берілуі жағдайында өтінімді қабылдамайды.

      14. ТЖТМҚҮРО 3 жұмыс күнінің ішінде әлеуетті реципиентті тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің тіркеліміне енгізу туралы хабарламаны қалыптастырады және пациенттің тұрғылықты мекенжайы бойынша жібереді, хабарламаның көшірмесі Денсаулық сақтау басқармасына жіберіледі.

      15. Өтінімді қабылдамаған жағдайда өңірлік транспланттаушы үйлестіруші 5 жұмыс күнінің ішінде анықталған ескертулерді түзетуге және күту парағына енгізуге ДРЕМАЖ-да қайталама өтінім қалыптастыру жөніндегі шараларды қабылдайды.

      16. Өтінімді қабылдаған жағдайда, тіндік типтеу зертханасының маманы әлеуетті реципиентті қан үлгісін алу кестесіне енгізеді және әлеуетті реципиенттің тұрғылықты мекенжайы бойынша облыстық қан орталығына жібереді. Облыстық қан орталықтары қан үлгілерін тіндік типтеу зертханаларына жеткізуді қамтамасыз етеді.

      17. Тіндік типтеу зертханасының маманы әлеуетті реципиентке иммунологиялық типтеу жүргізеді, оның нәтижелерін 10 жұмыс күнінің ішінде ақпараттық жүйеге енгізеді.

      18. Әлеуетті реципиент автоматты түрде күту парағына енгізіледі.

      19. Күту парағындағы адамдар туралы мәліметттер мынадай жағдайларда:

      1) әлеуетті реципиенттің қалауы бойынша;

      2) әлеуетті реципиенттің қайтыс болуы жағдайында;

      3) ағзаны транспланттаудан кейін;

      4) пациенттің ТТЖ шығуы жағдайында.

      5) Қазақстан Республикасы азаматының қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтан бас тартуының тіркелуі жағдайында өзекті емес болады.

      20. Күту парағындағы әлеуетті реципиенттер туралы мәліметтер ақпараттық жүйемен ДРЕМАЖ-да автоматтандырылған режимде қалыптастырылады.

      21. Тірі донордан ағзаны транспланттау жүргізілген реципиенттер туралы мәліметтерді транспланттаудан кейін 2 жұмыс күнінің ішінде транспланттау орталықтарының мамандары ДРЕМАЖ-ға енгізеді.

      22. ДРЕМАЖ дерекқорындағы реципиент туралы мәліметтер мына жағдайларда:

      1) әлеуетті реципиенттің жеке өтініші бойынша;

      2) әлеуетті реципиенттің қайтыс болуы жағдайында;

      3) әлеуетті реципиентте медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда өзекті емес болады.

3-тарау. Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының тіркелімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      23. Донорлар тіркелімін қалыптастыру және жүргізу пациенттің ЖСН енгізу кезінде, уәкілетті органның ақпараттық жүйелердің деректерін пайдалануы арқылы автоматты жүргізіледі.

      Донорлар тіркелімі:

      1) тірі донорлар;

      2) мәйіттік донорлар;

      3) қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берген немесе бас тартқан адамдар туралы мәліметтерді қамтиды.

      24. Тірі донор туралы мәліметтерді донорлар тіркеліміне транспланттау орталықтарының мамандары операция жүргізуден кейін 2 жұмыс күнінің ішінде енгізеді. Сонымен бір уақытта донорлық ағзаны (ағзаның бөлігін), тінді (тіннің бөлігін) алған реципиент туралы ақпарат енгізіледі.

      25. Мәйіттік донор туралы мәліметтерді донорлар тіркеліміне ТЖТМҚҮРО өңірлік транспланттаушы үйлестірушілері мәйіттік донорлық ағзаларды транспланттау үшін алу туралы шешім қабылдаудан кейін енгізеді. Техникалық мүмкіндік болған жағдайда өңірлік транспланттаушы үйлестіруші тірі кезінде қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтан тіркелген бас тартуының немесе келісімінің болуын тексереді. Техникалық мүмкіндік болмаған немесе қайтыс болған адамның тірі кезінде ерік білдіруі болмаған жағдайда, өңірлік (стационарлық) транспланттаушы үйлестіруші ақпарат алу үшін марқұмның туыстарына жүгінеді.

      26. Тіндік типтеу зертханасының маманы мәйіттік донордың қан және тін үлгілерін келіп түскен кезінен бастап иммунологиялық типтеуге зерттеу жүргізеді, оның нәтижелерін ДРЕМАЖ-ға енгізеді.

      27. Әлеуетті реципиентті күту парағынан іріктеуді ақпараттық жүйе автоматты режимде, осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес іріктеу индикаторларының негізінде жүзеге асырады.

      28. Іріктеу нәтижелерін мәйіттік донор анықталған өңірге жетекшілік ететін республикалық транспланттаушы үйлестіруші транспланттау орталықтарына жібереді.

      29. Қазақстан азаматының қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісімін немесе бас тартуын тіркеудің болуы туралы мәліметтер ДРЕМАЖ-да уәкілетті органның басқа ақпараттық жүйелермен автоматты режимде өзара іс-қимылдың есебінен қалыптастырылады және қайтыс болуы тіркелгеннен кейін қолжетімді болады.

      30. Тірі донор туралы мәліметтер донорлар тіркелімінде мынадай жағдайларда:

      1) тірі донордың қалауы бойынша;

      2) тірі қайтысдың қайтыс болуы жағдайында;

      3) донорлыққа медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда өзекті емес болады.

      31. Мәйіттік донор туралы мәліметтер донорлар тіркелімінде мынадай жағдайларда:

      1) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тінді (тіннің бөлігін) алудан оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілінің бас тартуы;

      2) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тінді (тіннің бөлігін) аяқталған алудың болуы туралы мәліметтің болуы жағдайында өзекті емес болады.

4-тарау. Гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімін жүргізу және қалыптастыру тәртібі

      32. Гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімін жүргізу және қалыптастыруды (бұдан әрі - Тіркелім) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырады.

      33. Гемопоэздік дің жасушаларының (бұдан әрі - ГДЖ) әлеуетті донорларын жинау мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік емес және квазимемлекеттік сектордағы ұйымдардың ықпал етуімен, донорлық, қанды, оның компоненттерін және препараттарын дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдармен іске асырылады.

      34. Тіркелімге енгізуге азаматтың жеке басын куәландыратын куәлігі болса және қарсы көрсетілімдері болмаса, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өтініш-ақпараттандырылған келісімінің негізінде 18 - 45 жастағы адамдарға жол беріледі.

      35. Тіркелімге енгізу ақысыз негіздегі гемопоэздік дің жасушаларының донорлығы туралы ерікті, саналы шешімді көздейді.

      36. Тіркелімнен ГДЖ-ның әлеуетті донорын алып тастау оның жазбаша өтінішінің негізінде кез келген сатыда жүзеге асырылады.

      37. Тіркелімге ГДЖ доноры туралы мынадай қажетті мәлімет енгізіледі:

      1) донордың сауалнамалық ақпараттары, оған тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, тұратын жері, жынысы және ұлты, ЖСН, оқу немесе лауазымын көрсету арқылы жұмыс орны кіреді;

      2) өтініші берген күні;

      3) донордың байланыс ақпараты, оған оның телефондары (мобильді, үй, жұмыс), электрондық поштаның мекенжайы, жақын туыстарының телефон нөмірлері;

      4) 4-қосымшаның "Локустар бойынша типтеу нәтижелері" бағанын толтыру аллельдер деңгейлерінің 4 цифрына дейін 5 локустың (HLA-A, HLA-B, HLA-С, HLA-DRB1, HLA-DQB1) деректерін көрсетуді көздейді;

      5) биометриялық көрсеткіштер. Донордың бойы, салмағы көрсетіледі;

      6) Донордың коды. Кодты анықтағанда келесі кодтау жүйесі қабылданады



      38. Тіркелімді жүргізу ГДЖ донорлар болуға ниет білдірген жеке тұлғалар туралы мәліметтерді есепке алу және өзектендіру жолымен жүргізіледі.

      39. Тіркелім үшін әлеуетті донорлардың HLA-фенотипін айқындауды осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зерттеуге жіберудің негізінде Орталықтың иммунологиялық типтеу зертханасы жүзеге асырады.

      40. Әлеуетті донорды Нұр-Сұлтан қаласынан тысқары Тіркелімге енгізген жағдайда HLA-фенотипті анықтау үшін қан үлгісі осы қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес ұсынылады, Тіркелімге енгізуге Өтініш-ақпараттандырылған келісім түпнұсқасының қағаз және сканерден өткізілген нұсқаларын донорлық, қанды, оның компоненттерін және препараттарын дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары Орталыққа ұсынады.

      41. Тіркелімге енгізілетін адамның толтырылған Өтініш-ақпараттандырылған келісімінің сканерден өткізілген нұсқасы бар болса өтініш иесінің электрондық мекенжайына жіберіледі.

      42. Тіркелімде тұрған мәлімет, оларды:

      1) Тіркелімнің уақтылы жүргізілуін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға;

      2) лицензияға сәйкес "трансплантология" мамандығы бойынша қызметті жүзеге асыратын, мемлекеттік қатысуы бар денсаулық сақтау ұйымдары мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де органдар мен ұйымдарға ұсынуды қоспағанда жариялауға жатпайды.

      43. Қазақстан Республикасының гемопоэздік дің жасушаларының тіркеліміне енгізуге Өтініш-ақпараттандырылған келісімдер қағаз және электрондық тасымалдағыштарда сақталуы тиіс.

      44. ГДЖ алмастыру саласында қызметті жүзеге асыратын медициналық ұйымдар Орталыққа ГДЖ донорларын іздеуге орындалған сұраулар және олардың қорытындылары туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес тоқсанның соңғы айының 25-күнінен кешіктірмей ұсынады.

      45. Орталық жыл сайын 20 желтоқсаннан кешіктірмей денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға ГДЖ донорлары туралы мәліметті ұсынады.

  Тіннің (тіннің бөлігінің) және
(немесе) ағзалардың (ағзалардың
бөлігінің) реципиенттерінің,
сондай-ақ тіннің (тіннің
бөлігінің) және (немесе)
ағзалардың (ағзалардың
бөлігінің), гемопоэздік дің
жасушалардың донорларының
тіркелімдерін қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиентінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім

      Мен: реципиент, (заңды өкіл) (астын сызу):

      ________________________________________________________________________________

      реципиенттің (тегі, аты, әкесінің аты (болса), (заңды өкілі)

      ________________________________________________________________________________

      (медициналық ұйымның атауы)

      болып, транспланттау үшін қажетті менің дербес деректерімді енгізуге, жинауға, өңдеуге және

      сақтауға өзімнің келісімімді беремін.

      Өтініш иесінің қолы: ___________________________

      (пациент немесе заңды өкілі)

      Толтырылған датасы: 20__ жылғы _____/______/

      Дәрігер: __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болса)

      Қолы: __________________

  Тіннің (тіннің бөлігінің) және
(немесе) ағзалардың (ағзалардың
бөлігінің) реципиенттерінің,
сондай-ақ тіннің (тіннің
бөлігінің) және (немесе)
ағзалардың (ағзалардың
бөлігінің), гемопоэздік дің
жасушалардың донорларының
тіркелімдерін қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донордың дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім

      Мен: донор, (заңды өкілі) (астын сызу):

      ________________________________________________________________________________

      (донордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), (заңды өкілі)

      ________________________________________________________________________________

      (медициналық ұйымның атауы)

      болып, транспланттау үшін қажетті менің дербес деректерімді енгізуге, жинауға,

      өңдеуге және сақтауға өзімнің келісімімді беремін.

      Өтініш иесінің қолы: _____________________________

      (пациент немесе заңды өкілі)

      Толтырылған датасы: 20__ жылғы______/______/

      Дәрігер: _____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болса)

      Қолы: ______________________

  Тіннің (тіннің бөлігінің) және
(немесе) ағзалардың (ағзалардың
бөлігінің) реципиенттерінің,
сондай-ақ тіннің (тіннің
бөлігінің) және (немесе)
ағзалардың (ағзалардың
бөлігінің), гемопоэздік дің
жасушалардың донорларының
тіркелімдерін қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Транспланттау үшін ДРЕМАЖ-да донор-реципиент жұбын іріктеу индикаторлары Салмақ коэффициенттері (балл)

      Бүйрек

Атауы

Басымдық

Шұғыл мәртебе (Ургентті)

1

Толық тіндік үйлесімділік

2

Бала

3

Ұзақ күту (> 3 жыл)

4

Антиденелер тобы

5

Қан топтарының үйлесімділігі

6

Тіндік үйлесімділік индексі

7

Сплиттегі тіндік үйлесімділік сәйкестіктерінің саны

8

Қан топтарының сәйкестігі

9

Антиденелер пайыздары

10

      Жүрек, бауыр, өкпе

Атауы

Басымдық

Қан топтарының үйлесімділігі

1

Шұғыл мәртебе (Ургентті)

2

Қан топтарының үйлесімділігі

3

      Қан топтарының үйлесімділігі

Донор

Реципиент

0

0

A

A

B

B

AB

AB

      Қан топтарының үйлесімділігі

Донор

Реципиент

0

0, A, B, AB

A

A, AB

B

B, AB

AB

AB

  Тіннің (тіннің бөлігінің) және
(немесе) ағзалардың (ағзалардың
бөлігінің) реципиенттерінің,
сондай-ақ тіннің (тіннің
бөлігінің) және (немесе)
ағзалардың (ағзалардың
бөлігінің), гемопоэздік дің
жасушалардың донорларының
тіркелімдерін қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
4-қосымша

Гемопоэздік дің жасушалардың донорларының тіркелімі

Коды

Төлқұжат мәліметі

Тұрғылықты жері


Донордың

ДНҚ

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Жынысы

Ұлты

Туған күні

ЖСН

Облыс

Қала

Мекенжайы














      кестенің жалғасы



Донордың байланыс ақпараты

Ақпараттандырылған келісімді рәсімдеу күні

Бастапқы/қайталама келісімі

Мобильдік телефоны

Жұмыс/үй тел.

Оқу /жұмыс орны және лауазымы

Эл.пошта мекенжайы

Жақын туысының аты-жөні

Жақын туысының моб. телефоны









      кестенің жалғасы

Зерттеудің мәліметі

Локус бойынша типтеу нәтижелері

Қан алу күні

ДНҚ концентрациясы

Әдісі

Типтеу күні

Типтеуді орындаған маманның коды

A

B

C

DR

DQ











      кестенің жалғасы

Бас тартудың себебі

Ескертпе (Донордың қосымша құжаттамасы және реципиент туралы ақпарат)



  Тіннің (тіннің бөлігінің) және
(немесе) ағзалардың (ағзалардың
бөлігінің) реципиенттерінің,
сондай-ақ тіннің (тіннің
бөлігінің) және (немесе)
ағзалардың (ағзалардың
бөлігінің), гемопоэздік дің
жасушалардың донорларының
тіркелімдерін қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
5-қосымша

Қазақстан Республикасының гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркеліміне кіруге арналған өтініш- ақпараттандырылған келісім

      Мен, төменде қол қойған ____________________________________________________

      Қазақстан Республикасының гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркеліміне

      (бұдан әрі - Тіркелім) өз еркімен кіруге дайын екенімді және маған туыс емес пациенттердің

      қажеттіліктері үшін гемопоэздік дің жасушаларын (бұдан әрі - ГБЖ) ерікті және ақысыз түрде

      тапсыруға келісімімді білдіремін.

      (қолы)______________

      Мен ГДЖ-ды ерікті түрде беруге қатысты қолда бар ақпаратпен танысып, менің

      қатысуымның сипаты мен мақсаттары бойынша Тіркелімге қосылу туралы мәселені

      талқылаған қызметкерден толық түсініктеме алдым. Барлық сұрақтарымды қоюға мүмкіндік алдым.

      Бұдан басқа, ГДЖ алудың мақсаттары мен әдістері, бұл ретте туындаған қауіптер,

      сондай-ақ, ГДЖ-ның донациясынан бұрын қолданылатын препараттардың ықтимал жанама

      әсерлері туралы хабар алдым.

      Мен ГДЖ донорлығына қатысты болашақта пайда болатын барлық сұрақтарыма толық

      жауап алатынымды білемін.

      (қолы)______________

      Менің төменде келтірілген дербес деректерім, сондай-ақ донорлық тінді зерттеу

      нәтижелері олардың ақпараттық қорғалуы шартымен, электрондық дерекқорға енгізілетініне келісемін.

      Маған және менің денсаулығыма қатысты барлық ақпарат құпия болып

      табылатындығын және мамандардың шектелген тобы жұмыс істейтін Тіркелімде белгісіз

      нысанда сақталатындығын білемін.

      Мен дербес деректерімді (HLA-генотипі, туған күні, жынысы) Гемопоэздік дің

      жасушаларының донорларын іздеу орталықтарына беруге келісемін.

      Менің тестілерімнің нәтижелері маған тек дәрігерімнен арнайы сұрау алғаннан кейін

      ғана маған жіберілетініне келісемін.

      (қолы)______________

      Менің әлеуетті донор болу ниетім гемопоэздік дің жасушалары донорлығының бірінші

      кезеңі болатынын түсінемін.

      HLA-фенотипін анықтау үшін қолдағы тамырдан пункция алу арқылы шамамен 5,0-6,0

      мл қан алынатынына және сынаманың бір бөлшегі одан әрі тестілеу мақсатында

      қатырылатынына келісемін.

      Егер менің HLA-генотипім гемопоездік дің жасушаларын трансплантатауға мұқтаж

      науқастың HLA-генотипіне сәйкес келсе, маған бұл туралы хабарланады және менің

      келісімімнен кейін донорлық тін ретіндегі гемопоэздік дің жасушаларын пайдалану мәселесі шешілуі мүмкін.

      (қолы)______________

      Менің жеке ақпаратым (тұрақты жерім, байланыс телефондары, электрондық пошта)

      өзгерген жағдайда Тіркелім өкілдеріне хабарын айтуды өзімнің міндетіме аламын, сондай-ақ

      менің денсаулығым туралы қажетті ақпаратты хабарлауға келісемін.

      (қолы)______________

      Мен жазбаша өтініштің негізінде кез-келген сәтте Қазақстан Республикасының

      Гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімінен бір жақты тәртіппен шығу ниетімді өзіме қалдырамын.

      (қолы)______________

      Қазақстан Республикасының гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркеліміне

                  кіруге арналған өтініш - ақпараттандырылған келісімнің сауалнамасы

Тегі


























Аты


























Әкесінің аты



























ЖСН













Донор коды











      Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі _______________

Туған күні









күні

айы

жылы

      Жынысы: М (ер □) / F (әйел □); Бойы _______ см, Салмағы _______ кг.

Ұлты


















      Донордың байланыс ақпараты:

Моб. тел:

8











Моб. тел

8











Үй. тел:

8











Жұмыс. тел:

8











Эл.пошта:






















      Донордың тұрақты жері: _____________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (елді мекен, көше, үй, пәтер нөмірі)

Ағымдағы жұмыс орны:


Лауазымы:


Жұмыс телефоны:

8











      Жақын туысының байланыс ақпараты:

Моб. тел:

8











Үй. тел:

8











Жұм. тел:

8












Өтінішті беру күні









күні

айы

жылы

      Жеке ақпаратым өзгерген жағдайда Регистр өкілдеріне келесі байланыстар арқылы хабарын айтуды өзімнің міндетіме аламын: nrdkmrk@gmail.com, ж.т. 8 (7172)57 04 25, моб.+ WhatsApp: 8 747 57 04 25

      Тіркелімнің аймақтық өкілінің байланыс деректері _______________________________

      Донордың аты-жөні, қолы ___________________________________________________,

      Келісімді Тіркелім қызметкері қабылдады: _____________________________________

      (аты-жөні, қолы)

  Тіннің (тіннің бөлігінің) және
(немесе) ағзалардың (ағзалардың
бөлігінің) реципиенттерінің,
сондай-ақ тіннің (тіннің
бөлігінің) және (немесе)
ағзалардың (ағзалардың
бөлігінің), гемопоэздік дің
жасушалардың донорларының
тіркелімдерін қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
6-қосымша

ГДЖ донорларын HLA-жүйесі бойынша типтеуге жолдама Направление на типирование по HLA-системе доноров ГСК

Донордың коды
(Код донора)

Туған күні
(Дата рождения)

Донордың толық Т.А.Ә.
(Ф.И.О. донора полностью)

ДНҚ коды
(ДНК код)

Донорды жіберген МҰ
(МО направляющий донора)

Ескертпе
(Примечание)

1

2

3

4


6

7

1







      Қан алынған күн мен уақыты (Дата и время забора крови):

      Жіберуші дәрігердің ТАӘ (ФИО направляющего врача):

  Тіннің (тіннің бөлігінің) және
(немесе) ағзалардың (ағзалардың
бөлігінің) реципиенттерінің,
сондай-ақ тіннің (тіннің
бөлігінің) және (немесе)
ағзалардың (ағзалардың
бөлігінің), гемопоэздік дің
жасушалардың донорларының
тіркелімдерін қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
7-қосымша

Орталыққа қан үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларының әлеуетті доноры туралы ақпаратты беру алгоритмі

      1. Орталыққа донор қанының үлгісін жинау және жеткізуді қан қызметі саласында жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.

      2. Қан үлгілері венадан 4-5 мл. мөлшерінде алынып, EDTA антикоагулянты (вакутейнер) бар вакуумдық түтікте жиналады. Тіндердің пайда болуына жол бермеу үшін антикоагулянтпен қан үлгісі 8-10 есе инверсиямен араласады,. Сынақ түтігінде донордың тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, қан үлгісін жинау күні, уақыты көрсетіледі.

      3. Қан үлгілерін жіберу үшін жылу оқшаулағыш қасиеттері және тығыздау қақпағы бар жарықтан қорғалған контейнерде (салқындатқыш қап) + 4- + 8 С температурасында жүзеге асырылады.

      4. Орталықтың қашықтығына байланысты қан үлгісін тасымалдау автомобиль, теміржол және әуе көлігімен жүзеге асырылады.

      5. Қан үлгісі алынғаннан кейін Тіркелімге арналған донор туралы ақпарат 48 сағаттың ішінде, аптаның жұмыс күндері Орталыққа жеткізіледі.

      6. Қан үлгісін зерттеу гемолиз қызып кету, қату немесе көзге көрінетін қойырылудың болуы жағдайында, сондай-ақ қан үлгісін алған сәтінен бастап 48 сағат өткеннен кейін жүргізілмейді.

  Тіннің (тіннің бөлігінің) және
(немесе) ағзалардың (ағзалардың
бөлігінің) реципиенттерінің,
сондай-ақ тіннің (тіннің
бөлігінің) және (немесе)
ағзалардың (ағзалардың
бөлігінің), гемопоэздік дің
жасушалардың донорларының
тіркелімдерін қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
8-қосымша

Пациенттің ТАӘ

Пациенттің туған күні

Диагноз

Сұранысты орындаған орталықтың атауы

Сұраныс күні

1






      кестенің жалғасы

Әлеуетті донорды тіндік типтеу нәтижесі

Әлеуетті донор табылған Тіркелімнің атауы

Әлеуетті донордың ID

A

B

C

DR

DQ













      кестенің жалғасы

Әлеуетті донордың тіндік типтеу нәтижелері

Есеп беру кезеңіндегі сұраудың нәтижесі

A

B

C

DR

DQ













Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады