Теміржол көлігі қызметкерлерін кәсіби үздік белгісімен марапаттау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 320 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 мамырда № 18731 болып тіркелді.

      "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Теміржол көлігі қызметкерлерін кәсіби үздік белгісімен марапаттау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Р. Скляр

  Қазақстан Республикасы
  Индустрия және
  инфрақұрылымдық даму министрінің
  2019 жылғы 22 мамырдағы
  № 320 бұйрығымен бекітілген

Теміржол көлігі қызметкерлерін кәсіби үздік белгісімен марапаттау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Теміржол көлігі қызметкерлерін кәсіби үздік белгісімен марапаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және теміржол көлігі қызметкерлерін кәсіби үздік белгісімен марапаттау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аккредиттелген салалық қауымдастықтар (одақтар) - кәсіпкерлік субъектілері өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің ортақ мүдделерін білдіру және қорғау мақсатында құратын теміржол көлігі саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі;

      2) кәсіби үздік белгісі – "Құрметті теміржолшы" төс белгісі;

      3) уәкiлеттi орган – теміржол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) теміржол көлігінің қызметкерлері – теміржол көлігіндегі тасымалдау процесіне қатысушы және теміржол көлігінің көмекші қызметінің ұйымдарының қызметкерлері.

      3. Еңбегінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін, теміржол көлігінің қызметін дамытуға және жетілдіруге маңызды үлес болып табылатын, ғылыми және техникалық шешімдерді, прогрессивті технологияларды әзірлеу мен енгізуде, поездар қозғалысының, жолаушылар өмірінің қауіпсіздігін, жүктердің, багаждың және сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге байланысты жігерлі іс-әрекеттері үшін, теміржол көлігінің қызметкерлері, сондай-ақ теміржол көлігі саласында кемінде 20 жыл мінсіз және үздіксіз жұмыс істеген қызметкерлер кәсіби үздік белгісімен марапатталады.

      Кәсіби үздік белгісінің сипаттамасы осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

2-тарау. Теміржол көлігі қызметкерлерін кәсіби үздік белгісімен марапаттау тәртібі

      4. Кәсіби үздік белгісімен марапаттау теміржол көлігі ұйымдары және аккредиттелген салалық қауымдастықтар (одақтар) басшыларының ұсынуымен уәкілетті орган басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен жүргізіледі.

      5. Кәсіби үздік белгісімен марапаттауға ұсынымды теміржол көлігі ұйымы және аккредиттелген салалық қауымдастықтардың (одақтардың) басшылығы бастамашылық етеді.

      6. Теміржол көлігі ұйымдарында жұмыс істейтін қызметкерлерді кәсіби үздік белгісімен марапаттауға ұсынымдарды ұлттық теміржол компаниясының құрамына кірмейтін аккредиттелген салалық қауымдастықтар (одақтар) басшылығы уәкілетті органға жібереді.

      Аффилирленген ұйымдарда ұлттық теміржол компаниясымен жұмыс істейтін қызметкерлердің кәсіби үздік белгісімен марапаттауға ұсынымды теміржол ұйымының басшылығы ұлттық теміржол компаниясына жібереді, одан кейін ұлттық теміржол компаниясы іріктелген марапатталатын адамдардың тізімдерін уәкілетті органға жібереді.

      Ұлттық теміржол компаниясында жұмыс істейтін қызметкерлердің кәсіби үздік белгісімен марапаттауға ұсыным оның басшылығымен қаралады, одан кейін іріктелген кандидатуралардың тізімдері уәкілетті органға жіберіледі.

      7. Кәсіби үздік белгісімен марапаттауға ұсынымды және марапатталатын адамдардың тізімдерін уәкілетті орган басшысының бұйрығымен құрылған кәсіби үздік белгісімен марапаттауға ұсынымдарды қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

      Комиссия уәкілетті органның төрағасынан, төрағасының орынбасарынан, өкілдерінен, ұлттық теміржол компаниясы, кәсіподақтары және аккредиттелген салалық қауымдастықтар (одақтар) өкілдерінен тұрады. Комиссия мүшелерінің жалпы саны, төрағаны қоса алғанда, тақ санын құрауы және жеті адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және оған Комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.

      Кәсіби үздік белгісімен марапаттауға ұсыным осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша марапаттау парағын қоса жолданады.

      8. Кәсіби үздік белгісімен марапаттау туралы ұсынымдарда марапатталатын адамның жеке басын сипаттайтын мәліметтер, теміржол саласындағы жалпы және осы еңбек ұжымдағы еңбек өтілі, еңбегінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін, теміржол көлігінің қызметін дамытуға және жетілдіруге маңызды үлес болып табылатын, ғылыми және техникалық шешімдерді, прогрессивті технологияларды әзірлеген және енгізген мәліметтер, сондай-ақ поездар қозғалысының, жолаушылар өмірінің қауіпсіздігін, жүктердің, багаждың және сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге байланысты жігерлі іс-әрекеттері үшін, кәсіби қызметінің тиімділігі мен сапасы, жетістіктері және қолда бар наградалар мен құрметті атақтары туралы мәліметтер баяндалады.

      9. Қызметкердің кәсіби үздік белгісімен марапаттауға лайықтылығы және лайықсыздығы туралы шешімді Комиссия көпшілік дауыспен, ашық дауыс беріп қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      10. Кәсіби үздік белгісін салтанатты түрде уәкілетті органда немесе марапатталатын адамның жұмыс істейтін ұжымында тапсырады.

      11. Кәсіби үздік белгісімен марапатталған адамға бір мезгілде құрметті теміржолшы куәлігі беріледі.

      Құрметті теміржолшы куәлігінің сипаттамасы осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.

      12. Құрметті теміржолшы куәліктердегі жазбалары мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

      13. Кәсіби үздік белгісі кеуденің оң жағында тағылады. Теміржол көлігі эмблемасының тікелей жоғары жағында нысанды киімде орналасады.

      14. Егер куәлік жоғалған жағдайда, марапатталған адамның өтініш хаты бойынша куәліктің телнұсқасы беріледі.

  Теміржол көлігі қызметкерлерін
кәсіби үздік белгісімен
марапаттау қағидаларына
1-қосымша

Кәсіби үздік белгісінің сипаттамасы

      "Құрметті теміржолшы" төс белгісі қызыл қатқыл лентамен қапталған салпыншақ және қалып түрінде дайындалады және өзара қызыл-сары түсті металдан жасалған сақинамен қосылады.

      Белгінің негізінің ортасында қызыл-сары түсті металдан жасалған "Балға және гайка кілті" темір жол эмблемасы салынған күміс ақ металдың декоративті кедір-бұдыр рамкасы жиектелген қазіргі заманғы жолаушылар поезы мен паровоз бейнеленген. Қызыл-сары түсті металдан жасалған "Құрметті теміржолшы" деген жазу бар.

      "Құрметті теміржолшы" белгісінің биіктігі - 40 мм, ені - 30 мм, тағанның биіктігі - 20 мм, ені - 24 мм.

      Омырауға тағатын белгінің сыртқы жағында (реверс) тіркеу нөмірі соғылады.

  Теміржол көлігі қызметкерлерін
кәсіби үздік белгісімен
марапаттау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Қазақстан Республикасы

      _________________________________________

      (берілген жері)

МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)___________________________

      2. Лауазымы, жұмысы, қызмет орны___________________________________

      (Ұйымның нақты атауын көрсету керек)

      3. Жынысы _________________________________________________________

      4. Туған жылы мен туған жері _________________________________________

      5. Білімі ____________________________________________________________

      6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _____________________________________

      7. Үйінің мекенжайы _________________________________________________

      8. Жалпы жұмыс өтілі _________________________________________________

      9. Теміржол саладағы жұмыс өтілі __________________________________________

      10. Кандидат айрықша сіңірген нақты еңбектері көрсетілген мінездеме

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      11. Кандидатура талқыланды және ұсынылды ____________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, талқыланған күні, хаттаманың номері)

      Марапатталуға ұсынылады ___________________________________________

      (көтермелеу түрінің атауы)

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ___________________________________________________       ________

      Басшы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)            (қолы)

      жылғы "___"_______________

      (толтырылған күні)

  Теміржол көлігі қызметкерлерін
кәсіби үздік белгісімен
марапаттау қағидаларына
3-қосымша

Куәліктің сипаттамасы

      Куәлік күрең түсті жиналмалы кітап түрінде былғары винил материалынан жасалады.

      Куәліктің бет жағында теміржолшының төс белгісі бейнеленген және "Құрметті

      теміржолшы" деген жазуы бар.

      Жапсырманың ішкі жағында жазба бар:

      Жайылған түрдегі куәліктің ұзындығы -170 мм, ені - 60 мм.

      Куәліктің ішкі жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:

      Жоғарғы жағында:_____________________________________________

      (органның атауы, наименование органа)

      куәлік №____

      №__удостоверение

      _____________________________________________

      (тегі, фамилия)

      _____________________________________________

      (аты, имя)

      _____________________________________________

      (әкесінің аты (бар болған жағдайда), отчество (при его наличии)

      "Құрметті теміржолшы" белгісімен марапатталғаны үшін берілді

      Выдано о награждении знаком "Почетный железнодорожник"

      ____________________________________________________

      (Бірінші басшы, Первый руководитель)

      (қолы)

      (подпись)

      ____________________________________________________

      (бұйрық №_, күні) (приказ №__, дата)

      _____________________________________________________

      (белгі №__) (знак №___)

      Ескертпе: марапатталатын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) жеке куәлігі бойынша толтырылады және міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде транскрипциясы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады