"Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың және еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 360 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 18 маусымдағы № 598 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 маусымда № 18865 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 291-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың және еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 360 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16673 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың және еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кедендік операцияларды жасауға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалануға (сақтауға) арналған, шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағының бөліктері шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың кедендік бақылау аймақтарын айқындау қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелері мен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағын, мұндай аумақты қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, жайластыру ерекшеліктері;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағында, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағына әкелу кезінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі және санаттары;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес, тауарларды еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес тұтыну, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ қатысушысының Еуразиялық экономикалық одақтыңтауарларын жеке тұлғаларға өткізуі, осындай тауарларды өткізу еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ қатысушысының негізгі кәсіпкерлік қызметі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ қатысушысының шетелдік тауарларды жеке тұлғаларға өткізуі жағдайларында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін аяқтау кезінде есептілікті ұсыну қағидалары;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ қатысушысы болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағына қою және (немесе) пайдалану үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанттары ретінде әрекет ете алатын жағдайлары.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Кедендік операцияларды жасауға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалануға (сақтауға) арналған, шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ аумағының бөліктері шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың кедендік бақылау аймақтарын айқындау қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кедендік операцияларды жасауға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалануға (сақтауға) арналған, шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағының бөліктері шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың кедендік бақылау аймақтарын айқындау қағидалары";

      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 291-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және Кедендік операцияларды жасауға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалануға (сақтауға) арналған, шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ (бұдан әрі – АЭА) аумағының бөліктері шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың кедендік бақылау аймақтарын айқындау тәртібін айқындайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ аумағын, осындай аумақты қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, жайластыру ерекшеліктерінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағын, осындай аумақты қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, жайластыру ерекшеліктері";

      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағын, осындай аумақты қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, жайластыру ерекшеліктері (бұдан әрі - Ерекшеліктер) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 291-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленген және шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ (– АЭА) аумағын, осындай аумақты қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, жайластыру ерекшеліктерін айқындайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ аумағында, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету қағидаларында;

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағында, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету қағидалары";

      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағында, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 291-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағында (бұдан әрі – АЭА), осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймағына әкелу кезінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Тауарларды арнайы экономикалық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес тұтыну, арнайы экономикалық аймаққа қатысушысының Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын жеке тұлғаларға өткізуі, осындай тауарларды өткізу арнайы экономикалық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес арнайы экономикалық аймаққа қатысушысының негізгі кәсіпкерлік қызметі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, арнайы экономикалық аймаққа қатысушысының шетелдік тауарларды жеке тұлғаларға өткізуі жағдайларында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін аяқтау кезінде есептілікті табыс ету қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарларды еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес тұтыну, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушысының Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын жеке тұлғаларға өткізуі, осындай тауарларды өткізу еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушысының негізгі кәсіпкерлік қызметі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушысының шетелдік тауарларды жеке тұлғаларға өткізуі жағдайларында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін аяқтау кезінде есептілікті табыс ету қағидалары"

      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы тауарларды еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес тұтыну, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушысының Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын жеке тұлғаларға өткізуі, осындай тауарларды өткізу еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушысының негізгі кәсіпкерлік қызметі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушысының шетелдік тауарларды жеке тұлғаларға өткізуі жағдайларында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін аяқтау кезінде есептілікті табыс ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 291-бабы 16-тармағына сәйкес әзірленген және:

      1) осы тармақтың 3) тармақшасының ережелерін ескере отырып, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақта (бұдан әрі – АЭА) қызметті жүзеге асыру туралы шарттарға сәйкес тауарларды тұтыну;

      2) АЭА қатысушылары Еуразиялық экономикалық одақ тауарларын жеке тұлғаларға өткізген;

      3) АЭА қызметті жүзеге асыру туралы шарттарға сәйкес осындай тауарларды өткізу АЭА қатысушының негізгі кәсіпкерлік қызметі болып табылатын жағдайды қоспағанда, АЭА қатысушылары жеке тұлғаларға шетелдік тауараларды өткізген (бұдан әрі – өзгеше тұтыну) жағдайда, еркін кеден аймағы кедендік рәсімін жасауды аяқтау кезінде есептілік ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың 1-тармағының 3)-тармақшасында айқындалған жеке тұлғаларға АЭА қатысушылары шетелдік тауараларды өткізген кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімін аяқталуы, осындай тауарларды өткізу АЭА қызметті жүзеге асыру туралы шарттарға сәйкес АЭА қатысушының негізгі кәсіпкерлік қызметі болып табылатын жағдайды алып тастайды.

      3. Осы бұйрықтың шеңберінде шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағы деп "Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына сәйкес құрылған "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" АЭА түсініледі (бұдан әрі – "Қорғас" ШЫХО" АЭА).

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ аумағына қою және (немесе) пайдалану үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанттары ретінде әрекет ете алатын жағдайларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағына қою және (немесе) пайдалану үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанттары ретінде әрекет ете алатын жағдайлары";

      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бұйрықтың шеңберінде шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ (бұдан әрі – АЭА) аумағы деп "Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына сәйкес құрылған "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" АЭА түсініледі (бұдан әрі – "Қорғас" ШЫХО" АЭА).".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 18 маусымдағы
№ 598 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 15 наурыздағы
№ 360 бұйрығына
4-қосымша

Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймағына әкелу кезінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі және санаттары

      1. "Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына сәйкес құрылған "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймағына әкелу кезінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарларға:

      1) шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған тауарлар;

      2) төтенше оқиғаларды жоюға арналған тауарлар;

      3) авария-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған тауарлар;

      4) Мемлекеттік шекараны қорғауға (күзетуге), құқықтық тәртіпті жүзеге асыруға арналған тауарлар жатады.

      2. "Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына сәйкес құрылған "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймағына әкелу кезінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлар санаттарына Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген пошта құжаттарын ресімдеу арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге тағайындалған пошта операторының кейіннен әкетуге жататын пошта жөнелтімдерін қалыптастыру мақсатында шектес шетел мемлекеттің аумағынан әкелінетін шетелдік тауарлары жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады