"Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 786 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 18 маусымдағы № 330 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 24 маусымда № 18886 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 11.07.2023 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 786 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14270 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін (бұдан әрі – Эталондық бақылау банкі) жүргізуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ЗҚАИ) жүзеге асырады.";

      3-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) автоматтандырылған басқару жүйесінің операторы, әкімшісі – Эталондық бақылау банкін электрондық түрде жүргізу жөніндегі функцияны жүзеге асыратын ЗҚАИ қызметкері;";

      7) тармақша алып тасталсын;

      8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы – "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін және ақпараттық қауіпсіздіктің талап етілетін деңгейін сақтай отырып, мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған өзге де ақпараттандыру субъектілерінің жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі;

      9) нормативтiк құқықтық акт – республикалық референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган қабылдаған, құқық нормаларын белгiлейтiн, өзгертетiн, толықтыратын, олардың қолданысын тоқтататын немесе тоқтата тұратын, белгiленген нысандағы, қағаз жеткізгіштегі жазбаша ресми құжат және сонымен бірдей электрондық құжат;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) эталондық бақыланатын нормативтік құқықтық акт – қағаз жеткізгіштегі және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, эталондық бақылау банкін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысандағы (өзгерістермен және толықтырулармен) нормативтік құқықтық акт;";

      6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қағидалардың 8, 9-тармақтарында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік органның мөрімен расталған және Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қағаз және электрондық түрдегі, қазақ және орыс тілдеріндегі бір данада нормативтік құқықтық актілердің көшірмелері түрінде ЗҚАИ-ға келіп түседі.

      7. Қағидалардың 8, 9-тармақтарында көрсетілген келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкіне енгізу олар ЗҚАИ-ға келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      8. Қағидалардың 8, 9-тармақтарында көзделген электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерді ЗҚАИ-ға жіберу электрондық құжат айналымының жүйесі арқылы жүргізіледі.

      Бірлескен нормативтік құқықтық актілерді ЗҚАИ-ға нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге жауапты болып белгіленген уәкілетті орган жолдайды.

      Нормативтік құқықтық актілерге қол қою Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12864 болып тіркелген) Электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба (тіркеу куәлігінің "Кілтті пайдалану" (KeyUsage) орнының мәнін тексеру кезінде "Цифрлық қолтаңба" және "Бастартпаушылық" мәндері қамтылады) үшін пайдаланылатын куәландырушы орталықтың тіркеу куәлігімен жүзеге асырылуға тиіс.

      Бірлескен нормативтік құқықтық актілерге электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қоюды нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге жауапты болып белгіленген уәкілетті орган қамтамасыз етеді.";

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қағидалардың 8, 9-тармақтарында көрсетілген нормативтік құқықтық актіні жинақтауды, тіркеуді және нормативтік құқықтық актілердің нысаны бойынша хронологиялық тәртіппен орналастыруды қамтитын есепке алынуға және жүйеленуге жатады.

      Нормативтік құқықтық актілерді қағаз түрінде осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша нормативтік құқықтық актілерді есепке алу журналында ЗҚАИ тіркейді. Нормативтік құқықтық акт туралы жазбаға нормативтік құқықтық актінің электрондық көшірмесінің болуы туралы белгі соғылады.

      Нормативтік құқықтық актілерді есепке алу және жүйелеу толық көлемде және уақтылы жүргізіледі.

      11. Эталондық бақылау банкін электрондық түрде қалыптастыру барысында Эталондық бақылау банкі ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған басқару жүйесінің операторы қажеттілігіне қарай НҚА-ны қағаз түрінде пайдаланады.

      Нормативтік құқықтық актілерді қағаз түрінде беруді және қайтаруды ЗҚАИ осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша нормативтік құқықтық актілерді беру және қайтару журналында тіркейді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Енгізілетін нормативтік құқықтық актіде жүйе:

      куәландырушы орталыққа электрондық цифрлық қолтаңбаның жарамдылығы мәніне сұрау салуды жіберу арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаның легитимділігін (қайтарып алынған, жарамды, мерзімі өткен) тексеруді;

      цифрлық кодтың тұтастығы, оқылатындығы мәніне форматтық-логикалық бақылауды жүргізеді.

      Тексеру нәтижесі оң болған жағдайда, нормативтік құқықтық акт электрондық түрде түскен деп есептеледі, бұл туралы жөнелтушіге нормативтік құқықтық актінің Эталондық бақылау банкіне жеткізілгені туралы белгілеме жіберіледі.

      Сондай-ақ Эталондық бақылау банкі ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған басқару жүйесінің операторы нормативтік құқықтық акт келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оның деректемелерін және мәтіннің бір нормативтік құқықтық актіге тиесілілігін де тексереді.

      Тексеру нәтижесі теріс болған жағдайда, нормативтік құқықтық актілер электрондық түрде алынбаған деп есептеледі, бұл туралы жөнелтушіге құжаттың алынбау себептері көрсетіле отырып, Эталондық бақылау банкі ақпараттық жүйесінен электрондық құжат айналымы жүйесіне хабарлама жіберіледі.

      Электрондық цифрлық қолтаңбаның легитимділігіне тексеруден немесе форматтық-логикалық бақылаудан өтпеген нормативтік құқықтық акт жүйе қоймасының "Қабылданбаған файлдар" бөлімінде сақталуға тиіс.

      Мемлекеттік органдар құжаттың алынбағандығы туралы хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ЗҚАИ-ға нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрде қайта жібереді.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады