Мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 181 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 маусымда № 18896 болып тіркелді

      "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 23-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған жеңімпаздарына мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

  Қазақстан Республикасы
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 181 бұйрығымен бекітілген

Жеңімпаздарына мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың тізбесі

      1. Халықаралық конкурстар мен фестивальдар:

      1) Халықаралық скрипкашылар конкурсы;

      2) Халықаралық пианистер конкурсы;

      3) Халық, үрмелі және соқпалы аспаптарда орындаушылардың халықаралық конкурсы;

      4) FIDOF (ЮНЕСКО) ұйымында тіркелген орындаушылардың халықаралық конкурсы;

      5) Музыкалық колледждер орындаушыларының халықаралық конкурсы;

      6) "Астана-Мерей" халықаралық жас орындаушылар конкурсы;

      7) "Жібек жолы" халықаралық конкурсы;

      8) П.И. Чайковский атындағы халықаралық жасөспірімдер конкурсы;

      9) З. Брон атындағы халықаралық скрипкашылар конкурсы;

      10) В. Спиваков атындағы халықаралық скрипкашылар конкурсы;

      11) Д. Ойстрах атындағы Мәскеу халықаралық скрипкашылар конкурсы;

      12) Е. Мравинский атындағы халықаралық конкурс;

      13) М. Ростропович атындағы халықаралық виолончелшілер конкурсы;

      14) В. Крайнев атындағы халықаралық пианистер конкурсы;

      15) Грант пиано компитейшин (Grand Piano Competition) халықаралық пианистер конкурсы;

      16) Халықаралық жас пианистер конкурсы;

      17) Астана пиано пейшон (Astana piano passion) халықаралық жас пианистер фестиваль-конкурсы

      18) Арт-Самғау суретшілердің халықаралық конкурсы;

      19) "Еуразиялық музыкалық ойындар" халықаралық музыкалық фестивалі.

      2. Республикалық конкурстар мен фестивальдар:

      1) Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы Қазақстанның жас орындаушыларының республикалық конкурсы;

      2) Музыкалық колледждер орындаушыларының республикалық конкурсы;

      3) М. Төлебаев атындағы музыкалық колледждер мен училищелер, өнер колледждері мен училищелері арасындағы республикалық вокалистер конкурсы;

      4) К. Байсейітова атындағы республикалық вокалистер конкурсы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады