Көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 436 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 18944 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 24.04.2023 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларына, "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 88-4-бабы 4-1) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 24.04.2023 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 24.04.2023 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Р. Скляр

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылы 26 маусымдағы
№ 436
бұйрығымен бекітілген

Көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 24.04.2023 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ереже

      1. Осы Көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әректтерін және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 88-4-бабы 4-1) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес бақылауды жүзеге асыру бойынша әзірленді және көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Ахуалдық орталық – нақты уақыт режимінде автомобиль көлігіндегі көліктік бақылау бекеттеріне мониторингілеуді және бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің құрылымдық бөлімі;

      2) интеллектуалды бақылау аспабы – метрологиялық салыстырып тексеруден өткен, автомобиль көлігі саласында әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалу фактісі мен уақытын, көлік құралының типін, мемлекеттік тіркеу белгісін, жүрісінің жылдамдығы мен бағытын тіркейтін стационарлық немесе мобильдік бейнебақылау аспаптарын қамтитын интеллектуалды көлік жүйесінің құрауышы;

      3) портативті алып жүретін бейнетіркегіш (бұдан әрі – бейнежетон) – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Көліктік бақылау инспекциясы (бұдан әрі – Инспекция) қызметкерлерінің аудиобейнежазбаны жүзеге асыруға арналған техникалық құрылғы.

2-тарау. Көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану тәртібі

      3. Инспекция қызметкерлерінің бейнежетонды тағып жүруі көліктік бақылау бекеттерінде кезекшілікке түскен, жолаушылар поездарын тексеру, кемелерді (шағын көлемді кемелерді) тексеру, сондай-ақ теміржол, автомобиль және су көлігі саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер өткізген сәттен бастап және олар аяқталғанға дейін жүзеге асырылады.

      4. Бейнежетонды пайдалану процесінде инспекция қызметкері белгіленген күн мен уақыттың дұрыстығына, сондай-ақ кезекшілік, жолаушылар поездарына, кемелерге (шағын көлемді кемелерге) тексеру жүргізу, сондай-ақ теміржол, автомобиль және су көлігі саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер кезеңінде аккумуляторлық батарея зарядының жеткілікті деңгейіне көз жеткізеді.

      Бейнежазбада белгіленген күні мен уақыты дәл болмаған кезде аудио және бейнежазба жасауға жол берілмейді.

      5. Инспекция қызметкерімен жазба құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезінде дәлелді сапалы деректерді жинақтауды қамтамасыз ету үшін жүргізіледі және көліктік бақылау бекеттерінде кезекшілікке түскен, жолаушылар поезын тексеру, кемені (шағын көлемді кемені) тексеру, сондай-ақ автомобиль, теміржол және су көлігі саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер басталған сәттен бастап енгізіледі және олар аяқталғаннан кейін өшіріледі.

      6. Бейнежетон Инспекция қызметкерінің іс-қимылына кедергі келтірмей, кеуде тұсына иық буынына жақын бекітіледі, сондай-ақ Инспекция қызметкерінің кеудесінде "Назар аударыңыз! Аудио және бейнежазба жүргізілуде" деген жазуы бар тақтайша (бейдж) тағылады.

      7. Аудио және бейнежазбаны жүргізу процесінде Инспекция қызметкерінің де, құқық бұзушының да барлық іс-қимылдарына, сондай-ақ Инспекция қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде бөгде адамдардың кедергі келтіруіне тиісті жазба жүргізіледі.

      8. Бейнежетонның ақаулығына немесе оның аккумуляторлық батареясының таусылуына байланысты аудио және бейнежазбаны жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, инспекция қызметкері бұл туралы Ахуалдық орталықтың кезекшісіне дереу хабарлайды және бейнежетондардың ақаулығы жойылғанға немесе аккумулятор батареяларының қуаты қайта толыққанға дейін аудио-бейнежазбаның басқа да техникалық құралдарын пайдаланады.

      9. Бейнежетонның қызмет көрсетуге жарамдылығын және аккумулятор батареясының қуатын толтыруды Инспекция қызметкерлері қамтамасыз етеді және көлік бақылау бекеттерінде кезекшілік басталар алдында және соңында, жолаушылар поезында, кемені (шағын көлемді кемелерді) тексеру жүргізілгенге дейін, сондай-ақ теміржол, автомобиль және су көлігі саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер өткізу кезінде тоқ қуатына 1 сағаттан кем емес қойылады, қажет болған жағдайда оларға демалу және тамақ ішу үшін бөлінген уақытта қойылады.

      10. Кезекшілік ауысымы кезінде бейнежетондарды қабылдау-тапсыру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру журналына жазу арқылы жүзеге асырылады.

      11. Аудио-бейнежазбаны жүргізуге арналған бейнежетонды және басқа да техникалық құралдарды есепке алу оған берілген түгендеу нөміріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Бейне жетонның және аудио-бейнежазбаны жүргізуге арналған басқа да техникалық құралдардың сақталуы мен жарамдылығын инспекция басшысы қамтамасыз етеді.

      12. Аудио-бейнежазбаны жүргізуге арналған бейнежетондар мен басқа да техникалық құралдарды қолдана отырып жүргізілген аудио және бейнежазбалардың деректерін есепке алу және сақтау үшін қабылдауды және түсіруді қамтамасыз ету инспекция басшысының бұйрығымен инспекцияның көліктегі бақылау бөлімдерінің басшыларына (бұдан әрі - бөлім басшысы) жүктеледі.

      Аудио және бейнежазба деректерін бейне жетондардан және аудио-бейнежазбаны жүргізуге арналған басқа да техникалық құралдардан қабылдау және түсіру бөлім басшысына Электрондық папкаларда хронологиялық тәртіппен бекітілген Дербес компьютерде жүзеге асырылады.

      13. Бөлім басшысы ауысым алдында нұсқама жүргізу кезінде көліктік бақылау бекетіне кезекшілікке түсетін, жолаушылар поездарын, кемені (шағын көлемді кемені) тексеру, автомобиль, теміржол және су көлігі саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау немесе жоспардан тыс тексеру алдында Инспекцияның әрбір қызметкеріне қол қойғызып, түгендеу нөмірлері бар бейнежетон, электронды жеткізгіш береді (бұдан әрі – USB флеш-жинағы) және аудио-бейнежазбаны жүргізуге арналған бейнежетондар мен басқа да техникалық құралдарын береді.

      14. Бейнежетоннан алынған аудио және бейне жазбалар Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеттің (бұдан әрі – Комитет) сұрауы бойынша ұсынылады.

      15. Бөлім басшысы Инспекция қызметкеріне Комитеттің және/немесе инспекция басшылығының жазбаша нұсқамасы болған кезде ғана аудио және бейне жазбаларды іріктеуге рұқсат береді.

      16. Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, аудио және бейне жазбаларға рұқсат тек бөлім басшысына ғана беріледі.

      17. Инспекция қызметкері:

      1) кезекшілік аяқталғанға дейін 30 минут бұрын бейнежетондағы жазбаларды ноутбук немесе көліктік бақылау бекетінің компьютері арқылы USB флеш-жинағына көшіруді қамтамасыз етеді.

      Бейнежетон жадысында бос орын жеткіліксіз болған кезде Инспекция қызметкерлері бұл туралы Ахуалдық орталығының кезекшісіне хабарлайды.

      2) кезекшілік аяқталғаннан кейін 24 сағаттан кешіктірмей сақталған жазбаларымен бірге USB флеш-жинағын бөлім басшысына тапсыруды қамтамасыз етеді.

      18. Бөлім басшысы USB флеш-жинағының тапсырылғаны және USB флеш-жинағында сақталған аудио және бейне жазбалардың қабылданғаны және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша USB флеш-жинағында сақталған жазбалардың қабылданғаны туралы жазбаны USB флеш-жинағын тапсырудың тиісті журналына енгізеді.

      19. Бейнежетондағы, USB флеш-жинағындағы бар жазбаны өз бетімен жоюға, сондай-ақ бейнежетонды өз бетімен ажыратуға және аудиобейнежазбаны жүргізуге кедергі келтіруге жол берілмейді.

      20. Бейнежетонды және ақпараттарды пайдакүнемдік немесе қызметтік жұмыспен байланысты емес өзге де мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.

      21. Инспекция қызметкері бейнежетонға ұқыптап қарауға, оның жоғалуына, бүлінуіне жол бермеуге, бөгде адамдарға бермеуге міндетті.

      22. Аудио-бейнежазбаны жүргізуге арналған бейнежетондар мен басқа да техникалық құралдардан аудио және бейнежазбаларды есепке алу және сақтау ахуалдық орталық пен инспекция басшысының рұқсаты бар комитеттің деректерді өңдеу орталығында (серверде) жүзеге асырылады.

      23. Жазбалар мерзімі есеп жүргізілген күннен бастап 1 жыл ішінде сақталады.

      24. Бейне жетонды техникалық пайдалану дайындаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.

3-тарау. Интеллектуалды бақылау аспабын пайдалану тәртібі

      25. Интеллектуалды бақылау аспабы автомобиль көлігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу кезінде дәлелдемелер базасын жинауға және нақты уақыт режимінде Ахуалдық орталық пен көліктік бақылау бекеттеріне қалыпқа түсірілген ақпаратты беруге арналған.

      26. Техникалық ақау (оның ішінде деректерді онлайн беру үшін байланыс арналарының сигналдарын жоғалту) жағдайында интеллектуалды бақылау аспабы деректерді автоматты режимде локальды жадта сақтайды, деректерді беру каналы ретке келтірілгеннен кейін – нақты уақыт режимін көрсете отырып, ақпаратты береді.

      27. Мобильді интеллектуалды бақылау аспабын автокөлік құралына, стационарлық интеллектуалды бақылау аспабы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына орнатылады.

      28. Әрбір интеллектуалды бақылау аспабын беру, қабылдау және ақпараттық деректерді түсіру кезінде жұмыста есепке алу үшін түгендеу нөмірі беріледі.

      29. Ұтқыр зияткерлік бақылау аспаптарын беру және тапсыру есебі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда тіркеледі, ол Инспекциялардың кеңсесінде сақталады. Журналдың парақтары нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі.

      30. Интеллектуалды бақылау аспаптарын техникалық пайдалану дайындаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.

      31. Интеллектуалды бақылау аспабының істен шығуы орын алған жағдайда, Инспекция қызметкері бұл туралы тез арада Ахуалдық орталығының кезекшісіне хабардар етеді.

  Көліктік бақылау органдары
лауазымды адамдарының
әкімшілік құқық бұзушылықтар
және әрекеттер жасау фактілерін
тіркеу үшін техникалық
құралдарды пайдалану
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Бейнежетонды қабылдау – тапсыру журналы

      _______________________________________________________________

                              (Инспекцияның атауы)

      20 __ жылғы "___" _______ басталды 20 __ жылғы "___" _______ аяқталды

      Журналдың ішкі беті

Бейнежетонның атауы мен түгендеу нөмірі

Бейнежетонды тапсырған Инспекция қызметкерінің А.Т.Ж. (бар болған жағдайда) Тапсырғаны туралы қолы, күні мен уақыты

Бейнежетонды қабылдаған Инспекция қызметкерінің А.Т.Ж. (бар болған жағдайда) қабылдағаны туралы қолы, күні мен уақыты

Ақпараттарды көшіру күні мен уақыты

Ескерту

1

2

3

4

5

6







  Көліктік бақылау органдары
лауазымды адамдарының
әкімшілік құқық бұзушылықтар
және әрекеттер жасау фактілерін
тіркеу үшін техникалық
құралдарды пайдалану
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

USB флеш-жинағын беру және USB флеш-жинағында сақталған жазбаларды қабылдау журналы

      ____________________________________________________________________

                              (Инспекция атауы)

      20 __ жылғы "___" _______ басталды 20 __ жылғы "___" _______ аяқталды

      Журналдың ішкі беті

USB флеш-жинағының түгендеу нөмірі

USB флеш-жинағын беру күні мен уақыты

USB флеш-жинағын қабылдаған Инспекция қызметкерлерінің А.Т.Ж. (бар болған жағдайда) Қабылдағандығы туралы қолы, күні мен уақыты

Бөлім басшысының қолы

USB флеш-жинағын тапсыру күні мен уақыты

USB флеш-жинағын тапсырған адамның А.Т.Ж. (бар болған жағдайда) тапсырғандығы туралы қолы, күні мен уақыты.

Бөлім басшысы-ның қолы

Ақпараттарды көшіру күні мен уақыты және бейнежазбалардың ұзақтығы (сағат.мин. секунд)

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      Ескерту: 1, 2, 3, 4 және 5-бағандар USB флеш-жинағын беру кезінде толтырылады; 6, 7, 8, 9-бағандар USB флеш-жинағын бөлім басшысына ақпараттарды көшіріп алу үшін тапсыру кезінде толтырылады.

  Көліктік бақылау органдары
лауазымды адамдарының
әкімшілік құқық бұзушылықтар
және әрекеттер жасау фактілерін
тіркеу үшін техникалық
құралдарды пайдалану
қағидаларына
3-қосымша

Мобильді интеллектуалды бақылау аспабын беру мен тапсыруды есепке алу журналы

      _____________________________________________________________________

      (Инспекция атауы)

      20 __ жылғы "__" _______ басталды 20 __ жылғы "__"______ аяқталды

      Журналдың ішкі беті

Аспаптың түгендеу нөмірі

Аспапты қабылдаған қызметкердің А.Т.Ж. (бар болған жағдайда).

Қызметкеррдің аспапты қабылдау туралы қолы, күні және уақыты.

Қызметкердің аспапты тапсыру туралы қолы, күні және уақыты.

Ақпараттарды көшіру күні мен уақыты және бейнежазбалардың ұзақтығы (сағат.минут) (нақты уақыт режимінде деректерді беру мүмкіндігі болмаған жағдайда)

1

2

3

4

5

6







      Ескертпе: Аспапты қабылдап алған қызметкер аспапты тапсыруды жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады