Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 598 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 18947 болып тіркелді

      "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-лейтенанты Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      2019 жылғы " "

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2019 жылғы " "

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 28 маусымдағы
№ 598 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14858 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламентінде:

      15 және 16-тармақтар алып тасталсын;

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын техникалық ұстау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтар осы Техникалық регламенттің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" Техникалық регламентінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) талаптарын ескере отырып әзірленеді.";

      37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен оларды жоспарлы-алдын алу жөндеуді тек объектінің тиісті даярлықтан өткен білікті мамандары немесе шарт негізінде осы қызмет түрін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – Орындаушы) ғана орындайды.

      38. Ұйыммен өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен оларды жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын жүргізуге шарттың болуы объект басшысынан осы Техникалық регламенттің талаптарын орындау үшін жауапкершіліктен босатпайды.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын білікті пайдалану және техникалық жарамды күйде ұстау үшін объектіде басшының бұйрығымен мынадай персонал тағайындалады:

      1) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға жауапты адам;

      2) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және оларды жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын орындау үшін мамандар. Мамандарды оқытуды өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға жауапты адам объектінің басшысы бекіткен бағдарлама бойынша жүргізеді;

      3) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жай-күйін бақылауға, сондай-ақ өрт туындаған жағдайда өртке қарсы қызметті шақыруға арналған жедел (кезекші) персонал.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Өрт автоматикасы жүйелерімен және қондырғыларымен жабдықталған объектіде мынадай құжаттама болуы тиіс:

      1) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына жобалау-сметалық құжаттамасы;

      2) орындау құжаттамасы (жұмыс сызбаларының жиынтығы), жасырын жұмыстардың (олар болған жағдайда), сынақтар мен өлшеулердің актілері;

      3) осы Техникалық регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актісі;

      4) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының құрамына кіретін техникалық құралдарға паспорттар;

      5) осы Техникалық регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының монтаждалған аспаптары мен жабдықтарының ведомосі;

      6) газбен өрт сөндіру қондырғыларының (олар бар болғанда) баллондарын өрт сөндіргіш құрамдармен зарядтауға паспорттар;

      7) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалану жөніндегі нұсқаулық;

      8) техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыс регламенті;

      9) техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын алу жөндеуінің жоспар-кестесі;

      10) осы Техникалық регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалану журналы;

      11) жедел (кезекші) персоналдың кезекшілік кестесі;

      12) кезекші және қызмет көрсететін персоналдың, техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын жүргізуге жауапты адамның лауазымдық нұсқаулықтары, техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын алу жөндеу жүргізуге ұйыммен шарт (ұйымдар қызмет көрсететін объектілерде);

      13) құлақтандыру және эвакуацияны басқару жүйелерін пайдалана отырып, адамдарды эвакуациялау бойынша объект персоналының жаттығу жүргізу журналы (ол болған жағдайда), еркін нысанда.";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Өрт сөндіргіш заттардың түрі, оларды берудің қарқындылығы, өрттен қорғаудың стационарлық қондырғыларына арналған өртке қарсы жабдықтың типі қорғалатын объектінің ерекшеліктеріне, өрт жүктемесінің түріне және орналасуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың және өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы "Ауа-дисперсиялық өрт сөндіру модульдік қондырғыларына қойылатын талаптар" 7-1-параграфпен толықтырылсын:

      "155-1. Іске қосу тәсілі бойынша модульдік қондырғылар:

      жылу құлпы бар;

      электрлік іске қосқышы бар болып бөлінеді.

      155-2. Сөндіру тәсілі бойынша:

      көлемдік;

      қабаттық;

      көлемі бойынша жергілікті сөндіру болып бөлінеді.

      155-3. Әрекет ету ұзақтығы бойынша:

      қысқа мерзімді әрекет ететін, әрекет ету уақыты 1-ден 15 секундқа дейін;

      қысқа мерзімді әрекет ететін, әрекет ету уақыты 15 секундтан астам.

      155-4. Модульдің (сыйымдылықтың) жекелеген корпусының сыйымдылығы бойынша:

      қысқа мерзімді әрекет ететін модульдер – 2-ден 8 литрге дейін;

      қысқа мерзімді әрекет ететін модульдер – 8-ден 80 литрге дейін.

      155-5. Модульдің (сыйымдылықтың) корпусында ығыстырушы газды сақтау тәсілі бойынша: – толтырылатын.".

      2. "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 438 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15511 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде:

      4-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) ауа-эмульсиялық өрт сөндіру модульдері – сақтау, беру қызметтері мен өрт сөндіргіш ауа-эмульсиялық қоспаны шығару мен таратуды бақылау және басқару құрылғысын командалық импульс бойынша жүзеге асыратын бекіту-бос қызметтері біріктірілген ауа-эмульсиялық өрт сөндіргіштің қондырғысының атқарушы құрылғысы;";

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) газбен-ұнтақпен өрт сөндіру қондырғысы – газды-ұнтақты өрт сөндіргіш заты бар ыдыстар (баллондар) өрт станциясында қорғалатын аймақтан тыс орналасқан өрт сөндіру қондырғысы;";

      "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентіне 2-қосымшада:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Автоматты өрт сөндіру қондырғылары мыналарға бөлінеді:

      1) іске қосу тәсілі бойынша:

      қайталанатын қолмен іске қосқышы (жергілікті және (немесе) қашықтан) бар автоматты өрт сөндіру қондырғылары;

      қайталанатын қолмен іске қосқышы жоқ автоматты өрт сөндіру қондырғылары;

      қолмен өрт сөндіру қондырғылары (жергілікті және (немесе) қашықтан іске қосқышы бар);

      2) сөндіру тәсілі бойынша:

      көлемді өрт сөндіру;

      ауданы бойынша өрт сөндіру;

      жергілікті өрт сөндіру (көлемі бойынша, ауданы бойынша);

      3) өрт сөндіретін заттың түрі бойынша:

      шашыратқышы (су; ауа; ауа-су) және шашу құрылғысы бар сумен өрт сөндіру;

      көбікпен өрт сөндіру;

      газбен (көмір қышқыл, азот, бу) өрт сөндіру;

      аэрозольмен өрт сөндіру;

      ұнтақпен өрт сөндіру (импульстік, модульдік типті);

      ауа-эмульсиялық өрт сөндіру (модульдік типті);

      газбен-ұнтақпен өрт сөндіру.".

      3. "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентіде:

      5-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) автоматтық автожанармай құю станциясы – технологиялық жүйесі көлік құралдарына сұйық мотор майын құюға арналған және резервуарларының жер астында орналасуымен және мұнай өнімдерін отын тарату колонкалары арқылы автоматтандырылған (оператордың қатысуысыз) түрде жіберумен сипатталатын стационарлық автожанармай құю станциясы;";

      мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) дайындаушы – өнімді өз атынан өндіруді немесе өнімді өндіру мен өткізуді жүзеге асыратын және оның Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігіне жауапты заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға, оның ішінде шетелдік дайындаушы;

      4-2) дайындаушы уәкілеттік берген тұлға – дайындаушымен, оның ішінде шетелдік дайындаушымен шарт негізінде сәйкестікті растау және өнімді Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа шығару кезінде осы дайындаушының атынан әрекеттерді жүзеге асыратын, сондай-ақ өнімнің Қазақстан Республикасының техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмегені үшін жауаптылықта болатын, мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен оның аумағында тіркелген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) импорттаушы – мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен оның аумағында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, шетелдік дайындаушымен (сатушымен) өнім беруге сыртқы сауда шартын жасасқан, осы өнімді Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа шығаруды және (немесе) сатуды жүзеге асыратын және оның техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі үшін жауапты болатын заңды тұлға немесе жеке тұлға;";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Өрт сөндіру автомобильдерінің:

      1) екі бойлық жақтан – функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.3 сыныпты биіктігі 28-ден бастап 50 метрге дейін қоса алғанда, функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.2, Ф1.5. Ф2.1, Ф2.2, Ф3, Ф4.2, Ф4.3 сыныпты биіктігі 18-ден 50 метрге дейін ғимараттар мен құрылыстарға;

      2) барлық тараптардан (шеңберлік өту жолдары):

      функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.1, Ф4.1 сыныпты ғимараттар мен құрылыстарға;

      функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.2, Ф1.5, Ф2.1, Ф2.2, Ф3,Ф4.2, Ф4.3 биіктігі 50 метрден астам ғимараттар мен құрылыстарға;

      функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.3 биіктігі 75 метрден астам ғимараттар мен құрылыстарға;

      бір-бірімен функционалдық байланысқан (қосылған) ғимараттар мен құрылыстардың кешеніне өтуі қамтамасыз етілуі тиіс.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Өту жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдарын орналастыру кезінде өрт техникасының тұрғын және қоғамдық, оның ішінде жапсарлас-іргелес үй-жайлары бар ғимараттарға өту мүмкіндігі және өрт сөндірушілердің автосатылар мен автокөтергіштерден кез келген пәтерге немесе үй-жайға қол жеткізуі қамтамасыз етілуі қажет.

      Өту жолының жиегінен бастап ғимараттың қабырғасына дейінгі қашықтықты 10-нан бастап 28 м дейін қоса алғандағы ғимараттар үшін 5-8 м және 28 м астам ғимараттар үшін 8-10 м етіп қабылдануы тиіс. Бұл аймақта ғимараттар мен құрылыстарды салуға, қоршаулар, электр бергіштің әуе желілерін орналастыруға және ағаштарды қатарлап отырғызуды жүзеге асыруға жол берілмейді.";

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Өрт гидрантын өтетін бөліктің шетінен бастап 2,5 м артық емес, бірақ ғимараттар мен құрылыстардың қабырғаларынан кемінде 5 м аралықта автомобиль жолы бойымен орнатқан жөн.

      Өрт гидрантын өтетін бөлікте орналастыруға рұқсат етіледі, бұл ретте біріккен шаруашылық-ауыз су құбыры желісінен тармақтануда өрт гидрантын орнатуға жол берілмейді.";

      99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "99. Өрт техникасы үшін қажетті өту жолдары мен кіреберістерді қамтамасыз еткен жағдайда, оттөзімділіктің I және II деңгейлі тұрғын және қоғамдық ғимараттары арасындағы өртке қарсы қашықтықтар нормаланбайды, бұл ретте көршілес объектіге қарсы орналасқан, барынша биік немесе кең ғимараттың, құрылыстың қабырғасы 1 типті өртке қарсы болып табылады.";

      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Функционалдық өрт қауіптілігі Ф1.1, Ф4.1, сондай-ақ А және Б санаттарындағы Ф5 кіші класындағы ғимараттардан басқа, отқа төзімділігі I, ІІ, III, IIIа, IIIб дәрежелі ғимараттардың отқа төзімділік шегі кемінде RЕІ 150 болатын тұйық бүйір қабырғалары және көп қабатты жабық гараж-тұрақтар (оның ішінде автомобильдер баяу жүретін) арасындағы өртке қарсы қашықтық нормаланбайды.";

      131-тармақ алып тасталсын;

      252-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "252. Ғимараттар мен құрылыстарға өтетін және кіреберіс жерлерде өрт сөндіру техникасының өтуіне, өрт техникасын орнатуға және оның жұмысына кедергі келтіретін автокөлік тұрағына және автомобиль қоюға, сондай-ақ өрт сөндіру гидранттары құдықтарының қақпақтарында автокөлік тұрағына және автомобиль қоюға жол берілмейді.";

      262-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "262. Орман алқабында орналасқан шипажайлар, демалыс үйлері және басқа сауықтыру мекемелерінің (оның ішінде жазғы балалар саяжайы, балалардың сауықтыру лагерьлері) аумақтарында периметрі бойынша орман өрттері болған кезде, ғимараттар мен құрылыстарға өрттің таралу мүмкіндігін болдырмайтын, ені 3 м-ден кем болмайтын минералданған қорғау жолағы болуы тиіс.";

      269-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "269. Өрт сөндіру және өрт сигнализациясы қондырғылары, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару, түтінге қарсы қорғау және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелері, өртке қарсы есіктер, клапандар мен люктер, басқа өртке қарсы кедергілерде ойықтарды толтырғыштар, үй-жайлар, ғимараттар мен құрылыстар, адамдарды қорғау және құтқару құралдары жобалау құжаттамасына сәйкес келуі және үнемі жарамды жұмыс күйінде болуы тиіс.

      Қондырғылардың (жекелеген желілердің, хабарлаушылардың), өртке қарсы қорғау жүйелері мен құралдарының істен шығуына байланысты, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды іске асырусыз, оларға техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға жол берілмейді.";

      270-тармақ алып тасталсын;

      273-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "273. Конструкциялар мен олардың қаптамаларының қажетті отқа төзімділігін қамтамасыз ету және өрт қауіптілігін төмендету үшін оттан қорғау құралдарын қолдануға жол беріледі.

      Барлық отқа төзімділік дәрежесіндегі ғимараттарда (отқа төзімділігі V дәрежеліден басқа) жанғыш материалдардан шатыр жабындарының жоңқасы мен қоршауы оттан қорғағышпен өңделуі тиіс.

      Оттан қорғау құрамдарын (сіңіргіштерді) жағу бойынша жұмыстарды жүргізуді оттан қорғау құрамына арналған техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес жүзеге асыру қажет.";

      274-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "274. Ұйым басшысы оттан қорғайтын тозаңды құрамдардың, оттан қорғау майларының, сылақтың, құрылыс конструкцияларының плиталармен, табақты және басқа да оттан қорғау материалдарымен қаптамалардың, жанғыш қаптау және жылуды оқшаулау материалдарының, ауа өткізгіштердің, жабдық пен эстакадалардың металл тіректерінің зақымдануларын жоюды қамтамасыз етеді, сондай-ақ дайындаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес оттан қорғау өңдеуінің (сіңіруінің) жай-күйін тексеруді жүзеге асырады.

      Оттан қорғау өңдеуінің (сіңіруінің) жай-күйі техникалық құжаттамада көрсетілген мерзімде немесе жылына кемінде бір рет сынақ хаттамасын құрып тексерілуі тиіс.";

      276-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "276. Ұйымның ғимараттары мен құрылыстарында (жеке тұрғын үйлерді қоспағанда) мыналарға:

      1) жобалау нормаларында көзделген жағдайлардан басқа, жертөлелер мен цокольдық қабаттарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, газ толтырылған баллондарды, аэрозолдық буып-түюдегі тауарларды, целлулоидты және басқа жарылыс-өрт қауіпті заттар мен материалдарды сақтауға және қолдануға;

      2) шатырдың астын, техникалық қабаттарды, желдету камераларын және басқа техникалық үй-жайларды өндірістік учаскелерді, шеберханаларды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ өнімді, жабдықты, жиһазды және басқа заттарды сақтау үшін пайдалануға;

      3) лифт холлдарында қамбалар, дүңгіршектер, дүкеншіктер орналастыруға және пайдалануға, сондай-ақ жанғыш материалдарды сақтауға;

      4) қабаттардағы дәліздерден, холлдардан, көрермен жайынан, тамбурлардан және басқыш шабақтарынан эвакуациялық шығулардың жобада қарастырылған есіктерін, эвакуациялау жолында қауіпті өрт факторларының таралуына кедергі келтіретін басқа есіктерді алып тастауға;

      5) нәтижесінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау жағдайы нашарлайтын, өрт сөндіргіштерге, өрт сөндіру крандарына және басқа өрт қауіпсіздігі құралдарына қол жеткізу шектелетін немесе автоматты өртке қарсы қорғау жүйелерінің (автоматты өрт сигнализациясы, стационарлық автоматты өрт сөндіру қондырғылары, түтінді кетіру жүйелері, құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелері) әрекет ету аймағы азаятын көлемдік-жоспарлау шешімдерін өзгертуді жүргізуге;

      6) балкондар мен лоджияларда есіктерді, люктерді, аралас секцияларға өтетін жерлерді және эвакуациялау сатыларына шығуларды жиһазбен, жабдықпен немесе басқа заттармен үйіп тастауға, балкон араларындағы сатыларды демонтаждауға, сондай-ақ пәтерлердің балкондары мен лоджияларындағы люктерді дәнекерлеуге;

      7) үй-жайды жинауды және бензин, жермай және басқа тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтарды қолданып жууды жүргізуге, сондай-ақ қатып қалған құбырларды дәнекерлеу шамымен және ашық от қолданылатын басқа тәсілдермен жылытуды жүргізуге;

      8) май болған сүрту материалын жинамай қалдыруға;

      9) ғимараттың барлық қабаттарының терезелерінде, жертөлелер терезелеріндегі шұңқыршаларда торлар орнатуға (қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін түзеу және арнайы мекемелердің, мекемелердің қоймаларының, кассаларының, үй-жайларын, қару тұратын бөлмелері, құпия бөлімдерін қоспағанда);

      10) өрт жағдайында қауіпсіздік аймақтарына жататын балкондарды, лоджиялар мен галереяларды шынылауға;

      11) басқыш шабақтары мен дәліздерде қамбалар (қосалқы үй-жайлар) орнатуға, сондай-ақ басқыш жайылмаларының астында және басқыш алаңдарында заттарды, жиһаз және басқа жанғыш материалдарды сақтауға. Бірінші және цокольдық қабаттардағы басқыш жайылмаларында орталық жылытуды басқару тораптарына, су өлшеу және жанбайтын материалдардан жасалған бөлгіштермен қоршалған электрқалқанды тораптарға арналған үй-жайды ғана орналастыруға рұқсат етіледі;

      12) ғимараттардың өндірістік және қоймалық үй-жайларында (отқа төзімділігі V деңгейлі ғимараттардан басқа) антресолдар мен бөлгіштер, қызмет көрсететін қосымша бөлмелерді, қамбалар, конторкаларды және басқа жанғыш материалдардан салынған құрамдас үй-жайларды орналастыруға;

      13) жеке қорғау құралдарын орнату және құтқару құрылғыларын бекіту орындарына өту жолдарын үймелеуге және жабуға жол берілмейді.";

      278-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "278. Бір мезгілде 50-ден астам адамның келуіне арналған үй-жайлар, сондай-ақ бір мезгілде 15-тен астам адамның келуіне арналған жертөле және цокольдық қабаттардың үй-жайларында кемінде екі эвакуациялық шығу жолдары болуы қажет.

      Отқа төзімділік деңгейі IV және V ғимараттар мен құрылыстарда 50 және одан артық адамның бір мезгілде болуына бірінші қабаттағы үй-жайда ғана рұқсат етіледі.";

      285 және 286-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "285. Ашылу бағыты нормаланбайтын мынадай есіктерден басқа, эвакуациялау жолдарындағы есіктер және ғимараттан шығатын бағыт бойынша ашылуы тиіс, атап айтқанда:

      1) Ф1.3 және Ф1.4 сыныпты үй-жайлардың;

      2) А және Б үй-жайларынан басқа, бір мезгілде 15-тен аспайтын адам келетін үй-жайлардың;

      3) ауданы 200 м2 қоймалардың;

      4) санитарлық тораптардың;

      5) 3-типтік сатылардың аумағына шығу жолдарының.

      286. Эвакуациялық шығу жолдарының есіктеріндегі тиектер, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайлардан басқа, оларды ішінен кілтсіз ашу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.";

      288-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "288. Эвакуациялық жолдар мен шығуларды пайдаланған кезде:

      1) эвакуациялық жолдар мен шығуларды (оның ішінде өтетін жерлер, дәліздер, тамбурлар, галереялар, лифті холлдары, басқыш алаңдары, басқыш шабақтары, есіктер, эвакуациялық люктер) түрлі материалдармен, бұйымдармен, жабдықтармен, өндірістік қалдықтармен, қоқыспен және басқа заттармен үйіп тастауға, сондай-ақ эвакуациялық шығу есіктерін шегелеп тастауға;

      2) шығу тамбурларында (пәтерлер мен жеке тұрғын үйлерді қоспағанда) киімге арналған кептіргіштер мен ілгіштер, гардеробты орналастыруға, сондай-ақ керек-жарақтар мен материалдарды сақтауға (оның ішінде уақытша);

      3) эвакуациялау жолдарында табалдырықтар (есіктердің ойықтарындағы табалдырықтардан басқа) орнатуға, ішкі жағынан қолмен ашу және ашық күйінде бұғаттау мүмкіндігі жоқ қозғалмалы және көтеріліп-түсірілетін есіктер мен қақпаларды, айналатын есіктер мен турникеттерді, сондай-ақ басқа (қайталайтын) эвакуациялау жолдары болмаған кезде немесе көрсетілген құрылғыларды қолмен ашуға және ашық күйінде бұғаттауға мүмкіндік беретін техникалық шешімдер болмаған кезде адамдарды еркін эвакуациялауға кедергі келтіретін басқа да құрылғыларды орнатуға жол берілмейді. Қолмен басқарылатын тәсілге қосымша құрылғыларды автоматты немесе қашықтықтан ашу және бұғаттау тәсілін қолдануға жол беріледі;

      4) отқа төзімділігі V дәрежелі ғимараттардан басқа, қабырғалары мен төбелерін өңдеуге, қаптауға және бояуға арналған жанғыш материалдарды, сондай-ақ отқа төзімділік деңгейі V ғимараттарды есептемегенде, эвакуациялау жолындағы сатылар мен басқыш алаңдарын қолдануға;

      5) басқыш шабақтарының, дәліздердің, холлдар мен тамбурлардың өздігінен жабылатын есіктерін ашық күйінде бекітуге, сондай-ақ оларды алып тастауға;

      6) түтіндемейтін басқыш шабақтарының ауа аймақтарының терезе жапқыштарын шынылауға немесе жабуға;

      7) арқауланған шыныны есіктер мен фрамугтарды шынылауда жай шынымен ауыстыруға жол берілмейді.";

      290-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "290. Адамдар жаппай жиналатын үй-жайларда кілемдер, кілем төсемшелері және өзге де еден жабындары еденге бекітілуі тиіс.";

      292-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "292. Үй-жайлардағы электрлік қондырғылар мен тұрмыстық электрлік аспаптар жұмыс уақыты (ауысымы) аяқталған кезде тоқсыздандырылуы керек.

      Авариялық жарық түсіру, өрт сөндіру және өртке қарсы сумен жабдықтау қондырғылары, өрт сөндіру және күзет-өрт сигналын бергіштер кернеуде қосылып қалуы керек. Басқа электрлік қондырғылар мен электртехникалық бұйымдарды (оның ішінде тұрғын үй-жайларда), егер бұл олардың функционалдық қолданысымен негізделсе және (немесе) пайдалану жөніндегі нұсқаулық талаптарында көзделсе, кернеуде қалдыруға рұқсат етіледі.";

      314-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "314. Отпен жылытуды пайдалану кезінде:

      1) 1) жағылатын пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды балаларға тапсыруға;

      2) жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдындағы табаққа орналастыруға;

      3) қатты отын жағылатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

      4) осы отын түріне арналмаған пештерді көмірмен, кокспен және газбен жағуға;

      5) үй-жайларда жиналыстар және басқа да көпшілік іс-шаралар өткізу уақытында пеш жағуға;

      6) пештерді шамадан тыс қыздыруға;

      7) жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, ағаш) пештер мен түтіндіктердің беттерінен 0,5 м кем болатын арақашықтықта кептіруге;

      8) ысырмаларды (жаппаларды) жобалау нормаларында көзделген ойықтарсыз қолдануға;

      9) желдету және газ арналарын түтін жолдары ретінде қолдануға;

      10) ақаулықтары, сызаттары мен саңылаулары бар пештерді жағуды жүзеге асыруға жол берілмейді.";

      323-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "323. Желдету камералары, циклондар, сүзгілер, ауаарналар жанғыш шаңдардан, өндіріс қалдықтарынан және май шөгінділерінен тазартылуы тиіс.

      Тазарту мерзімділігі ерікті нысанда тиісті акт дайындай отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 758 бұйрығымен бекітілген "Желдету мен ауаны баптау жүйелеріне, оларды тазалау мен дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12846 болып тіркелген) белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.";

      344-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "344. Газ баллон қондырғыларын орналастыру және пайдалану, оның ішінде адамдар тұруға арналған ғимарат ішінде орналастыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығымен бекітілген Газбен жабдықтау жүйелері жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15986 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылуы керек.";

      мынадай мазмұндағы 392-1-тармақпен толықтырылсын:

      "392-1. Ғимараттар мен құрылыстарда электр электр кабельдері мен өткізгіштерді төсеу үшін көлденең және тік арналардың өрттің таралуынан қорғанышы болуы тиіс.

      Кабель арналарының, қораптардың және өткізгіштердің отқа төзімділік шегі нормаланған құрылыс конструкциялары арқылы өтетін жерлерде отқа төзімділік шегі осы конструкциялардың отқа төзімділік шегінен төмен емес кабель өткізгіштері көзделуі тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 419-1-тармақпен толықтырылсын:

      "419-1. Құрылыс конструкцияларының (оның ішінде ойықтарды толтыру конструкцияларының), сондай-ақ құрылыс материалдарының (оның ішінде өңдеу) өрт қауіптілігі көрсеткіштерінің сәйкестігін растау міндетті сертификаттау нысанында жүргізіледі.

      Сертификаттауды сәйкестікті растау жөніндегі орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен бекітілген "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентіне, сондай-ақ Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 710 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17758 болып тіркелген) Сәйкестікті растау қағидаларына сәйкес сертификаттау схемалары бойынша жүргізеді.

      Сериялық шығарылатын құрылыс материалдары мен конструкцияларын сертификаттау кезінде 2-сертификаттау схемасы қолданылады, дайындаушы оның өтініш берушісі бола алады.

      Құрылыс материалдары мен конструкцияларының партиясын сертификаттау кезінде 7-сертификаттау схемасы қолданылады, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, импорттаушы оның өтініш берушісі бола алады.";

      "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне 1-қосымшада:

      40-тармаққа орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Функционалдық өрт қауіптілігі класы Ф5 үй-жайлар мен ғимараттар өрт-жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) А (өрт-жарылыс қауіптілігі жоғары);

      2) Б (өрт-жарылыс қауіптілігі);

      3) В1 - В4 (өрт қауіптілігі);

      4) Г (өрт қауіптілігі орташа);

      5) Д (өрт қауіптілігі темен).";

      "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне 2-қосымшаның 1-кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

  "1-кесте

Ғимараттардың, құрылыстардың және өрт бөліктерінің құрылыс конструкцияларының отқа төзімділік дәрежесінің және отқа төзімділік шегінің сәйкестігі

Ғимараттардың, құрылыстардың және өрт бөлік терінің отқа төзімділік дәрежесі

Құрылыс конструкцияларының отқа төзімділік шегі

Аралық қабырғалар, бағандар және өзге аралық элементтер

Сыртқы аралық қабырғалар

Қабаттардың арасындағы далдалар (оның ішінде шатырлардың және жертөле үстіндегі)

Шатырсыз жабындардың құрылыс конструкциялары

Саты торларының құрылыс конструкциялары

төсемдер (оның ішінде жылытқышы бар)

флар, бөренелер, өткіндер

ішкі қабырғалар

біліктер, саты баспалдақтарымен алаңдары

I

R 150

E 30

REI 60

RE 30

R 30

REI 150

R 60

II

R 120

E 15

REI 45

RE 15

R 15

REI 120

R 60

III

R 120

E 15

REI 45

RE 15

R 15

REI 120

R 60

IIIа

R 15

E 15

REI 15

RE 15

R 15

REI 60

R 60

IIIб

R 60

E 15

REI 45

RE 30

R 45

REI 60

R 45

IV

R 15

E 15

REI 15

RE 15

R 15

REI 30

R 15

IVа

R 15

E 15

REI 15

RE 15

R 15

REI 15

R 15

V

норма ланбайды

норма ланбайды

норма ланбайды

норма ланбайды

норма ланбайды

норма ланбайды

нормалан байды

      ";

      "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне 8-қосымшаның 3-кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

  "3-кесте

Жер үсті резервуары бар автоқұю станциясы аумағында орналасқан ғимараттар және құрылыс арасындағы ең қысқа өртке қарсы қашықтықтар

АЖМС ғимарат пен құрылыс атауы

"...атауы" бағанасында жазу тәртібінде сәйкес ғимараттар мен құрылыстар арасындағы ең кіші қашықтық, м

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1. Отын сақтауға арналған жерасты резервуарлары

-

4

-

3
9

9

9
15

15

-

6

2. Отын тарату бағаналары (ОТБ)

4

-

-

6
9

9

12
15

15

4

9

3. Автоцистернаға арналған алаң

-

-

-

6
9

-

12
15

15

-

9

АЖМС қызметкерлері мен көлік құралдарына сервистік қызмет көрсетуге арналған ғимараттар (техникалық қызмет көрсету орындары мен автомобильдерді жуу)

4. отқа төзімділік бойынша I және II деңгейлер

3
9

6
9

6
9

6

9

9

9

3
9

-
9

5. отқа төзімділік бойынша IIIа деңгейлер

9

9

9

9

12

9

12

6
9

6
9

Жолаушылар мен жүргіншілерге сервистік қызмет көрсету ғимараттары (сәйкес тауарлар дүкені, кафе, санитарлық торап)

6. отқа төзімділіктің I және II деңгейлері

9
12

12
15

12
15

9

9

6

9

9
15

-
9

7. отқа төзімділіктің ІІІа деңгейлері

15

15

15

9

12

9

12

12
15

6
9

8. Мұнай өнімдерімен ластанған атмосфералық жауын-шашынды тазарту құрылғылары

-

4

-

3
9

6
9

9
15

12
15

-

6

9. Көлік құралдарының тұрақ алаңы

6

9

9

-
9

6
9

-
9

6
9

6

12

Ескертпе:
1. Қашықтықтар көрсетілген: алымда – жақтаусыз ғимарат қабырғаларына дейін, бөлімде жақтаулы ғимарат қабырғасы. "-" белгіленген қашықтықтар нормаланбайды;
2. Қашықтықтар нормаланбайды:
1) егер өзге ғимарат жағына қаратылған барынша кең ғимарат қабырғасы өртке қарсы болса, көлік құралдарына сервистік қызмет көрсету ғимараттары арасында;
2) егер АЖМС қызметкерлеріне арналған ғимаратта жүргізушілерге, жолаушылар мен олардың көлік құралдарына сервистік қызмет көрсету ғимараты болмаса;
3. Көлік құралдарының тұрағына арналған өлшемдер онда бірдей уақытта 10 көлік құралы болуын қамтамасыз етуі керек. 9-жолда жеңіл мен мотокөліктер тұрақтарына дейін қашықтық көрсетілген. Өзге көлік құралдарының тұрақтарын ұйымдастырған кезде отқа төзімділік бойынша I және II санатты жақтаусыз ғимарат қабырғаларына дейінгі қашықтық кемі 9 м, ал қалған қашықтықтарды 50 % арттыру керек.
4. Трансформатор кіші станциясынан АЖМС ғимараты мен құрылыстарына дейінгі қашықтық № 230 бұйрықтың талаптарына сәйкес қабылданады.
5. Автоматты АЖМС жобалау кезінде отын сақтауға арналған резервуарлар мен ОТБ арасындағы қашықтық нормаланбайды.

      ";

      "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне 14-қосымшаның 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қымбат электронды жабдығы бар, сондай-ақ тарихи құндылыққа ие заттарды сақтауға арналған үй-жайларды (оның ішінде телефон станцияларының, мұражайларлардың, мұрағаттартың үй-жайларын) қорғау үшін өрт сөндіру кезінде жоғарыда көрсетілген заттардың өрт сөндіргіш затпен зақымдану қаупін болдырмау үшін ауа-эмульсиялық және көмірқышқыл өрт сөндіргіштер қолданылуы тиіс.";

      "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне 14-қосымшаның 1-кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

  "1-кесте

Тасымалданатын өрт сөндіргіштермен жабдықтау нормалары

Үй-жайлардың функционалдық мақсатының атауы және жарылыс - өрт және өрт қауіптілігі бойынша өндірістік немесе қойма үй-жайының (ғимарат, құрылыс) санаты

Тиісті түрдегі өрт сөндіргішпен қорғалатын үй-жайлардың ең үлкен алаңы, м 2

өрт сыныбы

Өрт сөндіргіштер корпусының түрі мен көлеміне қарай өрт сөндіргіштердің қажетті саны

Көлемі 10 л көбікті және сулы өрт сөндіргіштер

Көлемі ұнтақты өрт сөндіргіштер, л (өрт сөндіргіш зат салмағы, кг)

Ауа-эмульсиялық көлемі 3 л өрт сөндіргіштер

Көлемі көмірқышқыл өрт сөндіргіштер, л (өрт сөндіруші зат салмағы, кг)

2(2)

5(4)

10(9)

2(2)

3(5), 5(8)

А, Б, В1-В4 (жанғыш газдар мен сұйықтықтар)

200

A

2++

-

2+

1++

1++

-

-

B

4+

-

2+

1++

1+

-

-

C

-

-

2+

1++

-

-

-

D

-

-

2+

1++

1+

-

-

(E)

-

-

2+

1++

-

-

2++

В1-В4 (қатты жанғыш заттар мен материалдар)

400

A

2++

4+

2++

1+

1++

-

2+

D

-

-

2+

1++

1+

-

-

(E)

-

-

2++

1+

-

4+

2++

C

-

4+

2++

1+

-

-

-

Г және Д

1800

A

2++

4+

2++

1+

1++

-

-

D

-

-

2+

1++

1+

-

-

(E)

-

2+

2++

1+

-

4+

2++

Қоғамдық ғимараттар

800

A

4++

8+

4++

2+

2++

-

4+

(E)

-

-

4++

2+

-

4+

2++

Ескертпе:
1. "++" белгісімен осы қорғау объектілерін жарақтауға ұсынылатын өрт сөндіргіштер, "+" белгісімен қолданылуы ұсынылатындар жоқ кезде рұқсат етілетін және тиісті негіздер кезінде өрт сөндіргіштер, "-" белгісімен осы қорғау объектілерін жарақтау үшін рұқсат етілмейтін өрт сөндіргіштер белгіленген.
2. Түрлі сыныпты өрттерді сөндіру үшін ұнтақты өрт сөндіргіштерде сәйкес зарядтар болуы тиіс: А сыныбы үшін - АВС (Е) ұнтағы; В,С және (Е) сыныбы үшін - ВС(Е) немесе АВС (Е) және D - D сыныпты ұнтақтар;
3. D сыныпты өрттерді сөндіру үшін ауа-эмульсиялы сөндіргіштердің тиісті өрт сөндіргіш заттарының зарядтары мен тиісті таңбалануы болуы тиіс.

      ";

      "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне 14-қосымшаның 2-кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

  "2-кесте

Үй-жайларды жылжымалы өрт сөндіргіштермен жарақтау нормалары

Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша өндірістік немесе қойма үй-жайының (ғимараттың, құрылыстың) санаты

Өрт сөндіргіштердің тиісті типімен қорғалатын үй-жайдың ең үлкен ауданы, м 2

Өрт сыныбы

Өрт сөндіргіштердің типіне және корпусының көлеміне қарай өрт сөндіргіштердің қажетті саны

Көлемі 100 л ауа-көбікпен өрт сөндіргіштер

Көлемі 50 л ауа-эмульсиялық өрт сөндіргіштер

Көлемі 100 л ұнтақпен өрт сөндіргіштер

Көлемі л көмірқышқылмен өрт сөндіргіштер

25

80

А, Б, В1-В4 (жанғыш газдар мен сұйықтықтар)

500

A

1++

1++

1++

-

3+

B

2+

1++

1++

-

3+

C

-

-

1++

-

3+

D

-

-

1++

-

-

(E)

-

-

1+

2+

1++

В1-В4 (қатты жанғыш заттар мен материалдар), Г

800

A

1++

1++

1++

4+

2+

B

2+

1++

1++

-

3+

C

-

-

1++

-

3+

D

-

-

1++

-

-

(E)

-

-

1+

1++

1+

Ескертпелер:
1. "++" белгісімен қорғау объектілерін жарақтауға ұсынылатын өрт сөндіргіштер, "+" белгісімен ұсынылатын өрт сөндіргіштер болмаған кезде және тиісінше негізделген кезде қолдануға рұқсат етілетін өрт сөндіргіштер, "-" белгісімен осы қорғау объектілерін жарақтау үшін рұқсат етілмейтін өрт сөндіргіштер белгіленген.
2. Әртүрлі сыныпты өрттерді сөндіру үшін ұнтақпен өрт сөндіргіштерде тиісті зарядтары болуы қажет: А сыныбы үшін - АВС (Е) ұнтағы; В,С және (Е) сыныптары үшін - ВС(Е) немесе АВС (Е) және D - D.

      ";

      "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне 14-қосымшаның 5-кестесінің ескертпелері мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Ұнтақты өрт сөндіргіштерді ауа-эмульсиялық өрт сөндіргіштермен ауыстыруға рұқсат етіледі.";

      "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне 20-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қолдану нәтижесінде ерікті негізде техникалық регламенттің талаптарын сақтауды қамтамасыз ететін стандарттар тізбесі

р/с №

Техникалық регламенттің элементтері

Стандарттың белгіленуі

Стандарттың атауы

Ескертпе

1

2

3

4

5

1

2-тарау

ҚР СТ 1088

Өрт қауіпсіздігі. Терминдер мен анықтамалар


ҚР СТ ИСО 13943

Өрт қауіпсіздігі. Сөздік


2

6-15-тармақтар

МемСТ 12.1.004

Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар


3

16, 17-тармақтар

ҚР СТ 1600

Өрт техникасы.
Тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдары. Оқшаулауыш жеке қорғану құралдары. Жалпы техникалық талаптар. Сынақ әдістері.


ҚР СТ 1715

Өрт техникасы. Тыныс алу және көру органдарын қорғау құралдары. Сүзгі үлгісіндегі жеке қорғану құралдары. Жалпы техникалық талаптар. Сынақ әдістері


4

18-тармақ

ҚР СТ 1910

Ғимараттың сыртқы қасбеті арқылы биіктіктен адамдарды құтқаруға арналған жеке құтқару құрылғылары. Жалпы техникалық талаптар. Сынақ әдістері


ҚР СТ 1794

Өрт техникасы. Өрттен құтқару құралдары. Өрттен секіріп құтылу қондырғысы. Жалпы техникалық талаптар. Сынақ әдістері


ҚР СТ 1491

Құтқару жеңқұбыры құрылғысы. Жалпы техникалық талаптар. Сынақ әдістері


ҚР СТ 1494

Құтқару жеңқұбыры құрылғысы. Жалпы техникалық талаптар. Сынақ әдістері


5

19-20, 159, 175, 401-тармақтар

ҚР СТ 1897

Түтінге қарсы арнайы қорғау құралдары. Желдеткіш жүйелеріне арналған өртке қарсы клапандар. Отқа төзімділігін сынау әдістері


6

26-тармақ

МемСТ 12.3.046

Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Автоматты өрт сөндіру қондырғылары. Жалпы техникалық талаптар


7

27-тармақ

ҚР СТ 1487

Өрт техникасы. Өрт сөндіргіштер. Пайдалануға қойылатын талаптар


8

356-367-тармақтар

ҚР СТ 1712

Өрт сөндіру техникасы. Өртке қарсы сумен жабдықтау құралдары. Өрт сөндіру шүмектерінің қақпақтары. Өрт қауіпсіздігінің техникалық талаптары. Сынақ әдістері


9

205, 278-тармақтар

ҚР СТ 2218

Металл құрылыс конструкциялары. Сыртқы стационарлық өрт сөндіру сатылары және жабын қоршаулары. Жалпы техникалық шарттар


10

336-339-тармақтар

МемСТ 12.1.030

Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Электр қауіпсіздігі. Қорғағыш жерге қосу. Нөлдеу


11

85-87-тармақтар

ҚР СТ 2800

Өрт техникасы. Жерасты өрт сөндіру гидранттары. Жалпы техникалық шарттар


12

292-304-тармақтар

ҚР СТ Р МемСТ МЭК 50571.17

Ғимараттардың электрқондырғылары. 4-бөлім. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар. 48-тарау. Сыртқы шарттарға байланысты қорғау шараларын таңдау.
482-бөлім. Өрттен қорғау


ГОСТ 12.1.013

Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Құрылыс. Электр қауіпсіздігі 288. Жалпы талаптар


МемСТ 12.2.007.0

Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Электр техникалық бұйымдар. Жалпы қауіпсіздік талаптары


13

373-379-тармақтар

ҚР СТ 1904

Құрылыс өңдеу материалдары. Аспалы төбелер. Отқа төзімділігін сынау әдісі


ҚР СТ 1039

Декоративті-өңдеу және қаптау материалдары. Өндіру және қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары


МемСТ 30244

Құрылыс материалдары. Жануға сынау әдістері


МемСТ 30402

Құрылыс материалдары. Тұтануға сынау әдістері


МемСТ 30444

Құрылыс материалдары. Жалынның таралуына сынау әдістері


14

273-274, 387-390-тармақтар

ҚР СТ 615-1

Өрт қорғау құралдары және заттары. 1-бөлім. Ағаш және оның негізінде жасалған материалдарға арналған өрт қорғау құралдары. Жалпы техникалық шарттар


ҚР СТ 615-2

Өрт қорғау құралдары және заттары. 2-бөлім. Болат құрылымдарға арналған өрт қорғау құралдары. Жалпы техникалық шарттар


ҚР СТ 1797

Электрлі кабелдік желілерге арналған оттаy қорғау жабындары.
Жалпы техникалық талаптар. Сынақ әдістері


      ;

      "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне 21-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Зерттеу (сынақ) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын және техникалық регламенттің талаптарын қолдану және орындау және өнімнің сәйкестігін (растауын) бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті стандарттар тізбесі

р/с №

Техникалық регламенттің элементтері

Стандарттың белгіленуі

Стандарттың атауы

Ескертпе

1

2

3

4

5

1

6-15-тармақтар

МемСТ 12.1.004

Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар


2

16, 17-тармақтар

ҚР СТ 1600

Өрт техникасы. Тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдары. Оқшаулауыш жеке қорғану құралдары. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері.


ҚР СТ 1715

Өрт техникасы. Тыныс алу және көру органдарын қорғау құралдары. Сүзгі үлгісіндегі жеке қорғану құралдары. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері


3

18-тармақ

ҚР СТ 1910

Ғимараттың сыртқы қасбеті арқылы биіктіктен адамдарды құтқаруға арналған жеке құтқару құрылғылары. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері


ҚР СТ 1794

Өрт техникасы. Өрттен құтқару құралдары. Өрттен секіріп құтылу қондырғысы. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері


ҚР СТ 1491

Өрт сөндіру өңеші құтқару құрылғысы. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері


ҚР СТ 1494

Арқанмен түсіретін өрт сөндіру құралы. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері


4

19-20, 159, 175, 401-тармақтар

ҚР СТ 1897

Түтінге қарсы арнайы қорғау құралдары. Желдеткіш жүйелеріне арналған өртке қарсы клапандар. Отқа төзімділігін сынау әдістері


5

19, 20-тармақтар

ҚР СТ 2514

Ғимараттар мен құрылыстардың түтінге қарсы желдету жүйелері. Қабылдау ережелері және сынау әдістері


6

21, 161, 163-тармақтар

МемСТ 30403

Құрылыс конструкциялары. Өрт қауіптілігіне сынау әдісі


7

21-25, 416-423-тармақтар

МемСТ 30247.0

Құрылыс конструкциялары. Отқа төзімділікке сынау әдістері. Жалпы талаптар


МемСТ 30247.1

Құрылыс конструкциялары. Отқа төзімділікке сынау әдістері. Аспалы және қоршау конструкциялары


8

182-тармақ

МемСТ 31251

Сырт жағынан сыртқы қабырғалар. Өрт қауіптілігіне сынау әдістері


9

26-тармақ

МемСТ 12.3.046

Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Автоматты өрт сөндіру қондырғылары. Жалпы техникалық талаптар


10

27-тармақ

ҚР СТ 1487

Өрт техникасы. Өрт сөндіргіштер. Пайдалануға қойылатын талаптар


11

356-367-тармақтар

ҚР СТ 1712

Өрт сөндіру техникасы. Өртке қарсы сумен жабдықтау құралдары. Өрт сөндіру шүмектерінің қақпақтары. Өрт қауіпсіздігінің техникалық талаптары. сынау әдістері


12

158-159, 162, 174-175, 404-тармақтар

ҚР СТ 2110

Құрылыс конструкциялары. Өртке қарсы есіктер мен қақпалар. Түтін-газ өткізбейтіндігін сынау әдістері.


ҚР СТ 2219

Жарық өткізгіш элементтердің болуымен ойықтарды толтыру конструкциялары. Отқа төзімділікке сынау әдістері

ҚР СТ 2884

Құрылыс конструкциялары. Металл қаптамалы панельдерден конструкциялар. Отқа төзімділікке және өрт қауіптілігіне сынау әдістері


13

205, 278-тармақтар

ҚР СТ 2218

Металл құрылыс конструкциялары. Сыртқы стационарлық өрт сөндіру сатылары және жабын қоршаулары. Жалпы техникалық шарттар


14

254-255-тармақтар

ҚР СТ МемСТ Р 12.4.026

Сигналдық түстер, қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулер. Жалпы техникалық шарттар және қолдану тәртібі


ҚР СТ 1174

Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасы. Негізгі түрлері. Орналастыру және қызмет көрсету


15

131-тармақ

ҚР СТ 1490

Тұрмыстық мақсаттағы пиротехникалық бұйымдар. Өрт қауіпсіздігі талаптары. Сынау әдістері


16

336-339-тармақтар

МемСТ 12.1.030

Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Электр қауіпсіздігі. Қорғағыш жерге қосу. Нөлдеу


17

84-91-тармақтар

ҚР СТ 2800

Өрт техникасы. Жерасты өрт сөндіру гидранттары. Жалпы техникалық шарттар


18

292-304-тармақтар

ҚР СТ Р МемСТ МЭК 50571.17

Ғимараттардың электрқондырғылары. 4-бөлім. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар. 48-тарау. Сыртқы шарттардан қорғау шараларын таңдау. 482-бөлім. Өрттен қорғау


ГОСТ 12.1.013

Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Құрылыс. Электр қауіпсіздігі 288. Жалпы талаптар


МемСТ 12.2.007.​0

Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Электр техникалық бұйымдар. Жалпы қауіпсіздік талаптары


19

373-379-тармақтар

ҚР СТ 1904

Құрылыс және өңдеу материалдары. Аспалы төбелер. Отқа төзімділігін сынау әдісі


ҚР СТ 1039

Декоративті-өңдеу және қаптау материалдары. Өндіру және қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары


МемСТ 30244

Құрылыс материалдары. Жануға сынау әдістері


МемСТ 30402

Құрылыс материалдары. Тұтануға сынау әдістері


МемСТ 30444

Құрылыс материалдары. Жалынның таралуына сынау әдістері


20

273-274, 387-390-тармақтар

ҚР СТ 615-1

Өрт қорғау құралдары және заттары. 1-бөлім. Ағаш және оның негізінде жасалған материалдарға арналған өрт қорғау құралдары. Жалпы техникалық шарттар


ҚР СТ 615-2

Өрт қорғау құралдары және заттары. 2-бөлім. Болат құрылымдарға арналған өрт қорғау құралдары. Жалпы техникалық шарттар


ҚР СТ 1797

Электрлі кабелдік желілерге арналған оттаy қорғау жабындары.
Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері


21

392-1-тармақ

ҚР СТ 3017

Өртке қарсы бөгеттер ойықтарын толтыру. Кабель жолдары мен шинасым жолдары. Отқа төзімділігін сынау әдістері


22

399-407-тармақтар

ҚР СТ 1895

Арнайы түтіннен қорғау құралдары. Желдеткіштер. Отқа төзімділікке сынау


23

404-тармақ

ҚР СТ 3018

Ғимараттар мен құрылыстардың түтінге қарсы қорғаныс жүйесі. Түтінге қарсы экрандар. Отқа төзімділікке сынау әдісі


24

Осы Техникалық регламентке 1-қосымша

МемСТ 12.1.046

Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі . Жанғыш тозаңдардың өрт-жарылыс қауіпсіздігі. Жалпы талаптар


МемСТ 12.1.044

Заттар мен материалдардың өрт-жарылыс қауіптілігі. Көрсеткіштер номенклатурасы және оларды анықтау әдістері


МемСТ 50810

Тоқыма материалдардың өрт қауіпсіздігі. Декоративтік маталар. Жануға сынау әдістері және жіктеу


      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады