Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру", "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығы мен "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 453 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 18951 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру", "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11018 болып тіркелген, 2015 жылы 5 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу ("Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде ақпарат болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіреді) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";

      9-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) порталға:

      жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау (тарихсыз/тарихымен) үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) Мемлекеттік корпорацияға:

      жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау (тарихсыз/тарихымен), мекенжай беру және мекенжайын жою бойынша анықтама алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін).

      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуге жол берілмейді.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы тармағымен көзделген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай мерзім ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін нәтиже одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.

      Портал арқылы өтініш жасалған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке арналған сұрауды қабылдау туралы мәртебе, сонымен қатар мемлекеттік қызметтің нәтижесін алудың күні мен мерзімі (егер қағаз түрінде беру қажет болған жағдайда алу орнын көрсету керек) көрсетілген хабарландыру жіберіледі.

      Порталда электрондық сұрауды қабылдау көрсетілетін кызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда:

      Министрліктің: www.miid.gov.kz;

      Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4с.kz жарияланған.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызмет берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында: www.miid.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты алып тасталсын.

      2. "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13610 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, қорғаныс және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Индустрия және инфрақұрылымдық
  даму министрінің
  2019 жылғы 28 маусымдағы
  № 453 бұйрығына
  1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  міндетін атқарушының
  2015 жылғы 27 наурыздағы
  № 257 бұйрығына
  2-қосымша

"Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде материалдарды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде материалдарды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі:

      сәулет-жоспарлау тапсырмасын (бұдан әрі – СЖТ) және техникалық шарттарды (бұдан әрі – ТШ) беруге – 6 (алты) жұмыс күні;

      бастапқы материалдарды (СЖТ, ТШ, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының (бұдан әрі – ЕТЖЖ) көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алуға – 15 (он бес) жұмыс күні.

      Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі:

      СЖТ және ТШ беруге – 15 (он бес) жұмыс күні;

      бастапқы материалдарды (СЖТ, ТШ, ЕТЖЖ-ның көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алуға – 17 (он жеті) жұмыс күні.

      Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға өтінішті қарау мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні.

      Дәлелді бас тарту – 5 (бес) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ және ТШ-дың электрондық көшірмесі;

      жаңа құрылысқа бастапқы материалдардың электрондық көшірмесі (сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ), тік жоспарлау белгілерін, түбегейлі жоспарлау жобасынан алынған көшірмені, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын, техникалық шарттарды (ТШ), сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларын);

      қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдардың электрондық көшірмесі (тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға ЖАО шешімі), СЖТ, ТШ, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары);

      осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің түпнұсқалығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.

      7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетiледi.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушыға (не уәкілетті өкілі өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға) порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      сәулет-жоспарлау тапсырмасын және ТШ-ны/ жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдар алу туралы өтініш;

      жер учаскесіне құқық беретін құжаттың электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелмеген жағдайда);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі (техникалық шарттарды қажет болған жағдайда);

      қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдар алу туралы өтініш;

      тұрғын үйдің үй-жайлары (пәтерлері) меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігінің жазбаша келісімі немесе, егер өзгерістер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қозғаған жағдайда, тұрғын үйдің үй-жайлары (пәтерлер) меншік иелерінің жиналыс хаттамасының электрондық көшірмесі;

      өзгертілетін үй-жайдың техникалық паспортының электрондық көшірмесі (болған жағдайда);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі (инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда);

      жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі (егер реконструкциялау жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздейтін болса) ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында тіркелмеген жағдайда);

      техникалық жобаның электрондық көшірмесі;

      егер жобалаушы техникалық жобада үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтынын көрсеткен жағдайда, егер жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімның электрондық көшірмесі қосымша қоса беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелер арқылы алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы құжаттар туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының 33, 34, 34-1, 34-2, 34-3, 52, 53, 53-1, 53-2 және 53-3-тармақтарымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тартуға негіз болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдану тәртібі

      11. Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш бере алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифралық қолтанбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті көрсетушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында: www.miid.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

  "Құрылыс және реконструкция
  (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау)
  жобаларын әзірлеу кезінде материалдарды
  ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет стандартына
  1-қосымша
  нысан
  "Утверждаю"
  "Бекітемін"
  Главный архитектор (города, района)
  (қаланың, ауданның) бас сәулетшісі
  ____________________________
  Фамилия, имя, отчество (при его наличии) (далее – ФИО)
  Тегі, аты, әкесінің аты (оның болған жағдайында) (бұдан әрі – Т.А.Ә. )

Архитектурно – планировочное задание на проектирование (АПЗ) Жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ)

      №_______ от "____"_____________20____ года №_______ 20____ жылғы "____"_____________

  Наименование объекта:______________________________________________
  Объектінің атауы:
  __________________________________________________________________
  Заказчик (застройщик, инвестор): _____________________________________
  Тапсырыс беруші (құрылыс салушы, инвестор):

      Населенный пункт, год Қала (елді мекен), жыл


п/п

Основание для разработки архитектурно-планировочного задания (АПЗ)
Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) әзірлеу үшін негіздеме

Постановление акимата города (района) или правоустанавливающий документ №_______ от_________ (число, месяц, год)
Қала (аудан) әкімдігінің қаулысы немесе құқық белгілейтін құжат №_______ _________ (күні, айы, жылы)

1

Характеристика участка Учаскенің сипаттамасы

1.1

Местонахождение участка
Учаскенің орналасқан жері

Город, район, микрорайон, аул, квартал
Қала, аудан, шағын аудан, ауыл, орам

1.2

Наличие застройки (строения и сооружения, существующие на участке, в том числе коммуникации, инженерные сооружения, элементы благоустройства и другие)
Салынған құрылыстың болуы (учаскеде бар құрылыстар мен үй салу, оның ішінде коммуникациялар, инженерлік құрылғылар, абаттандыру элементтері және басқалары)

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

1.3

Геодезическая изученность (наличие съемок, их масштабы)
Геодезиялық зерделенуі (түсірілімдердің болуы, олардың масштабтары)

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

1.4

Инженерно-геологическая изученность (имеющиеся материалы инженерно-геологических, гидрогеологических, почвенно-ботанических и других изысканий)
Инженерлік-геологиялық зерделенуі (инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық, топырақ-ботаникалық және басқа іздестірулердің қолда бар материалдары)

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

2

Характеристика проектируемого объектаЖобаланатын объектінің сипаттамасы

2.1

Функциональное значение объекта
Объектінің функционалдық мәні

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

2.2

Этажность
Қабаттылығы

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

2.3

Планировочная система
Жоспарлау жүйесі

По проекту с учетом функционального назначения объекта
Объектінің функционалдық мәнін ескере отырып, жоба бойынша

2.4

Конструктивная схема
Конструктивті схема

По проекту
Жоба бойынша

2.5

Инженерное обеспечение
Инженерлік қамтамасыз ету

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

2.6

Класс энергоэффективности
Энергия тиімділік сыныбы

Нормативное с краткими описаниями
Қысқаша сипаттамалары бар нормативтік

3

Градостроительные требования Қала құрылысы талаптары

3.1

Объемно-пространственное решение
Көлемдік-кеңістіктік шешім

Увязать со смежными по участку объектами.
Учаске бойынша іргелес объектілермен байланыстыру

3.2

Проект генерального плана:
Бас жоспар жобасы:

В соответствии ПДП, вертикальных планировочных отметок прилегающих улиц, требованиям строительных нормативных документов Республики Казахстан.
Жанасатын көшелердің тік жоспарлау белгілерінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына, Қазақстан Республикасы құрылыстық нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес

вертикальная планировка
тік жоспарлау

Увязать с высотными отметками прилегающей территории
Іргелес аумақтардың жоғары белгілерімен байланыстыру

благоустройство и озеленение
абаттандыру және көгалдандыру

Нормативное с краткими описаниями

парковка автомобилей
3 автомобильдер тұрағы

Нормативное с краткими описаниями

использование плодородного слоя почвы
топырақтың құнарлы қабатын пайдалану

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

малые архитектурные формы
шағын сәулет нысандары

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

освещение
жарықтандыру

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

4

Архитектурные требования Сәулет талаптары

4.1

Стилистика архитектурного образа
Сәулеттік келбетінің стилистикасы

Сформировать архитектурный образ в соответствии с функциональными особенностями объекта
Объектінің функционалдық ерекшеліктеріне сәйкес сәулеттік келбетін қалыптастыру

4.2

Характер сочетания с окружающей застройкой
Қоршап тұрған құрылыс салумен өзара үйлесімдік сипаты

В соответствии с местоположением объекта и градостроительным значением
Объектінің орналасқан жеріне және қала құрылысы мәніне сәйкес

4.3

Цветовое решение
Түсіне қатысты шешім

Согласно согласованному эскизному проекту
Келісілген эскиздік жобаға сәйкес

4.4

Рекламно-информационное решение, в том числе:
Жарнамалық-ақпараттық шешім, оның ішінде:

Предусмотреть рекламно-информационные установки согласно статье 21 Закона Республики Казахстан от 11 июля 1997 года "О языках в Республике Казахстан"
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі Заңының 21-бабына сәйкес жарнамалық-ақпараттық қондырғыларды көздеу

ночное световое оформление
түнгі жарықпен безендіру

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

4.5

Входные узлы
Кіреберіс тораптар

Предложить акцентирование входных узлов
Кіреберіс тораптарға назар аударуды ұсыну

4.6

Создание условий для жизнедеятельности маломобильных групп населения
Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының өмір сүруі үшін жағдай жасау

Предусмотреть мероприятия в соответствии с указаниями и требованиями строительных нормативных документов Республики Казахстан; предусмотреть доступ инвалидов к зданию, предусмотреть пандусы, специальные подъездные пути и устройства для проезда инвалидных колясок
Іс-шараларды Қазақстан Республикасы құрылыстық нормативтік құжаттарының нұсқаулары мен талаптарына сәйкес көздеу; мүгедектердің ғимаратқа қолжетімділігін көздеу, пандустар, арнайы кірме жолдар мен мүгедектер арбаларының өту жолдарын көздеу

4.7

Соблюдение условий по звукошумовым показателям
Дыбыс-шу көрсеткіштері бойынша шарттарды сақтау

Согласно требованиям строительных нормативных документов Республики Казахстан
Қазақстан Республикасы құрылыстық нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес

5

Требования к наружной отделке Сыртқы әрлеуге қойылатын талаптар

5.1

Цоколь
Цоколь

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

5.2

Фасад
Ограждающие конструкций
Қасбет
Қоршау конструкциялары

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

6

Требования к инженерным сетям Инженерлік желілерге қойылатын талаптар

6.1

Теплоснабжение
Жылумен жабдықтау

Согласно техническим условиям (№ __и дата выдачи технических условий (далее - ТУ)
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

6.2

Водоснабжение
Сумен жабдықтау

Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ)
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

6.3

Канализация
Кәріз

Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ)
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

6.4

Электроснабжение
Электрмен жабдықтау

Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ)
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

6.5

Газоснабжение
Газбен жабдықтау

Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ)
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

6.6

Телекоммуникации и телерадиовещания
Телекоммуникациялар және телерадиохабар

Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) и требований нормативным документам
Техникалық шарттарға (ТШ №__ және берілген күні) және нормативтік құжаттарға сәйкес

6.7

Дренаж (при необходимости) и ливневая канализация
Дренаж (қажет болған жағдайда) және нөсерлік кәріз

Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ)
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

6.8

Стационарные поливочные системы
Стационарлы суғару жүйелері

Согласно техническим условиям (№ __ и дата выдачи ТУ)
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

7

Обязательства, возлагаемые на застройщика Құрылыс салушыға жүктелетін міндеттемелер

7.1

По инженерным изысканиям
Инженерлік іздестірулер бойынша

Приступать к освоению земельного участка разрешается после геодезического выноса и закрепления его границ в натуре (на местности)
Жер учаскесін игеруге геодезиялық орналастырылғаннан және оның шекарасы нақты (жергілікті жерге) бекітілгеннен кейін кірісу

7.2

По сносу (переносу) существующих строений и сооружений
Қолданыстағы құрылыстар мен имараттарды бұзу (көшіру) бойынша

В случае необходимости краткое описание
Қажет болған жағдайда қысқаша сипаттамасы

7.3

По переносу существующих подземных и надземных инженерных коммуникаций
Жер асты және жер үсті коммуникацияларын ауыстыру бойынша

Согласно техническим условиям на перенос (вынос) либо на проведения мероприятия по защите сетей и сооружений.
Ауыстыру (орналастыру) туралы техникалық шарттарға сәйкес не желілер мен құрылыстарды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу

7.4

По сохранению и/или пересадке зеленых насаждений
Жасыл көшеттерді сақтау және/немесе отырғызу бойынша

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

7.5

По строительству временного ограждения участка
Учаскенің уақытша қоршау құрылысы бойынша

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

8

Дополнительные требования
Қосымша талаптар

1. При проектировании системы кондиционирования в здании (в том случае, когда проектом не предусмотрено централизованное холодоснабжение и кондиционирование) необходимо предусмотреть размещение наружных элементов локальных систем в соответствии с архитектурным решением фасадов здания. На фасадах проектируемого здания предусмотреть места (ниши, выступы, балконы и т.д.) для размещения наружных элементов локальных систем кондиционирования.
2. Применить материалы по ресурсосбережению и современных энергосберегающих технологий.
1. Ғимараттағы ауа баптау жүйесін жобалау кезінде (жобада орталықтандырылған суық сумен жабдықтау және ауа баптау көзделмеген жағдайда) ғимарат қасбеттерінің сәулеттік шешіміне сәйкес жергілікті жүйелердің сыртқы элементтерін орналастыруды көздеу қажет. Жобаланатын ғимараттың қасбеттерінде жергілікті ау баптау жүйелерінің сыртқы элементтерін орналастыруға арналған жерлерді (бөліктер, маңдайшалар, балкондар және т.б.) көздеу қажет.
2. Ресурс үнемдеу және қазіргі заманғы энергия үнемдеу технологиялары бойынша материалдарды қолдану.

9

Общие требования
Жалпы талаптар

1. При разработке проекта (рабочего проекта) необходимо руководствоваться нормами действующего законодательства Республики Казахстан в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности.
2. Согласовать с главным архитектором города (района):
- Эскизный проект.
3. Провести экспертизу проекта строительства.
4. Подать уведомление о начале строительно-монтажных работ.
5. Приемка и ввод в эксплуатацию построенного объекта ( тип приемки).
1. Жобаны (жұмыс жобасын) әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларын басшылыққа алуы қажет.
2. Қаланың (ауданның) бас сәулетшісімен келісу:
- эскиздік жоба.
3. Құрылыс жобасына сараптама жүргізу.
4. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғандығы туралы хабарлама беру.
5. Салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру. (қабылдау түрі).

      Примечания:

      Ескертпелер:

      1. АПЗ и ТУ действуют в течение всего срока нормативной продолжительности строительства, утвержденного в составе проектной (проектно-сметной) документации.

      СЖТ және ТТ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың құрамында бекітілген құрылыстың бүкіл нормативтік ұзақтығының мерзімі шегінде қолданылады.

      2. В случае возникновения обстоятельств, требующих пересмотра условий АПЗ, изменения в него вносятся по согласованию с заказчиком.

      СЖТ шарттарын қайта қарауды талап ететін жағдайлар туындаған кезде, оған өзгерістерді тапсырыс берушінің келісімі бойынша енгізілуі мүмкін.

      3. Требования и условия, изложенные в АПЗ, обязательны для всех участников инвестиционного процесса независимо от форм собственности и источников финансирования.

      СЖТ-да жазылған талаптар мен шарттар меншік нысанына және қаржыландыру көздеріне қарамастан инвестициялық процестің барлық қатысушылары үшін міндетті.

      4. Несогласие заказчика с требованиями, содержащимися в АПЗ, обжалуется в судебном порядке.

      Тапсырыс берушінің СЖТ-да қамтылған талаптармен келіспеуі сот тәртібімен шағымдалуы мүмкін.



  "Құрылыс және реконструкция
  (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау)
  жобаларын әзірлеу кезінде
  материалдарды ұсыну"
  мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет стандартына
  2-қосымша
  нысан
  ____________________________
  ____________________________
  ____________________________

Бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдар алу туралы өтініш

      Өтініш берушінің аты: ____________________________________________________________

      (Жеке тұлғаның тегі, аты, болса – әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы)

      Мекенжайы: ____________________________________________________________________

      Телефоны:______________________________________________________________________

      Тапсырыс беруші: ________________________________________________________________

      Жобаланатын объектінің атауы:____________________________________________________

      Жобаланатын объектінің мекенжайы:_______________________________________________

      Сізден


1- пакет. Жаңа құрылысқа бастапқы материалдар (сәулет-жоспарлау тапсырмасын (бұдан әрі – СЖТ), тік жоспарлау белгілерін, түбегейлі жоспарлау жобасынан алынған көшірмені, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын, техникалық шарттарды (бұдан әрі –ТШ), сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларын)

2-пакет. СЖТ және ТШ

3-пакет. Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдар (тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға ЖАО шешімі), СЖТ, ТШ, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) беруіңізді сұраймын

      Сізден


1- пакет. Жаңа құрылысқа бастапқы материалдар (СЖТ, тік жоспарлау белгілерін, түбегейлі жоспарлау жобасынан алынған көшірмені, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын, ТШ, сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларын)

2-пакет. СЖТ және ТШ

3-пакет. Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдар (тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға ЖАО шешімі), СЖТ, ТШ, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) дубликатты беруіңізді сұраймын

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған. заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

  күні: 20__ жылғы "__" ___________
  Тапсырды: ______________________
  Қолы
  "Құрылыс және реконструкция
  (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау)
  жобаларын әзірлеу кезінде
  материалдарды ұсыну" мемлекеттік
  көрсетілетін қызмет
  стандартына 3-қосымша
  нысан

Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы

Тапсырыс беруші

-

Объектінің атауы

-

Нормалар бойынша құрылыс салу мерзімі

-

Объектіге (реконструкциялауға) құқық белгілейтін құжаттар

-

Қабаттылығы

-

Ғимараттың алаңы

-

Пәтерлер (нөмірлер, кабинеттер) саны

-

Электрмен жабдықтау
Кезек бойынша құрылыс салу барысында қосымша
Реконструкциялау барысында

Талап етілетін қуаты, кВт

-

Жүктеме сипаты (фаза)

Бір фазалы, үш фазалы, тұрақты, уақытша, маусымдық

Сенімділігі бойынша санаты

I санат___кВт (кВА),
II санат ___кВт (кВА),
III санат___кВт (кВА)

Пайдалануға берілгеннен кейін жылдар бойынша ең жоғарғы жүктеме (қолданыстағы жүктемені ескере отырып үдемелі қорытындымен)


20__ж.____кВт, 20__ж.____кВт, 20__ж.____кВт

көрсетілген ең жоғарғы жүктемеден мыналар электр қабылдағыштарға жатады:


I санат___кВт (кВА),
II санат ___кВт (кВА),
III санат___кВт (кВА)

Электр қазандарын, электрокалориферлерді, электр плиталарын, электр пештерін, электр су қыздырғыштарды орнату болжанады (қажеттісінің астын сызыңыз)

саны ___ дана, бірліктік қуаты
_____ кВт (кВА)

Қолданыстағы ең жоғарғы жүктеме

-

Трансформаторлардың шарт бойынша рұқсат етілген қуаты

№ _________ТЖ-да ______ ТЖ-да кВА
№ _________ТЖ-да ______ ТЖ-да кВА

Сумен жабдықтау

Судың жалпы қажеттілігі

____

м3/тәулік

____

м3/сағ.
ауыз суы

____

л/сек. ең жоғарғы

оның ішінде







Шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне

____

м3/тәулік

____

м3/сағ.

____

л/сек. ең жоғарғы

Өндірістік қажеттіліктерге


м3/тәулік


м3/сағ.

____

л/сек. ең жоғарғы

Өрт сөндіруге қажетті шығыстар

____

л/сек.

Кәріз

Сарқынды сулардың жалпы мөлшері

____

м3/тәулік

____

м3/сағ. ең жоғарғы

оның ішінде





Нәжіспен ластанған


м3/тәулік

____

м3/сағ. ең жоғарғы

Өндірістік ластанған


м3/тәулік


м3/сағ. ең жоғарғы

Қала кәрізіне шығарылатын шартты таза сулар

____

м3/тәулік

____

м3/сағ. ең жоғарғы


Өнеркәсіптік сарқынды сулардың сапалық құрамы мен сипаттамалары (рН, өлшенген заттардың, қышқылдардың, сілтілердің, жарылғыш, радиактивтік жанатын заттардың және басқалары концентрациясының БГ)

Жылумен жабықтау

Жалпы жылу жүктемесі

____Гкал/сағ.


оның ішінде:

Жылыту

____ Гкал/сағ.

Желдету

____ Гкал/сағ.

Ыстық сумен жабдықтау

____ Гкал/сағ.

Технологиялық қажеттіліктер (бу)

____ т/сағ.

Жүктемені тұрғын үйлер және жапсарлас салынған үй-жайлар бойынша бөлу

-

Энергия үнемдеу іс-шарасы

-

Нөсерлік кәріз

Тапсырыс берушінің қалауы

-

Телефон орнату

Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар бойынша ОТА және қызметтер саны

-

Телефон сыйымдылығы

-

Жоспарланатын телефон арнасы

-

Тапсырыс берушінің қалауы (жабдықтың түрі, кабель түрі және т.б.)

-

Газбен жабдықтау

Жалпы қажеттілік

____м3/сағ.


оның ішінде:

Тамақ әзірлеуге

____м3/сағ.

Жылытуға

____м3/сағ.

Желдетуге

____м3/сағ.

Ауа баптауға

____м3/сағ.

Көп қабатты үйлерге газ орнату кезінде ыстық сумен жабдықтау

____м3/сағ.

      Ескертпе *

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      * Сауалнама парағын қосалқы тұтынушы берген жағдайда, ескертпеде тұтынушының қосалқы тұтынушыны оның желілеріне қосуға келісімі көрсетіледі. Бұл ретте тұтынушының келісімінде оның деректері көрсетіледі (жеке тұлғалар – қолдарын қояды, заңды тұлғалар – қолдары мен мөрлерін қояды (онын болған жағдайда)).

  Тапсырыс беруші: _________________
  20___ жылғы "___" _______________
  Қазақстан Республикасы
  Индустрия және инфрақұрылымдық
  даму министрінің
  2019 жылғы 28 маусымдағы
  № 453 бұйрығына
  2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  міндетін атқарушының 2016 жылғы
  17 наурыздағы
  № 137 бұйрығымен бекітілді

"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-портал (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі немесе дәлелді бас тарту мерзімі – 10 (он) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық эскизді (эскиздік жобаны) келісу – хат немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

      7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесі.

      Көрсетілетін қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, құжаттар туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиесті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының 41-1-тақмағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тартуға негіз болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдану тәртібі

      11. Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш бере алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифралық қолтанбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында: www. miid.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

  "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден
  өткізу" мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет стандартына 1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
  ____________________________
  ____________________________

Өтініш

      Өтініш берушінің атауы:_________________________________________________

      (Жеке тұлғаның тегі, аты, болса – әкесінің аты (немесе заңды тұлғаның атауы)

      Мекенжайы:__________________________________________________________

      Телефоны:____________________________________________________________

      Тапсырыс беруші:______________________________________________________

      Жобаланатын объектінің атауы:__________________________________________

      Жобаланатын объектінің мекенжайы:_____________________________________

      Сізден эскизді (эскиздік жобаны) келісуіңізді сұраймын

  Қабылдады (қолы) ___________________
  күні: 20__ жылғы "___" ____________
  Тапсырды (қолы) _______________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады