Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 391 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 шілдеде № 19042 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 19 мамырдағы № 41 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 19.05.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 46-2-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5761 болып тіркелді, 2009 жылғы 25 қырқүйекте № 146 (1569) "Заң газетінде" ресми жарияланған) төмендегі өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 46-2-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берілген:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын құжаттар тізбесі бекітілсін.";

      2) "Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17557 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 қазанда жарияланған) төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекiтiлген "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушыға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) аккредиттеуден өту туралы жалпы жиналыс шешімінің электрондық көшірмесі;

      3) ұйымның ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын шетелдiк ұйымдармен жасасқан екiжақты және көпжақты келiсiмдерiнің электрондық көшірмесі;

      4) жалпы жиналыстың сыйақы мөлшеріне қатысты шешімінің электрондық көшірмесі;

      5) жалпы жиналыстың пайдаланушылармен лицензиялық шарт жасасу талаптарына қатысты шешімінің электрондық көшірмесі;

      6) жалпы жиналыстың жиналған сыйақыны бөлу және төлеу тәсіліне қатысты шешімінің электрондық көшірмесі;

      7) авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілері құқық иеленушілерінің көрсетілетін қызметті алушыға қатысты пікірлерінің электрондық көшірмесі;

      8) осы стандартқа 2 қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.

      Қызметі беруші көрсетілетін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану: шағым қызметті берушінің басшысының атына, осы мекенжай арқылы беріледі: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел көшесі, № 8 үй, 13-кіреберіс, № 022 кабинеті, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-07-84; 55-87-64.";

      стандартқа қосымшаның жоғарғы оң бұрышы

  "Мүліктік құқықтарды
ұжымдық негізде басқаратын
ұйымдарды аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша

      мынадай редакцияда жазылсын:

  "Мүліктік құқықтарды
ұжымдық негізде басқаратын
ұйымдарды аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2 - қосымша

      осы бұйрықпен бекiтiлген "Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - автордың өтінішін алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде.

      Тізілімде көрсетілетін қызметті алушының өтініші алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде енгізілген мәліметтердің тиесілілігін, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтін техникалық сипаттағы қателер түзетілуі мүмкін.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Порталда көрсетілген қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      Тізілімге мәліметтерді енгізу үшін:

      1) осы cтандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) туындының данасы.

      Туындының бір данасының орнына өтінішке - эскиздер, сызбалар, суреттер немесе фотосуреттер, ал электрондық есептеуіш машинаға (ЭЕМ) немесе дерекқорға арналған бағдарламаларға қатысты бағдарламаның немесе дерекқордың атауын, автордың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жасалған күнін, қолдану саласын, мақсатын, функционалдық мүмкіндіктерін, бастапқы кодын (бастапқы мәтінді), негізгі техникалық сипаттамаларын, бағдарламалау тілін, іске асырушы ЭЕМ-нің типін қамтитын реферат қоса берілуі мүмкін;

      3) құрамдас немесе туынды шығармаға қатысты түпнұсқалық туындының авторымен (ларымен) немесе құқық иесімен жасалған авторлық шарттың көшірмесі қосымша ұсынылады егер, көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күні құрамдас туындыда басқа авторлардың қорғау мерзімі өткен туындылары пайдаланылған болса, авторлық шарт ұсынылмайды.Негізінде туынды шығарма жасалған туындының қорғау мерзімі өткен жағдайда негізгі туындының авторымен авторлық шартты ұсыну талап етілмейді;

      4) діни мазмұны бар туындыларға қатысты діни сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі қосымша ұсынылады;

      5) жеңілдіктер беруге негіз болып табылатын құжаттар:

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 10-бабына сәйкес (бұдан әрі-1995 жылғы 28 сәуірдегі Заң) - куәлiктiң көшiрмесiн немесе жеңiлдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгiнiң көшiрмесiн, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiне немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiне қоса берiлетiн куәлiктiң көшiрмесiн, жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқын куәлiгiнiң не екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, геттоларда және басқа ерiксiз ұстау орындарында мәжбүрлеп ұсталғандығы туралы мұрағаттық анықтаманың көшiрмесiн, комиссариаттан алынған, басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтаманың көшiрмесiн немесе басқа мемлекеттердiң аумағында ұрыс қимылдарына қатысқандығы туралы белгi соғылған әскери билеттiң көшiрмесiн, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткендiгiн растайтын құжат немесе жараланған, контузия алған немесе зақымданғанын растайтын медициналық құжаттардың көшiрмесiн, ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiне және медальдарына қоса берiлетiн куәлiктiң көшiрмесiн, Чернобыль АЭС-iндегi аварияның зардаптарын жоюға қатысушы куәлiгiнiң көшiрмесiн немесе Чернобыль АЭС-iндегi аварияның немесе азаматтық немесе әскери тағайындау объектiлерiндегi басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқанын, ядролық сынақтар мен оқуларға тiкелей қатысқанын растайтын құжат немесе әскери комиссариаттан немесе Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінен немесе әскери тағайындау объектiлерiндегi басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқан фактiсiн растайтын, ядролық сынақтар мен оқуларға тiкелей қатысқанын растайтын анықтаманың көшiрмесiн;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес - еңбек кiтапшасының көшiрмесiн немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда жұмысы туралы мәлiметтерi бар өзге де құжаттардың көшiрмесiн (жұмыс орны, сондай-ақ мұрағат мекемелерi берген жұмыс кезеңдерi туралы мәлiметтерi бар құжаттардың, немесе бұйрықтардан, жеке шоттары мен жалақы төлеуге арналған ведомостан үзiндi көшiрмелердiң, коммунистiк партия немесе кәсiподақ мүшелерiнiң мүшелiк билеттерi немесе есеп карточкаларының, немесе қызметiн бұрын қолданыста болған заңнамаға сәйкес жүзеге асырып келген жұмыс стажын анықтау жөнiндегi, зейнетақы тағайындау жөнiндегi комиссиялардың шешiмдерiнiң, немесе сот шешiмдерiнiң, немесе арнайы комиссиялардың шешiмдерiнiң), немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда әскери қызмет кезеңi туралы мәлiметтерi бар әскери билеттiң немесе анықтаманың көшiрмесiн;

      мүгедектер - мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;

      бала жасынан мүгедектiң ата-аналарының бiрi - мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;

      оралмандар - көші-қон жөніндегі жергілікті атқарушы орган берген оралман куәлігінің көшірмесі;

      кәмелетке толмағандар - туу туралы көлiгiнiң көшiрмесiн ұсыну керек.

      Бөлек тең авторлықпен шығарылған туындыларға авторлық құқықтар туралы мәліметтер тең авторлардың кез келгені оны өзінің өтінішінде көрсеткен жағдайда Тізілімге бөлек енгізілуі мүмкін.

      Тізілімдегі мәліметтерге өзгерістер енгізу үшін:

      осы cтандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш.";

      11-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, № 3Б ғимараты-мекенжайы бойынша, байланыс телефоны: 8 (7172) 62-15-15, 8 (7172) 62-16-01 немесе уәкілетті органның басшысының атына беріледі.";

      мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін беретін өтініштің нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;

      мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын құжаттар тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес стандарттың 1-қосымшасымен толықтырылсын;

      стандартқа қосымша осы бұйрықтың 4-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін және Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
12 шілдедегі 2019 жылғы
№ 391 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2009 жылғы 27 тамыздағы
№ 115 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
27 тамыздағы 2019 жылғы
№ 115 бұйрығына
1-қосымша
Нысаны
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
____________________________
басшының аты-жөні, тегі (бар
болғанда)(бұдан әрі А.Ж.Т.)
____________________________
(ұйым атауы, қ
ызметі,басшы
А.Ж.Т.)
Реквизиттері: ________
________
(заңды мекен-жайы, байланыс

телефоны)

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініш

      Бірлестік мүшелерінің атынан "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабының тәртібімен аккредиттеуді сұраймын

      ________________________________________________________________________________

      (ұйым орналасқан мекен жайы)

      орналасқан, тіркеу нөмірі _________________________________________________________

      (заңды тұлғаның тіркелу нөмірі)

      БСН:

      ________________________________________________________________________________

      (ол бар болған жағдайда)(бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      (мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның толық атауы)

      ұжымдық басқарудың келесі саласында _____________________________________________

      ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 43-бабының 3 тармағына сәйкес)

      Өтінішке қосымша келесі құжаттар тіркеледі:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
12 шілдедегі 2019 жылғы
№ 391 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2009 жылғы 27 тамыздағы
№ 115 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
27 тамыздағы 2019 жылғы
№ 115 бұйрығына
2-қосымша

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын құжаттар Тізбесі

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) аккредиттеуден өту туралы жалпы жиналыс шешімінің электрондық көшірмесі;

      3) ұйымның ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын шетелдiк ұйымдармен жасасқан екiжақты және көпжақты келiсiмдерiнің электрондық көшірмесі;

      4) жалпы жиналыстың сыйақы мөлшеріне қатысты шешімінің электрондық көшірмесі;

      5) жалпы жиналыстың пайдаланушылармен лицензиялық шарт жасасу талаптарына қатысты шешімінің электрондық көшірмесі;

      6) жалпы жиналыстың жиналған сыйақыны бөлу және төлеу тәсіліне қатысты шешімінің электрондық көшірмесі;

      7) авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілері құқық иеленушілерінің көрсетілетін қызметті алушыға қатысты пікірлерінің электрондық көшірмесі;

      8) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын құжаттардың тізбесіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынатын мәліметтер.

  Мүліктік құқықтарды
ұжымдық негізде басқаратын
ұйым аккредиттеуден өту
үшін ұсынатын
құжаттар тізбесіне
қосымша
  нысан

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын мәліметтер

      1) Авторлық құқықтарды және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару үшін жасасқан

      әрекет күші бар келісімдер саны ____________________________________________________;

      2) Авторлық құқық және сабақтас құқық объектілерінің пайдаланушылармен жасасқан

      әрекет күші бар келісімдер саны ____________________________________________________;

      3) Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым мүшелерінің тізімі

      _______________________________________________________________________________;

      4) Құқық иелері мен пайдаланушылар үшін Қазақстанның қажет аймақтарында мұндай

      ұйымның атынан уәкілеттігі бар тұлғалар туралы мәліметтер ___________________________;

      5) Интернет-ресурсы бар туралы мәліметтер ____________________________________;

      6) Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы мүліктік құқықтарды

      ұжымдық негізде басқаратын ұйымның соңғы екі жылдағы қызметін тексеру туралы

      мәліметтер______________________________________________________________________;

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
12 шілдедегі 2019 жылғы
№ 391 бұйрығына
3-қосымша
  "Мүліктік құқықтарды
ұжымдық негізде басқаратын
ұйымдарды аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысаны
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
____________________________
басшының аты-жөні, тегі (бар
болғанда) (бұдан әрі А.Ж.Т.)
____________________________
(ұйым атауы, қызметі,басшы
А.Ж.Т.)
Реквизиттері: ________________
(заңды мекен-жайы, байланыс
телефоны)

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымаккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініш

      Бірлестік мүшелерінің атынан "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабының тәртібімен аккредиттеуді сұраймын

      ________________________________________________________________________________

      (ұйым орналасқан мекен жайы)

      орналасқан, тіркеу нөмірі __________________________________________________________

      (заңды тұлғаның тіркелу нөмірі)

      БСН:

      ________________________________________________________________________________

      (ол бар болған жағдайда) (бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      (мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның толық атауы)

      ұжымдық басқарудың келесі саласында ______________________________________________

      ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 43-бабының 3 тармағына сәйкес)

      Өтінішке қосымша келесі құжаттар тіркеледі:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
12 шілдедегі 2019 жылғы
№ 391 бұйрығына
4-қосымша
  "Мүліктік құқықтарды
ұжымдық негізде басқаратын
ұйымдарды аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Мәліметтер нысаны

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын мәліметтер

      1) Авторлық құқықтарды және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару үшін жасасқан

      әрекет күші бар келісімдер саны ____________________________________________________;

      2) Авторлық құқық және сабақтас құқық объектілерінің пайдаланушылармен жасасқан

      әрекет күші бар келісімдер саны ____________________________________________________;

      3) Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым мүшелерінің тізімі

      _______________________________________________________________________________;

      4) Құқық иелері мен пайдаланушылар үшін Қазақстанның қажет аймақтарында мұндай

      ұйымның атынан уәкілеттігі бар тұлғалар туралы мәліметтер ___________________________;

      5) Интернет-ресурсы бар туралы мәліметтер ____________________________________;

      6) Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы мүліктік құқықтарды

      ұжымдық негізде басқаратын ұйымның соңғы екі жылдағы қызметін тексеру туралы

      мәліметтер______________________________________________________________________;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады